13.QB. Тамызда тіркелген қазақша блогтар
Шілде айында жаңадан 8 блог тіркелсе, тамызда 10 11 блог тіркеліпті. Блог бастасам деген қызығушылықтың бәсеңдемегенін байқап отырмыз. Төмендегі блогтардың ішінде жаңармағандары бар. Себебі әртүрлі болуы мүмкін. Бірі блогқа қалай, не жазарын білмесе, кейбіреулері блогтарына қалай кіретінін ұмытып қалған болуы да мүмкін. Бүгін уордпрестегі қазақша блогтар қазақ тіліне қалай әсер еткенін білмек болып, шағын зерттеу жасап көріп едім. Нәтижесі қызық болып шықты. Алдағы апталарда жазба арнамақ ойым бар. Ал әзірге жаңадан қосылған блогшыларға “Блогстанға қош келдіңіз!” демекпін!
- http://marataga.wordpress.com/ (04.08.2011 ) ”Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз” дей келе автор “Алаш жастары” атты блогқа ұлт, тілге қатысты өлеңдерді жариялапты.
- http://3wtoshkakz.wordpress.com/ (09.08.2011) жаңаланбаған
- http://ermuhamet.wordpress.com/ (11.08.2011 ) жаңаланбаған
- http://altyalash.wordpress.com (12.08.2011 ) “Серіктің блогының” авторы Серік Құдайбергенұлы болар деп шамаладым. Блогта әзірге Серік Құдайбергенұлының Балғынбек Имшевпен жасаған сұхбаты жарық көрген.
- http://applyforbadcreditcard669.wordpress.com/ (13.08.2011 ) СПАМ БЛОГ: Қазақ тілін таңдап блог тіркегендегі мақсаттары кредит тақырыбымен оқырманды арбау болғанға ұқсайды.
- http://akparak.wordpress.com (15.08.2011) “Ақнұрдың ақ парағы блогы” ашыла салысымен рухани жазбаларға толыса кетті. Тамыз айындағы ең белсенді блог десем артық айтпаспын. Ақ үйдің иесімен танысамын десеңіз, блогына бас сұғыңыз!
- http://karlugash.wordpress.com (16.08.2011) “Қыр қызғалдағының блогында” ашылғалы бері “барлық қолданушыларға арналған” деген сөзден басқа жазбы жарық көрмепті.
- http://argynberik.wordpress.com/ (23.08.2011) Өзі жайлы: “ Алдымен қазақпын. Журналистика саласында жүргеніме екі жыл болды. Аздап өлең шығарып, ақ парақты сиялаймын. Оралхан Бөкей мен Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалары жаныма жақын. Солай…” деп таныстырған автор – Берік Сұлтанов екен.
- http://abaikaz.wordpress.com/ (24.08.2011) AbaiKAZ блог ашқан қуанышымен бөліскен. Әзірге одан басқа жазба жарық көрмеген.
- http://oskemen.wordpress.com/ (26.08.2011 ) Блогты тіркегендегі таңдаған атына қарап, Өскемен қаласынан деп топшылауға болады. Бірақ өзі жайлы мәлімет қалдырмаған.
- http://beibitov.wordpress.com/ (27.08.2011 ) Қызылорда облысында дүниеге келген Бейбітов Нұрлан Ғазизбекұлының “Дін ислам – діңгегім” деген блогы. Әзірге еш жазба жарияланбаған.
Related articles
- 12. QB. Шілденің кезінде… (urimtal.wordpress.com)










Қыркүйек 16, 2011 at 16:59
Мына жазуды жаңылмасам сымбат жазды /өскемендік тілші/. 3/1 деген ол сурет түсіруге қатысты. Суретке түсіргенде алдын ала кадрды тоғыз бөлікке бөліп, түсіретін адам сол бөліктердің қиылысқан жерінде тұрса сурет сәтті шықпақ. Осыны мен жадымда тұттым.
Қыркүйек 16, 2011 at 23:42
Шынымен де Сымбат болар. Тренингте бір кеңесіміз болса да есте қалғанына қуанып отырмын, Бек!
Қыркүйек 17, 2011 at 21:38
http://akhyn.wordpress.com/
Қыркүйек 19, 2011 at 22:29
Менің блогым тізімге енбепті…
Қыркүйек 20, 2011 at 00:07
Шынымен де, блогыңыздың тамызда тіркелгенін аңдамай қалыппын. Кешірім сұраймын. Қазір қосып қоямын. Дер кезінде ескерткеніңізге көп рахмет!!! Блогыңыздың тұрақты оқырмандарыңыздың бірімін
Қыркүйек 20, 2011 at 09:18
МашАллаһ, қуаныыып қалдым, бір пікіріңізде ұмыт қалдырсам ескертіп қойыңыздар дегесін жазған болатынмын. Рахмет сізге, АРБ!
Қыркүйек 20, 2011 at 10:42
Сізге де!
Қыркүйек 28, 2011 at 12:35
http://7keremet.wordpress.com/ менің жаңа блогым)))))