Google-да қызмет ететін Рүстемнің қазақ тілін дамытуға қатысты ойы

Google-дың Mountai View-дағы кеңсесінде қызмет ететін Рүстемнің Алматыда жүргенін естіген соң, уақыт тауып кездескім келген еді. Былтыр телефонмен ғана сөйлесіп, Сан-Францискода болғанда да офистеріне барып тұрып, кездесе алмай кетіп едім.

Басты мақсатым Google-дың өнімдері жайлы жақынырақ білгім келді. Таяуда translate.google.com-ға әзірбайжан тілінің қосылғанын көрген соң, қазақшасын қашан қосар екенбіз деген ой одан сайын үдей түсіп, маза бермей қойды. Сайттың url адресін енгізіп, демде CNN-ның қазақшасын көру үлкен арманым екенін айтып па едім :)

Сонымен бүгін Silk Way-дың үшінші қабатында шай үстінде әңгілемелстік. Біраз тақырыптар айтылды. Бірақ әңгіменің төркіні Интернеттегі қазақ тіліндегі контентті көбейтудің жолдарына ойысып отырды. Әзірге оның айтқан ойларын, ұсынытарымен бөліссем деймін.

Ол салған беттен “Wikipedia қазақшасын дамытып, қолға алсаңдар жақсы болар еді” деп бастады. Мен translate.googl.com-ға қазақ тілін енгізу жайын неге бірінші ауызға алмады деп ойлап отырдым. Жауабын біраздан соң барып түсіндім.

Пы.сы. Аршаттың жаңадан бастап жатқан www.dabai.kz жобасына қолдау көрсету мақсатында тақырыпты сол жаққа ауыстырып отырмын. :) Айыпқа бұйырмассыңдар!

Әңгімеміз аяқталған соң Рүстем Көк базарға барып, бір құрылыс затын сатып алуым керек деген соң, еріп барып едім. Суретте сатушыға не керек екенін түсіндіре алмай әлек болып тұрған сәті.  Сол Nokia 6700-мен түсірілді. Жөні түзу фотоаппартқа қолым жеткенде блогымда сапалы суреттер болатын шығар, инш!


  1. Wikipedia betterin koptep jasay beru kerek.

    • Келісемін. Блогыңызды көріп, таңқалдым!!! Жарайсыз! Дәл сіз жазғандай қазақ әндерінің ағылшынша аудармасын бұрын-соңды кездестірмеппін :)

  2. Rustem ktl tamamdagan jigit koi deim :) )) estigenim bar ol turaly :) )) megaakyldy deid jurt!

  1. 1 Tweets that mention Google-да қызмет ететін Рүстемнің қазақ тілін дамытуға қатысты ойы: -- Topsy.com

    [...] This post was mentioned on Twitter by Мейіржан ӘУЕЛХАНҰЛЫ, Askhat Yerkimbay. Askhat Yerkimbay said: Google-да қызмет ететін Рүстемнің қазақ тілін дамытуға қатысты ойы: http://wp.me/p5Gg5-T1 [...]




Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s



Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,201 other followers