Archive for Наурыз, 2011

Жігіттер уәде беріп еді. Сертінде тұрып, сайтқа жариялап қойды. Блог құрылтайға қатыса алмай зар илеп жүргендер енді презентацияларды сол жерден қарап, кәдесіне жарата алады. Білмегендер біле жүрсін. Презентацияларды шолып шығып әрине бәрін түсіну қиын болуы да мүмкін. Десе де жоқтан жақсы ғой… Әрбір презентация жинақтаған тәжірибенің, ізденістің нәтижесі. Сондықтан ішіндегі мәліметтерді қолданғанда сілтеме жасап отыруды [...]

Ербол, Саттар, Батыр төртеуміз жаңа осы кафені көріп қайттық. Жұма күнгі кешкі таныстығымызды осы жерден бастайық, инш! Сонымен, Блог құрылтайға қатысушы блогшылар, сіздерді жұма күні сағ. 19.00-де Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысындағы “KERMES” кафесінде күтеміз. Бейресми таныстығымыз осы жерден басталсын!

Демалыс күндері ескі қағаздарымды ақтарып отырып, тауып алдым. Шамасы жаңа медиаға қатысты бір кітапты оқып отырғанда сол жақтан көшіріп алған болуым керек. Сілтемесін жазбаппын. Бір түймені басу арқылы ақпарат тасқынының куәсі болу тарихта бұрын-соңды болмаған. Дүниенің әр түкпірінде отырғандар бір-бірімен мұншалықты оңай, әрі жылдам пікірлесе алмайтын. Бір қоғамның азаматтары бір мәселеге қатысты кең ауқымды пікірталас [...]

Марқұм әкемнің қоңыр шабаданы болатын. Іші темір-терсекке толы еді. Болт, шруп, гайка, пружиналар, шеге тәрізді майда заттарды алақаныма бір уыс қылып толтырып, жеке-жеке тізіп ойнайтынмын.  Кеңес одағы тұсында ТВ жөндеу сән болды ма, әйтеуір біздің ауылдағы әкемнің құрдастарының барлығы телевизор, холодильник жөндейтін. Қастарында кішкентай индикатор-отверткаммен әр темірді бір түртіп, шамы жанғанын қызық көріп, мен де [...]





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers