Archive for Желтоқсан, 2011
Желтоқсанның басында отбасымызбен Нью Йорк пен Денверге қыдырып барған едік. Бірді-екілі суреттермен бөлісіп отырмын.
“Асыл арна” сайты жаңарған екен. Мына бір шағын ғана фильмді көрдік. Өте жақсы түсірілген. Сценариі өмірде болған оқиға негізінде жазылған. http://www.asylarna.kz/realtimes/player.swf
Msg – message BRB – be right back thN – then
Сайт ашып, оған газеттегі немесе өзге жердегі мақаланы рұқсатсыз көшіріп жариялау - жаңа медиа емес. Жаңа медиа саласында жүріп ақша тапқысы келетін адам бірінші кезекте мультимедиаша ойлана алуы керек. Интернет қолданушыға қай ақпаратты қалай беру керектігін анық түсінгені жөн. Технологияны тұтыну ақпаратты қабылдауымызға өзгерістер әкелгенін ұғатын кез жетті.
Өзімше жаңалық ашып отырмын. twitter-де қазақша жазатын белсенді қолданушылардың контетіндегі сөздердің 38% латын қарпінде. Ең жиі қолданған сөз “е” түбірінен тарайтын “екен” етістігі. Зерттеуімді жалғастырып жатырмын. Persuasive Theory біраз жайттың бетін ашар деп ойлаймын. Айтпақшы, Google Translate-тен жақсы бір жаңалық жылт етті. Анығын білген соң хабарлай жатармын.








