Archive for Маусым, 2011

Қазақ тілінде журналистиканы оқып-үйренуге арналған кітаптар соншалықты көп емес. КазГУ-дағы курстарымда студенттеріме осы кітапты оқуға кеңес берген едім. Өзім бұрындарың бұл кітаптың ағылшыншасын оқып жүрген соң, қазақша аударылса ғой деп армандайтынмын. 2007 жылы қазақша аударылған екен. Аударған Ақбота Жылысова. Редакторы – Жұлдыз Әбділда. Кітапта төмендегідей тақырыптар түсіндіріледі: 1. Не үшін журналист болу керек?

Төмендегі ойларым ешкімге қатысты емес. Кейде осылай ойларымды ақтарып салатыным бар. Астанадағы Турист (қазіргі “Абай”) деген қонақ үйге 10-сыныпта оқып жүргенде тоқтағанбыз. Ол кезде Астана енді салынып жатқан. Елбасымен болатын кездесуге қатысушыларды ең тәуірі осы деп осы қонақ үйге орналастырған еді. Бақсам, қонақ үй іші өзгерген екен. Бұрын екі адамдық болған бөлме, бір адамдық болыпты.

Бірнеше күннен бері wordpress.com-дағы блогтар ашылмай тұрғаны белгілі. Әсіресе Қазақтелкомның Мегалайн өнімін тұтынатын интернет қолданушылар сүйікті блогтарын аша алмай жатқанын айтып дабыл қағуда. WordPress.com-дағы блогтарды Beeline USB-модемдерімен қатар, Opera браузерлерімен де ашуға болады. Төменде соның бір тәсілін көрсетіп отырмын. 1. Opera браузерін жүктеп алып, орнатамыз. 2. Opera браузерінің сол жақ төменгі жағындағы Turbo режимді қосамыз [...]

WordPress.com-дағы блогтарға Биылғы жылғы блог тіркелген айлардың ішіндегі ең үлкен рекорд мамыр айының үлесіне тиіп отыр. Төменде 59 блогтың тізімін ұсынып отырмын. Тізім ұзақ болған соң әр қайсысына жеке-жеке тоқталуым қиындау. Мамыр айында “Медианеттегі” курстарым өтіп, “Мінбердің” Алматыдағы дәстүрлі тренингі өткендіктен, блогтардың дені осы екі шара аясында тіркелген. Төменде блогын тіркегелі бері кемінде үш жазба [...]

Қазір ғана twitter-дегі достарым WordPress.com-дағы блогтарымыз ашылмай жатыр деп жатыр. Мен Атыраудамын. Қонақ үйімізде қандай интернет екенін білмедім. Бірақ блог ашылып тұр. ДОШУТИЛИСЬ! С утра не могу открыть свои блоги http://muratabenov.com/ http://muratabenov.kz Блокируют!?— Мұрат Әбенов (@MuratAbenov) June 10, 2011 Бірақ бұған дейін http://kk.wordpress.com блогтарының ашылмай қалған кездері болған. Бұл да бір техникалық қателіктер болар деген [...]

Бір жылдары ауылымызда бәкі ұстап жүру сәнге айналғаны бар. Бәкіні суық қару деп түсінетін мен үшін де арман еді. Бәкілі болғым келетін. Үйдегі тәрбие ондай заттарды ойыншыққа айналдыруға тиым салмаса да, дұрыс еместігін ұқтырған.

118 автобустамын. Абай бойындағы Стадион аялдамасынан көк дорба асынған жігіт мінді де барлығымызға Aport деген сусын таратып шықты. Автобус іші демде қуанышты күйге бөленді. Күн ыстықта бір жұтым су болса ғой деп тұрғандардың тілегені келді. Өзі Сейфуллиннен түсіп қалды. Жақсы жарнама екен! Пысы. Сусынның дәмін әлі татпадым

Блогыма музыкалық файлды қалай енгіземін деп басың айналып кетті ме? Бұған дейін Box.net көмегімен қалай жариялауға болатынын жазған едім. Бұл жолы келесі бір тәсілмен бөлісіп отырмын. 1. www.soundcloude.com тіркелу өте оңай. Бар болғаны сайттың сол жақ үстіңгі бұрыштағы Sign Up дегенді басасыз. Төмендегідей сурет шығады. Соған поштаңызды енгізесіз де, sign up дегенді басасыз. Сосын поштаңызға [...]

пысы. сұрақ қойған оқырманға үлкен алғысымды білдіремін. Түсініксіздеу болып қалса, қосымша сұрарсыздар.

Ережеп, Шағбан және Рамазан! Қасиетті үш ай басталмақ. Әлһамдулиллаһ!!! Ертең қала мешіттеріндегі жұма намазда да осы тақырыпта уағыз айтатын шығар деп үміттеніп отырмын. Екі жыл бұрын блогыма мынадай бір жазба жариялаппын: Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): “Ережеп (Раджаб) айының бірінші күнінде ораза ұстау үш жылдық, екінші күні ораза ұстау екі жылдық және үшінші күні [...]





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers