Archive for Қаңтар, 2011

Сағат 16.55-те машина ішінде отыр едік. Сағат 17.00-де “Қазақ радиосы”: “Бірер сәттен соң Елбасының Қазақстан халқына үндеуін тыңдайсыздар” деп хабарлады да, 7 мин бойы күй тыңдатты. Сосын барып, кісілердің жөтелгендері естілді. Радиодан мұндай хабар естіген қызық екен.

АҚШ Конгресінің кітапханасындағы осы бір альбомда XIX ғасырдың екінші жартысында сол кезде Түркістан өлкесі деп танылған аймақтағы тұрғындардың суреттері жинақталған.

Ертеңге дейін жөтелім басылып, өз қалпыма келсем, инш, мына жерде кешкі сағат 18.30-да болуым керек.  

Жанды түсіну қиын… Әсіресе, өз жаныңды. Білмеймін. Мен үшін қиын. Бірақ жанның сұралатынына сенемін. Жан – Жаратқанның мүлкі екеніне иланамын. “Қазақ тіліндегі жанға қатысты сөздерді жинап көрсем” деген ой Ғазалидің шығармасын оқып отырғанда келді ғой деймін. Көшеде, үйде, отырыста есіме сөздер түссе, яки естігенімді телефоныма түртіп алатынмын. Сөздікті қарай салуға да болатын шығар. Еріндім бе, [...]

Бүгінгі отырыстың есебі мына жерде. Алда талай жұмыс бар. Сәттілік тілей салыңдаршы!!! Пы.сы. Блогымдағы жазулар компьютеріңізде дұрыс көрінбей тұрса, Internet Explorer-дің соңғы нұсқаларының бірін тегін жүктеп, жаңартып алыңыз. Көзіңіз ашылады

Блог құрылтайдың не екенін түсіндірмекпіз.

Ақылдаса келе, блогшылардың кездесуін Алматыда өткізетін болып келістік. Негізгі мақсатымыз бір-бірімізбен жүздесіп, пікірлесуден бөлек, өзара тәжірибе алмасу болғанын жөн көрдік. Сондықтан да BlogCamp форматында өткізсек дейміз. Қысқаша ғана BlogCamp форматы туралы Бақытгүлдің сөзімен түсіндіре кетсек: 1. Ең алғаш қызығушылық танытқандардың бәрі сайтқа тіркеледі. 2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, виртуалды бәрін ұйымдастырады. 3. Баркемп туралы мәліметті [...]

Қазақ блогерлерінің кездесуін ұйымдастырсақ, қандай мәселелерді талқылауға ұсынар едіңіз?— erlan karin (@erlankarin) January 08, 2011

“Блогтың сыры иесіне мәлім” демекші блогыңыздағы сөздердің қандай мағына беретінін де сіз жақсы білесіз. WordPress.com блогтұғырын қазақшалап жатқанымызға бірнеше жыл болып қалды. Аудармаға үлес қосып жатқан блогшылардың бәріне (шамамен 15 блогшы) барлық қазақтілді интернет қолданушылар үлкен алғыстарын білдірер деп ойлаймын. Келісемін. Бір аударма сәтті, енді бірі сәтсіз шығып жатыр. Біріне көзіміз де, етіміз де үйреніп [...]





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers