Шетелдік студенттерге тақиям жетпей қалды
Универде сәрсенбі күні студенттер өз елдерін таныстырды. Біздің универде Қазақстаннан 4 студент бармыз. Қызылорданың пысық Жаннасы көрме үшін арнайы үстелге тапсырыс берген екен. Универде CASA (Central Asian Students Assosiation) деген ұйым құрғанбыз. Содан таңертең ту, тақия тағы басқа шағын заттарымды алып барсам, Жанна қамажай көйлегін киіп алып, күллі көрмені аузына қаратып жүр
Өзбекстандық Ахат пен Рақымжан қыз баланың шағын көйлегін алып келіпті. Сосын универде жүрген бір мұғалім тәжікстанның суреттерін әкеп берді. Ал Жанна болса, анасы беріп жіберген пряник пен “коровка” деген кәмпиттерді үстелге қойып қойыпты. Содан не керек бәрін бір-бірімен байланыстырып, көрмемімізді өткіздік.

Менің бұрынғы көршім Абдолла "Қазақстан туралы бұрын білмейтінмін. Енді білемін" деп жатыр. Аузына кәмпит!

Оюы нашар деп менсінбей жүрген тақиям жақсы экспонат болды. Келгендер киіп көріп, суретке түсіп мәз болғанын көрсең...
Шетелде оқитын барлық студенттерде осындай көрмелер ұйымдастырылатын болар. Бізде жылына бір рет өтеді екен. Біздің универдің тарихында Қазақстан алғаш рет өзін таныстырды. Ұйымдастырушыларға жағым талмай, әр оюдың тарихын түсіндіргенім ұнаса керек, жұма күні тағы да көрсетесіңдер деп жатыр. Жанна болса, “пряник пен кәмпиттеріміз бітіп қалды. Енді не істейміз” деп азар да безер болып жүр.
-
1
Pingback on Dec 27th, 2011, 00:51
[...] туралы жеке блогымдағы Шетелдік студенттерге тақиям жетпей қалдыЖаннамен сұхбат деген жазбамда жазған [...]
-
2
Pingback on Dec 27th, 2011, 00:54
[...] туралы жеке блогымдағы Шетелдік студенттерге тақиям жетпей қалдыЖаннамен сұхбат деген жазбамда жазған [...]












Қараша 18, 2011 at 15:32
Керемет. Мында, Қазақстанда отырып қатты қуанып отырмын. Елден екі елі аттап шықпаған соң, шетел туралы білетініміз шамалы ғой.))))))))) Ақпарат көп, интернет бар десең де, осындай көрменің арқасында көп нәрсе біліп қалатының рас.
Айтқандай, Жаннаның бауырсақ пісіріп апаруына болады ғой. Егер ондай мүмкіндік болса.
Қараша 19, 2011 at 16:06
Бүгін Жанна бауырсақ пісірмесе де сары майдай сақтап жүрген Рахат шиколадтарын алып келді. Өзі ауыз тиіп те үлгермеді. Келгендер бір-бірден ауыз тиіп жүргенде бітіп қалды
Қараша 19, 2011 at 00:22
Пысық жанна унады маған!
керемет! Енді қысылтын ештеңе жоқ бауырсақ пысырып жіберіңдер сосын қатырасыңдар.)))
Қараша 19, 2011 at 16:06
Бұйырса, бауырсақтар алдағы күннің еншісінде қалды.
Қараша 21, 2011 at 16:22
Қызылордалықтар пысық қо, тіл-көзім тасқа
Мен де қазақша көйлек алып келген едім, әлі сәті түспеді киюге, келер айда бір жоспар болып тұр, сонда кием ғо дим
)
Қараша 22, 2011 at 08:45
Қазақ қыздарының бүрмелі көйлектері кім-кімнің де болса, басын айналдыратын шығар
Сәукелеңіз де бар ма?
Қараша 24, 2011 at 16:27
Сәукеле жоқ, бірақ бас киім бар үкілі
Желтоқсан 5, 2011 at 19:02
Ой, күшті, ағай! Алдағы күндерде шет мемлекетте оқи қалсам анау Жанна құсап жүретінімді елестетемін. (анонимейзермен кіріп отырмын)
Желтоқсан 8, 2011 at 07:19
Тілектеспін, Роза! Америкаға болмаса да Жапонияға жіберетін шығар