Archive for Шілде, 2011
Өткенде ғана 4040 деген нөмірге хабарлама жолдау арқылы twitter аңдатпасын қадағалауға болатынын айтып едім. Бүгін Active байланысы қасиетті Рамазан айының құрметіне 4010 атты нөмірді іске қосыпты. Аталған нөмірге қалаңыздың атын жіберу арқылы Рамазан айының ораза, намаз кестесін біліп отыруға болады екен. Жаңа жазылып едім. Мынадай жауап келді. Үтір-нүктесіне дейін өзгеріссіз беріп отырмын: Сіз Касиетті рамазан [...]
Маусым айында kk.wordpress.com блогтұғыры құрсауланғанымен ай басында жаңадан блогтар тіркелген еді. Соларды таныстырғалы отырмын. 01.06.2011 http://armankala.wordpress.com/ Әркімге өз қаласы ыстық екені сөзсіз. Басында блог атауын көріп, Астанаға арналған болар деп ойлағанмын. Сөйтсем: “блог Маңғыстау өлкесіне, Ақтау қаласына арналған. Мұнда осы мекендегі жаңалықтарды барынша қамтуға тырысамын” депті блог авторы.
Twitter-де ойларын, ақпарат, пікір т.с.с. қазақша жазатындар саны күн сайын артып келеді. Осыдан санаулы ай бұрын twitter қазақстандық мобильді телефон иелері үшін арнайы sms twitter жүйесін іске қосты. Тіркелу оңай. 1. 4040 деген нөмірге START деп жазып жібересіз. Әрі қарай логинді сосын құпия сөзді енгізесіз де, бәрі жақсы деп хабарлайсыз. 2. Егер телефоныңызға әлдекімнің twitter [...]
TED-тің сюжеттерін ағылшыншасында қарайтынмын. Ал мына бір сюжетте қазақ тіліндегі субтитрлары бар екен. Тамаша!








