Америка “албастылар мекені” деп ойлсаңыз…
Америка десе, көз алдыңызға семіз, бір қолында бургері бар, машинасының артқы орындығына итін отырғызған ұсқынсыз адамның келбеті келе қалса, бұл медианың санаңызға орнатқан кескіні деп ұғыңыз.
Шындығында Америкада денсаулық сақтау жүйесі ақылы болғандықтан олар денсаулықтарына өте қатты мән береді. Кейбір штаттарда өз салмағын көтере алмай жүргендер бар екені рас. Дегенмен Америка “албастылар мекен ететін ел” деген ойдан аулақ болған жөн.
Америкада да біз секілді екі аяқты адамдар бар. Олар да біз сияқты жылайды, күледі, жақсы көреді, ашуланады. Оларды да Аллаһ тағала біз тәрізді жаратқан. Сондықтан дамыған елден үркіп, дамушы елдердің жасап отырған әртүрлі стереотиптеріне алдана бермеңдер дегім келеді. Америка сөзсіз – қуатты ел. Сондықтан өзінің ішкі мәселелерін ашық талқылай береді. Кейбір елдер тәрізді іштен жасыруға тырыспайды.
Америкада да Қазақстандағыдай адамдар кездеседі. Қазақстандағыдай дегенімде Абай атамның “толық адам мен жартылай адамын” меңзеп отырмын.
Сөзсіз бұл жақта адамдардың қарым-қатынасы басқа. Себебі қоғамның алға қойып отырған құндылықтары өзге. Бірақ бұл адамдар сезім мен махаббаттан, мейірім мен қайырымнан, ашу мен ызадан ада деген сөз емес.
Видеоны көргеннен кейінгі ойларыңды білу қызық болып отыр









Қараша 24, 2011 at 11:26
Видео ашпай тұрғаны. youtub-те бар ма? сілтемесі болса.
Қараша 24, 2011 at 11:29
Уордпрес ашылып тұр ма? Елдегілер блогымды аша алмай жүрміз деген соң, жазбаларымды urimtal.kazjur.kz блогыма да жариялап едім.
Қараша 24, 2011 at 12:14
Күшті екен! Өзіңмен бірге саяхаттап қайтқандай болдым. Америкалықтар туралы ойым өзгерді. кккккк!!
Қараша 24, 2011 at 12:30
Ой, Рауашым-ай! Америкаға келсең ойың тағы өзгеретін шығар. Артық салмақтылар көрші штатта көп деп естідім
Қараша 24, 2011 at 17:03
Шөпті таптап бара жатқан кісіге тротуар не үшін екен
Асхат, универіңіз сұмдық екен
), маған ерекше ұнағаны кітап дүкені болды
Қараша 27, 2011 at 06:16
Бұл юнион деген студенттер үйі ғой. Кампус бұдан да үлкен. Әрбір ғимаратының өзіндік бір фишкасы бар.