Archive for Ақпан, 2011
Блог Құрылтайдың бас демеушісі GSM Kazakhstan/Kcell компаниясымен келіссөздер жүргізіп жүріп, кеңселеріне жиі бас сұғуға тура келеді. Сондай кездесулердің бірінде Еркін Үдербайға (Kcell Жобаларды басқару бөлімінің маманы): “ҚазҰУ журналистика факультеті студенттеріне арнап, бір кездесу ұйымдастырсақ” деген ойымды айтып едім. Былтыр осындай бір шараны Nokia компаниясымен бірлесіп өткізген едік. Оларға оқу орындарымен байланыс жасап, өздеріне насихат керек, [...]
Өз тәжірибем: “Дүкенге бармас бұрын алдын ала не алу керектігін ойлайтының тәрізді, инетке отырмас бұрын да қандай шаруалар атқарғалы отырғаныңды алдын ала белгілеп алған дұрыс. Дүкенге кездейсоқ кіріп, қажетсіз бір зат сатып алғаның тәрізді, инетке де ерігіп келсең шығынға ұшырайсың”.
Айтайын дегенім….
“Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар”. Кеше Абайдың қара сөздерін қайта парақтап отырып, Жиырма төртінші сөзіндегі осы бірінші сөйлемді оқып кідіріп қалдым. Қазір ғой 16 млн тұрғыны бар халықпыз. Ал Абайдың кезінде сол 2 млн қазақтың өзі қанша іс тындырды деймін-ау… Сонда сол 2 млн дегеніміз қазіргі Алматының [...]
Related Articles Қазақы графити (urimtal.wordpress.com)
Қарны аш адам ашулы келеді. Ашулы адам дұрыс шешім жасай алмайды. Бір шешім жасау керек болса, кем дегенде бір алма жеген жөн.
1. Блог Құрылтайға қатысушылар шақырылмайды. Тек құлақтандырылады. 2. Қатысуға ниет танытсаңыз, аты-жөніңіз бен презентация тақырыбын тіркеу формасында көрсетуіңіз шарт. 3. Блогыңызда, twitter-де т.б. жолдармен “Блог құрылтай” тыныс-тіршілігін баяндап жүріңіз. Әрі #blogquryltai2011 деген ілмекті қолданыңыз.
Негізі бұл кітапшаны бірінші шығаруым керек еді. Бірақ орайы осылай болды. Шағын кітапшаны жаңа медианы студенттерге түсіндіру барысында қолданып жатырмын (жүктеп алу үшін www.slideshare.net ресурсына тіркеліп, download дегенді түртесіз). Кітапша көбіне блогшылардың кеңес жазбаларынан тұрады. Қазақ тілінде алғашқы болып wordpress.com тұғырында блог бастаған Бақытгүл, Бақытнұрдың және Есенгүл апай мен Айжанның жазбаларын оқи аласыздар.
Астанада өткен Блогшылар кездесуіне баруымның жол қаражатын өтеуге AGT компаниясы көмектесті. Негізі баспасөз мәслихатына шақырған. Астана қаласының әкімдігі электронды әкімдік жобасын іске қосып, соған қатысты баспасөз мәслихатын өткізеді екен. Маған соған барып, қатысып келуді ұсынды. “Билетті бір күн ертерек алсаңдар барайын” деп едім. Келісе кетті. Сөйтіп дүйсенбіде астаналық блогшылармен кездесіп, бүгін баспасөз мәслихатына қатыстым. Жаңа [...]
Dabaileaks дегеннің не екенін Wikileaks жобасын естігендер білетін болар. Енді не себепті ол dabai болды десек, dabai.kz сайтының белсенді мүшелері мен қазақ блогшылары бірігіп Алматы қаласында 19-20 наурыз күндері BlogCamp: Блог құрылтай өткізбек ниетте. Осы шараның жұмыстарын үйлестіру барысы көпшілікке ашық болу мақсатында dabaileaks деген тақырыппен жазбалар жарияланып жатыр. Осы аптада Астанаға жолым түсіп, (жол [...]








