Archive for Қыркүйек, 2011
Жексенбіде ислам дінін қабылдаған неміс қызы Анка қонаққа шақырған. Қашқарлық Тұрсын, америкалық Пол, непалдық Америто бәріміз жиналып қалдық. Тұрсын қамырды алдын ала дайындап келген екен. Бірінші Маш көже жасадық. Америто Момо жасаймын деген екен. Бірақ оның жасайтын тамағы мантығы ұқсас болған соң ”манты” жасадық. Бірақ непалдықтар тура осы тамақты момо дейді екен. Непал туралы көп білмейтін болып шықтым. Ол да Қазақстан [...]
Image via Wikipedia Інім компьютер ойындарын сағаттап ойнайды. Көк шөптің арасын тінтіп жүріп бір сақиналарын санайтын ойыны бар, сосын көлікке мініп алып, қала ішінде жол бойындағы жазықсыз жүргіншілерді аяусыз қағып кететін ойын бар. Сосын әлгі бір бұзылған үйдің бөлмелерін аралап, атысатын тағы бір ойыны бар еді. Менің есіме түсіп отырғандары осылар…. Өзім кезінде Супер Марионы жақсы ойнайтынмын. Бірақ [...]
Жаңа медианың тынысын түсініп, қазақ тілінде сауатты ақпарат тарататын журналистер көбейіп келе жатқаны қуантады. “Матрицада” бұған дейін қазақша сюжеттер орысшасына аударылып берілетін. Енді Назгүл Қожабекова қазақша сюжеттер әзірлеп жүр. Блог құрылтай өткізгенде де ресми де бейресми кездесулерге қатысып, бірнеше сюжеттер әзірлеген еді.
Шілде айында жаңадан 8 блог тіркелсе, тамызда 10 11 блог тіркеліпті. Блог бастасам деген қызығушылықтың бәсеңдемегенін байқап отырмыз. Төмендегі блогтардың ішінде жаңармағандары бар. Себебі әртүрлі болуы мүмкін. Бірі блогқа қалай, не жазарын білмесе, кейбіреулері блогтарына қалай кіретінін ұмытып қалған болуы да мүмкін. Бүгін уордпрестегі қазақша блогтар қазақ тіліне қалай әсер еткенін білмек болып, шағын зерттеу [...]
Image via Wikipedia Америкадағы сабақтарымның дені ой-пікір алмасу түрінде өтеді. Өзгенің пікірін тыңдап, өзіңнің ойларыңа іштей сүңгіп отырғанда кейде бір үзік-үзік сөйлемдер санамнан суырылып шығып жатады. Біреуге мағынасыз көрінуі мүмкін десе де кейбіреулерімен бөлісіп отырмын. Аватар да текст. Фейсбуктағы авасына қарап-ақ адамды түсінуге болады.
Енді асықпай, төмендегі хабарды мұқият оқып алыңыз. Негізі өтірік айтып тұрғаным жоқ. Алматылық блогшылардың бас қосуына керемет бір себеп болып тұр. Бүгін сағат 16-00-де Алматыда АҚШ елшілігі журналистер мен блоггерге арнап екі деректі фильмнің тұсаукесерін өткізеді. Бұл фильмдер -келесі аптада басталатын Еуразия кинофестивалінде көрсетуге ұсынылған таңдаулы туындылар екен. 1. «Камера ұстаған балалар» деген деректі фильм [...]
Алдыңғы жазбаны оқып, дауыс бергеніңе көп рахмет (21 оқырманның 17-і “иә” деп жауап берген екен). Төмендегі хабарландыруда Бішкектегі OSCE Академиясында магистратураға түсуге қатысты мәліметтер берілген. Осы академияны бітірген көптеген таныстарым қазір Қазақстанның халықаралық ұйымдарында қызмет етіп жүр. Орталық Азиядағы ең жақсы оқу орындарының бірі деп білгендіктен ұсынып отырмын. Қызығушылық білдіргендерің бар болса, қатысып көріңдер. Тек [...]
Поштама журналистерге арналған семинар, тренингтерге қатысты хаттар келіп тұратындықтан олардың кейбірін блогыма жариялап едім. Алайда, бұл жазбалар оқырмандарыма қаншалықты пайдалы екенін сұрамаппын. Сонымен пікірлеріңізді білгім келеді.
Image via Wikipedia Бурабайда тағы бір тренинг өткелі жатыр. Астанадағы журналистерге тамаша мүмкіндік! Орысша екенін деп үрікпей қатысуға кеңес беремін. Жол шығынын, тұратын жерді өздері көтереді. Халықаралық журналистика тақырыбына қалам тербеп жүргендерге осындай Халықаралық Ұйымдардың шараларына қатысқандары өздеріне жақсы. Ең болмаса, жақсы контактілер болады. Іске сәт! UNDP Алматыдағы өкілдіктерін білетін едім. Қосымша сұрақтарыңыз болса, хабар [...]
Тағы бір тренинг жайлы ақпарат келіп түсті поштама. Ұйымдастырушыларды жақыннан білетін болғандықтан, әрі тренер Тарас Шевченконың курсына қатысқандықтан олардың тренингтері пайдалы болады деп үміттенемін. Тренинг орыс тілінде өтетініне қарамай қатысып, пайдалы ақпараттарға қанығуға болады. Тренинги для журналистов в Астане и Алматы ОФ «Правовой медиа-центр» при поддержке Центра ОБСЕ в Астане приглашает журналистов на тренинги в [...]








