Алматы


Кеше кездестік. Блог туралы сұхбаттасттық. Ауа райы мен интернет бағасының құбылуына қарамастан Интернеттің қазақ тілді бөлігіне алаңдайтын жандардың бірі екені анық көрінді.

Қызық… Осыдан санаулы ай бұрын тек блогын ғана оқып: “Қандай адам, тілі неткен әдемі”, - деп отырушы едім. Енді міне қарсы алдымда отыр. Алматыдағы қым-қуыт шаруаларының арасынан бірер сағатын менімен кездесуге арнапты. Респект!

Адамдармен кездесуге барғанда мына тақырыпта сөйлесемін, мынаны сұраймын деп нақтылап алатының болады да, дәл сол кісімен кездескенде басқа тақырыпта әңгімелесіп, әлгі сұрағың тасада қалатыны болады. Сондай бір сұрағымды сұрай алмай қалдым деп, жолда ойланып келдім. Кәсіби аудармашы ретінде “Блогшы” дегеніміз жөн бе, әлде “блоггер” ме? Біріміз блогшы, енді біріміз блоггер деп жүрміз.

Биылғы көктемнің ішіне бүккен сыры көп деп айтпап па едім. Кеше сондай бір тосын сыйлыққа ие болдым. Айтсам ешкім сенбейтін шығар.

“Дастархан” блогын жүргізетін Ақбантик есімді блогшы өз қолымен кешкі сағат 20.00-21.00 арасында Алматыдағы Жібек жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында маған кореяның фирменный футболкасын сыйлады. “Ол дегенің Жанарбектің келіншегі емес пе?” дейтін шығарсың. Дәл солай. Жанарбек, Бақытнұр, Ақбану үшеуі Дүйсенбі күні Кореядан Алматыға келді. Бүгін Кеше бірнеше қазақ блогшылар солармен кездесіп, дидарластық. Әлһамдулиллаһ! Мәссағандасатын да күн бар екен.

(more…)

Біздің үйдің Азаматы кеше Шарын шатқалына университеттегі достарымен барып келген еді. Фотоаппаратымды құшақтап кеткен. Бірді-екілі суреттерін жариялап отырмын. Шарын шатқалдарын тамашалайтын кез келген тәрізді. (more…)

өрімталӘлгінде Достықтың бойымен төмен түсіп бара жатыр едім. Әдемі бір ән құлаққа естілді. Сөйтсем, Республика сарайы алдында мына бүлдіршіндер іс-шараға дайындалып жатыр екен. Сондай-ақ бүгін Нұргүлдің сіңілісі – Мир, емтихан тапсырады. Сол сүренбей өтсін деп жариялап отырмын. Сынақ тапсырғалы жатқандардың бәріне де сәттілік тілеймін. Мына бүлдіршіндер де көпшіліктің алдында өнер көрсетуге дайындалып жатыр. Сүрінбей өтіңдер, балақайлар! (more…)

Ол бар ғой мені әдейі ызаландырғысы келді деп ойладым. Сүйріктей қара телефонындағы даңғырлақ рок музыкасымен автобустың берекесін шошытты. Өзі болса, бір сәрі. Қасында құрбысы бар. Музыканы бар салонға айғайлатып қойып, екеуара жырқ-жырқ күлкі. “Мейрамдары ғой. Сәл сабыр сақтайын” деймін ішімнен. Арамызды бір адам ғана бөліп тұр. Ол жігітте де сотка бар екен. Блутуз арқылы бірдеңелерді көшіре отырып, танысудың амалын да тапты. “Құдай-ау, енді музыкасын сөндіретін шығар” деймін. Болар емес. Ішімде әлдене түртпектеп, отырғызар емес. “Осы қыздар ақырын қойса немесе наушникпен тыңдаса қайтар еді” деген ойдан басым жарылардай болып отыр. Терезе сыртынан тыныштық іздедім. Жаңбыр тамшылары соңынан із тастап, баяу ғана төменге сырғанап барады. Ақшам намазының уақыты таяп келеді. Автобус іші адамға тола бастады. Әлгілер телефондарымен алмасып, келесі бір даңғырлақ әуендерін қойды. Телефонының динамикасы мықты екен, күбір-сыбырдың бәрін басып кетті. Қысылып, қымтырылып жолаушылар әзер тұр. Әлгінде ғана орын тауып үлгерген апаның басындағы әдемі ақ орамалға көзім түсе кетті. Анығырақ қараған сайын аппақ емес, сарғыштау екенін аңғардым. Жаулықтан жаралғандар міз бақпайды. (more…)

Суреттегі мына қыз-жігіттер дәл қазір Саған қарап тұр. Кеше ғана олар маған қарап отырған еді :)

Ортада фотоаппарат ұстап отырған Әділбек есімді “Ана тілі” газеті тілшісінің шақыртуымен және Қарлыға деген апайларының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде болып, “Қазақ тілінде блог бастау” туралы семинар өткіздім. Бір байқағаным университеттерде студенттердің тегін қолданысына берілген компьютерлердің интернеттің (ескерту жасаған Маратханға рахмет) жылдамдығы өте баяу. Уордпрестен блог ашуға мүмкіндік бермейді. Тек бір студент қана блог ашты. Тағы 5-6 блогспоттан ашты. Жалпы университтердегі интернеттің сапасына көңіл бөлетін уақыт жекен тәрізді.

(more…)

 Бүгін э-поштама мынадай мазмұндағы хат келді:  2008 жылғы 8 наурызда машина жүргізушілер үшін нөмірі бірінші дайындық жариялаймыз! Алматы қаласының орталық көше қиылыстарында абай болыңыздар: 

1. Тимирязев даңғылы - Әуезов көшесінің қиылысы 

2. Фурманов даңғылы - Абай даңғылының қиылысы 

3. Абылай хан даңғылы – Төле Би даңғылының қиылысы 

4. Абай даңғылы - Байтұрсынов көшесінің қиылысы

Жолға Beeline жасақшылары шығады!  8 наурызда сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін Алматы қалалық Ішкі Істер департаментінің қолдауымен «Ұшқыр қауіпсіздік немесе барлық әйелдерді 8 наурызбен құттықтаймыз!» атты мерекелік Акция өткізіледі  

Өздеріңіздің сүйікті жандарыңыз бен жақындарыңызды бізбен бірге Әйелдер Күнімен құттықтаңыз!

Пы.Сы. Мерекелеріңізбен, ханымдар!!! :)

Сіз бақытты жансыз! Алматы Аршатты күтіп алғанын естіп қана қоймай, Аршаттың қасында отырып, блогшылардың бүгінгі кездесуінің куәсі болған жанның блогын оқып отырсыз.

Блогшылар құрылтайы

Білгенімізбен бөлісу үшін бүгін Алматыдағы “Қорқыт Ата” кафесінде бас қостық. Екі сағаттық кездесуде қазақ тілінде интернетті дамыту, блогты жүргізудегі техникалық мәселелерді шешу жолдары, ортақ жобаларды іске асыру жайы сөз болды. Ең бастысы бір-біріміздің жүзімізді көріп, шынайы күлкімізді ести алдық. Шыны керек, смайликтерден гөрі күнделікті пікір айтып жүрген оқырманның жылы сөзін жақыннан естіп, пікірлесудің жөні бір бөлек екен.Бір-бірімізді көптен білетін жандардай тез араласып кеттік. Ұнағаны ешбір қысылып, қымтырылу болмады. Көкейдегі мәселелер, іштегі ойлар ортаға салынды. Жеке өз басым мына жайттарға тоқталғым келеді. (more…)

Соңғы жылдары Алматыда жер сілкінісі жиілеп кетті. Өткен түндегі жер сілкінісі өте қатты болды. Түн ішінде оянып кеттім. Кәлимамды айтып, өз-өзіме әзер келдім. Бұрынғы сілкіністерден бұлай қатты үрейленбеген едім…

Достарым ұйықтап жатыр екен. Жалғыз мен ояныппын. «Оятсам ба, оятпасам ба деген ой сау ете қалды. Содан: “Бәрібір қашып үлгермеспіз. Мерт болсақ, ұйқы үстінде болғаны дұрысырақ болар ма…” деген тәрізді ойлар бірінен соң бірі келіп жатты. Мұндай сәттерде адам шапшаң ойлап, көп нәрсенің басын қайырып үлгеретіні бар ғой.

Бұл апаттан ешкім де сақтанбаған. Аллаһтың өзі ұйқыда жатқан иманды түртіп оятып жатыр ма екен деп ойлап қаламын кейде…

Күні кеше тағы да жер сілкінісі болды. Қырғызстан, Өзбекстан және Ферғана шатқалындағы шекарада болған жер дүмпуін Шымкенттіктер сезбей қалғанын жазуда:

Жаңа жылдың бірінші күнінде Шымкентте 2-3 балдық жер сілкінісі байқалды.

“Екі балдық жер сілкінісі 00.27сағатта, ал екінші 3 балдық жер дүмпүі 14.00 тіркелді”, “… адамдар тіпті оны сезбей қалған”

.

img_1488-custom.jpgКешелі бері Алматыда аяз. Шыңылтыр аяз бетті шымшиды. Кейбір жеке көліктер жүрмегендіктен, әрі күннің суығынан қоғамдық көліктер адамдарға лық толы.

Көктөбеде соңғы рет жазда барғанда билет алу үшін 1 сағат кезекте тұрған едім. Екі күн бұрын барып едім, адам өте аз екен. Көктебеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Телебашняға дейін жол салуда. Шамасы туристер болашақта оның ішін де аралайтын шығар. Шанамен сырғанау қызметін іске қосыпты (кісі басына 1 мың теңге!). 1 қаңтардан бастап, “Медеу” мұз айдыныны жөндеу жұмыстары үшін жабылмақ. Алматылықтар: “Апта соңына дейін “Медеуге” барып үлгеріп қалсақ”, - деп жанталасып жүр. Бірақ мынандай аязды күні…

Next Page »