Кибернетика және Ортеке
“Ортеке” күйін кішкентай кезде көргенмін. Содан санамда жақсы сақталып қалған. Басқа күйлерден ерекшелігі күйді орындағанда домбыраның қағысымен бірге Ортеке секеңдеп шабады. Алматыда жыл сайын “Ортеке” фестивлінің де өтіп тұратыны жақсы дәстүр екен.
Универдегі сабақтарымызда теорияларды талдаймыз. Сондай теорияның бірі – Кибернетика жайлы презентация жасауым керек болды. Кибернетика теориясының негізі “feedback” яғни кері жауап қайтаруда жатыр. Механика заңдылығы да осыған сүйенеді ғой деймін. Бірақ біз коммуникацияда бұны басқа қырынан ашуға тырыстық.
“Ортеке” күйінде осы кибернетика теориясы анық көрінеді екен. Яғни күй орындаушының әрекетіне “Ортеке” жауап беріп отырады. Біреуге қарапайым болып көрінуі мүмкін, бірақ теориялық тұрғыдан сараптайтын болсақ осының өзі үлкен жаңалықтарға арқау бола алады. Сосын осы презентацияны дайындап жүргенде Al Jazeera-дан жапондардың karakuri деген ойыншықтарын көрсеткен. Ол да осы теорияға сай екен. Содан Жаннаның көмегімен сол каракуридің де видеосын тауып, оны қостым.
Мынау сол сабаққа арнап жасаған презентациям.
Осы аптада профессорымыз презентациялар бойынша ұпайларымызды айтты. Ағылшын тілінде әрі ғылыми болған соң ұпайым не болар екен деп ойланып едім. Себебі мен теорияны таныстырумен қатар америкалықтарда жоқ ұлттық өнерді де таныстыруды мақсат тұтқанмын. Ең жоғарғы ұпайлардың бірін иеленіппін. Жеке өзіме осы теория барысындағы ізденістеріммен кибернетика есімде қалатын болды.









Қазан 22, 2011 at 21:57
презененіңді аса түсінбесем де, ана месседж супер екен:)))
Қазан 22, 2011 at 22:50
соны өзім түсінгеніме таң қалып отырмын
Каракури үшін көп рахмет
Қазан 23, 2011 at 00:56
Slide 15 – fotodagy menin’ akem.
Қазан 23, 2011 at 12:45
Оһо!!! Әлия, бұл бір қызық жаңалық болды ғой мен үшін
Әкеңіздің асқан өнер иесі екені мәлім. Қуаныштымын! Сіз де “Ортекені” ойнай аласыз ба?