Archive for Қараша, 2011
Төмендегі сілтемені бассаңыз тура біздің универдің ортасындағы алаңқайдан бірақ шығасыз. http://www.360cities.net/image/401k Prexy’s Pasture – UW campus in USA
Америка десе, көз алдыңызға семіз, бір қолында бургері бар, машинасының артқы орындығына итін отырғызған ұсқынсыз адамның келбеті келе қалса, бұл медианың санаңызға орнатқан кескіні деп ұғыңыз. Шындығында Америкада денсаулық сақтау жүйесі ақылы болғандықтан олар денсаулықтарына өте қатты мән береді. Кейбір штаттарда өз салмағын көтере алмай жүргендер бар екені рас. Дегенмен Америка “албастылар мекен ететін ел” [...]
Шет тілін үйрететін ең үздік 100 блог (2011 жыл). Блог білім алмасуға, білгенімізбен бөлісуге арналған тамаша – құрал. Мәселен, блог арқылы шет тілін үйренетіндер де көп. Соған орай тіл үйретуге арналған үздік блогтардың тізімі жасалыпты. http://en.bab.la/news/top-100-language-blogs-2010 Бірінші орында кәріс тілі тұр екен. Блогтары тамаша! Кәсіби мамандар жасаған Бір жазбасын оқып-ақ кәрісше амандасу мен рахметтің қалай [...]
Image by rwoan via Flickr Әлеуметтік медианың бір ұстанымы бар – өзгелерге пайдалы болу. Маған осы қағида ұнайды. Әлеуметтік медиа дегенім интернеттегі контент таратуға мүмкіндік беретін платформалар. Ол блогтұғырнамалар (kk.wordpress.com, on.kz, yvision.kz, kerekinfo.kz, kazjur.kz, qb.com т.с.с.), әлеуметтік желілер (Мой мир, Вконтакте, Facebook, twitter) немесе видео (youtube, kiwi.kz, vimeo.com) суреттерді таратуға арналған (flickr.com etc) желілер. Интернетте қазір ақпарат өте [...]
Бір жаман әдетім бар. Менің дүниетанымыма үйлеспейтін бір көрініс көрсем, жасыра алмаймын. “Мынау не сұмдық?!” деген эмоция жүзімде айғайлап тұрады. Әртүрлі мәдениеттің, ділдің, діннің адамдарымен араласатын болған соң, қанша жерден жасыруға тырысып, ешкімді де аламайын десем де, қазақтардың ортасында жүргенде амалым құриды. Өзі кампуста үркердей ғана төрт-бес қазақ студент бармыз. Менен басқасының барлығы бір-бір үйдің [...]
Универде сәрсенбі күні студенттер өз елдерін таныстырды. Біздің универде Қазақстаннан 4 студент бармыз. Қызылорданың пысық Жаннасы көрме үшін арнайы үстелге тапсырыс берген екен. Универде CASA (Central Asian Students Assosiation) деген ұйым құрғанбыз. Содан таңертең ту, тақия тағы басқа шағын заттарымды алып барсам, Жанна қамажай көйлегін киіп алып, күллі көрмені аузына қаратып жүр Өзбекстандық Ахат пен [...]
Қара суық. Жел гулеп тұр біздің ауылда. Нені ойласам да, шеті Тараздағы лаңкестікке барып тіреледі. Бүліктің есігімізден сығалап тұрғаны жаман. Бұл бір сынақ болды. Бір саясаткердің тәуелсіздіктің 20 жылынан кейінгі 10 жылдың өз салмағы болады дегені еске түседі. Ойлап отырсам, менің қатарымдағылар осы 10 жылдықтың ішінде екенбіз.
Көптен жазбай кеттім. Басында Қазақстанда ашылмаса, адамдар оқымайды ғой деген пендеуи ой болған. Бірақ блогымдағы жазбаларға поштасы арқылы жазылған 77 оқырманым есіме түсіп, ұяламын. Кешірім сұрағым келеді! Жазбаларымды үнемі оқып отыратын, 77 оқырманым! Осы жазбаны өзіңе арнағым келеді! Мен сені танымаймын. Бірақ блогымды оқу арқылы мені жақсы танып алған боларсың. Мерекемен құттықтап қояын! Құрбан айтың [...]








