Archive for Тамыз, 2011

Орталық Азиядан қатысқысы келетіндерге үш стипендия бар екен. Қатысушының блогы болуы керек немесе журналист болып қызмет етуі керек екен. Менің тарапымнан көмек керек болса, айтарсыңдар! Мүмкіндікті жіберіп алмаңдар! Transitions (TOL) is seeking scholarship applications for the Digital Journalism course in Prague dated October 9 – 14, 2011. This course, designed for journalists and editors, will [...]

Бүгін мешітте Айт намазынан соң Қашқариядан келген Тұрсынжанмен таныстым. Кешке үйіне шақырған еді. Содан келгенім жаңа. Қанша ұйғырлармен аралассам да осы бір тіркесті естімеппін. Әйелі еліне қайтқалы тамақты да өзі әзірлейді. Үрімжіде оқығанда бір жыл бойы қазақ отбасында тұрыпты. Қазақшасы тәуір. Мен келеді деп дапанджи пісіріп, хворост, шелпек әзірлепті. Осылайша Лармиде де айттап жүрміз.

Америкадағы дауыл туралы естіп, хабарласып жатқандар бар. Жағдайымды біліп, хабарласып жатқандарыңа көп рахмет! Біздер аман-есенбіз. Мен тұратын қала Американың Солтүстік Батысында болғандықтан біз жаққа ол дауылдың лебі де жеткен жоқ. Нью-Йорк жақтағы қазақтармен хабарласып едім. Тыныш. “Біз ойлағаннан гөрі әсері әлсіз болды” деп қуанып жатыр. Ниеттеріңізге рахмет.

Жұма намаздан кейін мынадай қағаз таратты. Келе жатқан Ораза Айт мейрамының бағдарламасы. Баласы барларға: “Бұл күні балаларың мектепке бармаса да болады. Мектеп әкімшілігіне мейрам екенін түсіндірсеңдер жеткілікті. Біз жыл сайын осылай істейміз. Олар бұны біледі” дейді. Аудармасы:

Рамазан айын берекелі өткізудің жолына қатысты құнды кеңестерді productiveramadan.com деген сайттан оқып отырамын. Соның ішінде мына бір сұрақ өзіме ерекше ұнады. 1. Биылғы Рамазандағы Аллаһ разылығы үшін атқарған ең үлкен құлшылығың қайсы?

Оманнан келген Абдолла екеуміз шаштараз іздеп жүрміз. Сенбі күні Ларами тым-тырыс. Кісі тұрмайтын қала сияқты. Күн шақырайып тұр. Екеуміздің де ерніміз кеберсіп кеткен. Шөлдесек те сыр бермейміз. Оразаның қарыз күндерін көбейткіміз келмейді.

“Рамазанның аяқталуына да санаулы күндер қалды ғой” деп кеше бір заттар алу үшін жергілікті дүкенге кірсем, алақандай хабарландыру іліп қойыпты. Қазақшаласақ былай болмақ. “Назар аударыңыз! Ұрлауға болмайды. Құдай және камераларымыз қарап тұр. Рахмет”. Пысы. Астананың кей ғимараттарына да осы тектес ескертуді іліп қояр ма еді…

Бүгін Ларами қаласындағы мешіттің жұма намазына қатыстым. Хұтбада туралықтан ауытқымау, ата-ананы сыйлау жайлы айтылды. Имамның ағылшынша уағызы түсінікке жеңіл, әрі өте ойлы болды. Төмендегі видеода Рамазан айын берекелі өткізудің жолы айтылады. Оразаның аяқталуына да санаулы күндер қалды. Мүбәрәк айдағы құлшылық-ғибадаттарыңыз қабыл болсын! Садақа беруді ұмытып кетпеңіз!

Өткенде осындағы бір америкалық үйіне қонаққа шақырды. Әйелі көрші Колорадаға кетіпті. Үйінде Клэр және Грейс деген екі сүйкімді қызы бар.

hello! i am girl from kazakhstan my name is ARAILYM!MY native language is kazakh but i am good speak english)my idol Miley CYRUS!— Araika (@Araika1) August 14, 2011 Сәлем! Қазақстанның Арайлым деген қызымын. Ана тілім қазақ тілі болса да ағылшынша керемет сөйлеймін. Мен Miley CIRUS-ты пір тұтамын.





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers