Блог қару ма, құрал ма?
Бір жылдары ауылымызда бәкі ұстап жүру сәнге айналғаны бар. Бәкіні суық қару деп түсінетін мен үшін де арман еді. Бәкілі болғым келетін. Үйдегі тәрбие ондай заттарды ойыншыққа айналдыруға тиым салмаса да, дұрыс еместігін ұқтырған. Сонда да қатардан қалмайын деп әкемнің сары шабаданындағы темірдің бір ұшын әуелі қара сосын көк изолентамен орап, екінші ұшын қайрақпен қайрап, ойынға ала шығатынмын. Балалармен ортаға топырақ үйіндісін жасап, бәкі деген ойын (бәкіні қолыңа, білегіңе, маңдайыңа тақап, топырақ үйіндісіне қадайсың) ойнағанда өзімді қораш сезінбейтінмін…
Ойлап отырсам, менің блогқа деген қызығушылығым да осы бәкі хикаясына ұқсас секілді. Осыдан екі жыл бұрын бір конференцияда Литвадан келген ғалыммен танысқаным бар. Бұрын ол Ақпарат министрлігін басқарған екен. Қазір оқу орнында жаңа медиа бойынша лекция оқиды. Соның бір сөзі есімде қалыпты:
“Блог – пышақ немесе қасық тәрізді құрал. Оны түсінген адам орнымен қолданады”.
Не екенін білмеген адам біраз уақыт қызықтап, түк түсінбеген соң лақтырып тастауы мүмкін.
… Әрине блог өзіңдікі. Бөтен біреу тартып алмас, қалай пайдаланамын десең де ерік өзіңде. Мен жай ғана кезекті бір ойыммен бөлісіп отырмын.
Пысы. Мамыр айында kk.wordpress.com-да 60-қа жуық жаңа қазақша блог тіркеліпті.
Сурет СС рұқсаты негізінде titicat есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды.









Маусым 8, 2011 at 12:43
Ойбай айта көрмеңіз таңғалдым. Бәкі дегеніңіз суық қаруға жатады ғой..
Маусым 8, 2011 at 13:06
Асеке,бір сөзбен -ақ не айтқың келгенін шебер жеткізіпсің!
Маусым 8, 2011 at 23:13
отти ауыр, артиллерия сиякты кару, Асеке!
Маусым 9, 2011 at 16:51
Блогтың қару екенін блог ашып берген көкем Өркен де кеше отырыста осыны айтты