Archive for Мамыр, 2011
Әрине ағылшынша да сайрап тұруы тиіс. Негізгі хабарландыруы былай: We’re looking for enthusiastic and hard-working people to help us identify entertainment sites in Kazakhstan. You need to be highly internet-literate. If you write a blog, have multiple profiles on social networking sites, share photos and videos online, or just generally spend a lot of time [...]
Кей кезде блогымда суреттерді бірден телефон арқылы жіберетін кездерім бар. Төмендегі суретті телефоннан жіберген едім. Дәл сол сәтте тренингке қатысушыларға да осы жайтты түсіндіріп тұрғанмын. Сонымен телефоныңыздан wordpress.com-дағы блогыңызға сурет жіберу үшін төмендегідей үш бөлімнен тұратын қарапайым қадамдарды орындау керек. Өзім NOKIA6700 телефоны мен Active байланысын қолданатындықтан кеңестерді өз тәжірибем бойынша жазып отырмын. Блогтың e-mail [...]
“Мінбердің” жаңа медиаға қатысты Алматыдағы тренингі аяқталды. Екі күн өте тез өте шықты. Қатысушылардың дені “Екі күн аздық етеді” дейді. Шынымен де солай. Мультимедиалық өнім әзірлеуге лайықталған мұндай тренингтер кем дегенде бес күндік болуы керек. Алдағы уақытта енді бес күндік етіп, созу жағын ойластырмақпыз. Тренинге қатысқандардың дені журналистер. Солардың бірі – Табиғат Абаилдаевты (БЛОГЫ) блогосферадағылар [...]
Тренингте
Кеше тренингіміз басталды. Естіген боларсың. ҚазАқпараттан Ербол да хабарлап қойыпты. Әзірге көп нәрсе жазбаспын. Ойларымды, иншАллаһ тренинг аяқталғанда жазармын. Әзірге аздаған суреттерді және кеше тіркелген блогтардың тізімін ғана ұсынып отырмын. http://zhaszhurnalist.wordpress.com http://mirasym.wordpress.com/ http://sanmensymbat.wordpress.com/ http://injumarjan.wordpress.com
Бәлендей саясат жазбаймын. Әрі жазғандарымның 90%-ы қазақша болса, бұл кісіге менің жазғандырым несімен қызық болды екен? Қазақша түсінетін болғаны ма? Сіздер де біле жүрсін де хабарлап отырмын. Басқа ешқандай ниетім жоқ. Осыдан бірер минут бұрын ғана поштама осындай хат келді. (ағылшынша мәтіннің аудармасы жобамен былай болады: Алиев Рахат сіздің тиуттердегі оқырманыңыз)
Видеокаст әзірлеуді енді үйреніп жүрмін. Дайындауға біршама уақыт кетті. Kodak флип камерамен түсіріп, VideoPad-пен өңдедім (жүктеп алуға арналған сілтемесі). Төмендегі видеодағы оқиғаның өткеніне бірнеше апта болды. Қазақы оюлармен әрленген Құранның қазақшасының шыққанын естіген немесе оқыған боларсың. Сол шарада түсірген кадрларды жинақтап, әзірлегенім.
… мыңдаған адамның өліміне себепші болды. Осы демалыстарда JTI компаниясының ұйымдастыруымен Алматы облысының Есік маңайына саяхаттап бардық.
Жаңа медиаға деген ынта-ықыластың жыл сайын өсе түсуіне байланысты біз блог-семинарды дәстүрлі болдыруға тырысып отырмыз. Биыл «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» тақырыбындағы семинар-тренинг еліміздің бас қалалары – Алматы мен Астанада өткізілмек.
Ескерту: Төмендегі мәліметтердің барлығы тек қана kk.wordpress.com-дағы блогтарға ғана қатысты. Осы айдан бастап, блогтардың тіркелуі мен олардың жүргізілуін есепке ала отырып, kk.wordpress.com-дағы қазақша блогтардың даму қарқынын есептеуді жөн көрдім.








