Түсінгісі келмейтін қоғамнан түсінік іздеп әуреге түсудің де кейде қажеті жоқ
Төмендегі ойларым ешкімге қатысты емес. Кейде осылай ойларымды ақтарып салатыным бар.
- Астанадағы Турист (қазіргі “Абай”) деген қонақ үйге 10-сыныпта оқып жүргенде тоқтағанбыз. Ол кезде Астана енді салынып жатқан. Елбасымен болатын кездесуге қатысушыларды ең тәуірі осы деп осы қонақ үйге орналастырған еді. Бақсам, қонақ үй іші өзгерген екен. Бұрын екі адамдық болған бөлме, бір адамдық болыпты. Үш жұлдызы бар екен. Бірақ қызмет көрсетуі үш жұлдызға сай демес едім. Интернет тек холда ұстайды. Бастысы ескі қаланың орталығында орналасқан.
- Астанада алғаш рет үлкен тренингті өткізгелі отырмыз. Петропавл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе және Астана қалаларының журналистері қатыспақ. Өткізетін орын табу қиындау болды. Десе де бір амалын тапқан тәріздіміз. Ертең белгілі болмақ.
- Қоғамдық жұмысты үкіметтік жұмыс деп түсінетіндерге таңым бар.
- “WordPress.com-ды жауып тастағандарды қарғыс атсын” дегім келіп, тілімді тістедім. Бұл істе де һайыр болар. Енді блогтар жеке хостинге көшіп, бәлкім сайтқа айнала бастар. Біреуді қарғаудан сақтасын!
- Түсінгісі келмейтін қоғамнан түсінік іздеп әуреге түсудің де кейде қажеті жоқ. Осы уақытқа дейін атқарған істеріңнен зым-зия жоғалып кеткені қынжылтады.
- Алда үлкен белестер күтіп тұр. Аллаһым, мойымай өтер күш-қайрат, жігер бер! Өзіңнен тастай көрме! Сынаққа алған құлдарыңа бір өзің жеңілдігіңді бере гөр.
- Біреудің бастаған ісін қолдай алмасаң, тып-тыныш жайына отыра бер деп айғайлағың келеді кейді. Өзің істемейді екенсің. Ниеттеніп бастап жатқан адамға, кесіріңді тигізбесеңші. Қателессе,, уақыт өте өзі түсінер. Шын жаның ашыса, үлкен көмегің сол болмақ. Ал істі бастап жатқанда: “Бұныңнан түк шықпайдыға салып” байбалам салушы шибөрілер өзінің уақытын зая еткеннен түк ұтпайды.
- Өзіңнен артық өзіңді ешкім түсінбейді. Бірақ кейде өз-өзіңді түсіну де мұңға айналатын кездер бар.










Маусым 23, 2011 at 16:09
*Түсінгісі келмейтін қоғамнан түсінік іздеп әуреге түсудің де кейде қажеті жоқ. Осы уақытқа дейін атқарған істеріңнен зым-зия жоғалып кеткені қынжылтады.
* Өзіңнен артық өзіңді ешкім түсінбейді. Бірақ кейде өз-өзіңді түсіну де мұңға айналатын кездер бар.
—- Мына ойлар мені ғана мазалай ма десем
Маусым 23, 2011 at 16:10
“WordPress.com-ды жауып тастағандарды қарғыс атсын” дегім келіп, тілімді тістедім. Бұл істе де һайыр болар. Енді блогтар жеке хостинге көшіп, бәлкім сайтқа айнала бастар. Біреуді қарғаудан сақтасын! – Если что жаксы идея!
Маусым 24, 2011 at 10:59
Астанада өтетін семинардың сәтті өтуіне тілектеспін!!!
*Асхат, сенде пікір терезесі шығып тұр екен, кей жазбаларда пікір қалдыра алмай жатырмыз, қандай жолы бар?
Маусым 26, 2011 at 18:49
ия осы күнге дейін жазып келген жазбаларың көзді ашып жұмғанда жоқ боп кеткендей…..