Archive for Сәуір, 2011
Прагадағы тренинг барысында флип камерамен бір видео сюжет жасауға тапсырма берген. Прага метросында түсірген видеоларды жинақтап осындай бір шағын сюжет жасап шығардық. Айжан да өз блогында Алматыдағы валидаторлар жайлы айтып өткен екен.
Ескерту: Танысымның өтініші бойынша жарялап отырмын. Малайзияда каллиграфиядан жарыс өтеді екен. Соған қатысты кішкентай хабарландыруды төмендегі суреттен көре аласыз. Өзіңізге қызық болмаса да таныстарыңыздың таныстарына қызық, әрі пайдалы болуы мүмкін екенін ұмыта көрмеңіз. Халықаралық каллиграфия байқауына қатысамын деушілер арнайы сайтқа да бас сұғып, қажетті мәліметтерге қанықса дұрыс болады. Менің білетінім: Байқау маусымның 8-17 аралығында Малайзияда [...]
1. Мүмкіндігінше басқа сервистер арқылы көпшілікке оқырмандарыңызға хабарлауға тырысыңыз. Бұл өзгелердің де сақ болуына көмектеседі әрі мәселенің мәнісін білетін адамдар табылуы мүмкін. Хабарлау мен байбалам салудың арасындаңы айырмашылықты да ескергеніңіз орынды.Мен қазақ блогшылары бас қосқан kerekinfo.kz және facebook пен twitter желілерін қолдандым. 2. WordPress.com-ның блогшыларды қолдау тобы жақсы жұмыс істейді. Соларға хат жазыңыз. Егер ағылшынша [...]
тура мағынасында айтып отырмын. Таңғы сағат төрте тапсырыс берген таксистім келіп, әуежайға жеткізіп салды. Сағатжетіде ұшуы тиіс ұшақ сегіз жарымда бірақ көтерілді. Сөйтіп, Киевке олардың уақыты бойынша сағат оннан жиырма кете жеттік те, сол жақта төрт сағаттай жүріп, түс қайтара Варшаваға ұштық. Варшаваға Польша уақытымен сағат екі жарымда қондық.
Бүгін Қарағандыда осы кітаптың тұсаукесерін өткізбекпіз. Ертең Астанада боламыз. Кеше Алматыда ұйымдастырып едік. Осы апта соларға Алматы, Қарағанды және Астананы көрсетумен өтетін сияқты. Өзім үнемі Қарағанды мен Астанаға тек жұмыс бабымен баратын болғандықтан оларды қай жаққа, қай кафеге тамақтандыруға апаратынымды да білмеймін. Қонақ үй тауып берген Әлияға, өткізетін жермен келісіп берген Мейрамхан апайға рахмет! Қарағандылық [...]
Жамилә деген қыз баланың Джонатанмен қазақша сөйлескен видеосы естеріңде болар. Осыдан екі-үш күн бұрын сол Жамиләмен де Джонатанмен де, әрі Джонатан жайлы фоторепортаж жасаған Қарлығашпен де кездесудің сәті түскен.
“Уважайте труд технички” “Блогтар әкелетін және әкеліп жатқан қауіптердің бірі – біреудің атын жамылған блогтардың болу мүмкіндігі” деп Ерлан Оспан “Алтын Орда” сайтындағы мақаласында айтып өткендей, ғаламторда өзіңнің қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету оңай емес. Қазіргі кезде блогымыздағы жазбамыздың да өзімізге тиесілі болмай, басқа бір ақпарат құралында өзге біреудің атынан шығып жатқанының куәсі болдық.
Құрылтайдан кейін есімді енді жиып жатырмын. “Тойдың болғанынан боладысы қызық” дейді ғой, тойдан кейінгісі шыжық деп қосар едім. Үйтіп-бүйтіп қағаздардан құтылғандай болып отырмын. Соңғы екі аптада Құрылтайдың бітпей қалған жұмыстарын аяқтауға көмектескендерге де бір-бір ескерткіш орнату керек шығар Енді кішкене ғана бітпеген жұмысы қалды. Десе де алғашқы Блогқұрылтайды өз деңгейінде өткізген қыздар мен жігіттерге үлкен [...]








