“Қара жорға” болмаса, блогтың сәні келер ме?

Өркеннің жазбасын оқып отырып, пікір қалдырайын деп едім. Пікірім ұзақтау болып кетті. Сөйтіп, осында жариялағанды жөн көрдім.

Алғашқы кездері “Қара жорға” биін көргенде іштей қуаныш болған. Қазір де “Қара жорға” биден бұрын, ұлтты ортақтастыра алатын бір құндылық болып қалыптасқан құбылыс ретінде танылып келе жатыр деп санаймын.

Әрі оның артықшылығы – ұлттық құндылықтың бір бөлшегінің дамуына шетелдегі қазақтарымыз үлес қосып отыр деген көзқарастың белең алуында. Биліктің аузынан шетелдегі қазақтарға қатысты жағымсыз пікірлер естігенде “қара жорға” құбылысы қарсы шыққан жауаптай көрінеді. Бұл жалпы бидің қазіргі ұлттық танымның қалыптасуында алып отырған орнына қатысты айтқаным ғой. Сондықтан да қазіргі кезде Берік бауырымыз тәрізді айтылған пікірлері бірінші кезекте ұлтқа қарсы айтылған сөз сияқты көрініп қалады.

Жеке өз басым “Қара жорға” биіне емес, ол би орындалғанда айтылатын әннің әуеніне де емес, сөзіне қатысты ойымды білдіргім келеді. Бастапқыда мән бермейтінмін. Кейін бидің әуенін ысырып қойып, тек қана сөзіне мән бергенде барып ойланып қалдым. Естуімше біз көп ретте тойларда естіп жүрген “Қой десе де қоймаңдар!” деген сөйлемдері бар әннің мәтіні бертінде шыққан десе-ді.

Өркенжан, әннің сөзіне үңіліп көрсең әрі сол сөздерді кішкентай бүлдіршіндердің аузынан естісең шынымен қазақтың түсінігіндегі “қыз баланың ибалылығы”, “үлкен кісіден имену” дегендерімен қабыса бермейтінін байқайсың.

Мағынасыз басқа да өлеңдер толып жатыр, тіпті шетелдің сөзіне жазылған әнге де билеп жүр ғой дегенмен, “Қара жорғаның” орны бөлек болып тұр. “Қара жорға” биінің ескідегі мәтіні бар болса, іздестіріп көретін екен. Ал былай, “буын биі” деген шынымен де дәстүр тұрғысынан қарастырсақ мақтануға тұрарлық нәрсе! :)

Пы.сы. Тойыңда “Қара жорғаға” билемей қойсам ренжімессің :)


  1. Иә, Асеке айтқаныңыз орынды. Бұл әннің жаңа сөзінде келіспейтін тұстары бар. Алдағы уақыттарда әуелгі нұсқадағы өлең сөзін табуға тырысамыз. Алайда, Берік мырзаның ойына бидің барысындағы қимылдар “жақындасу” болып көрінетін сияқты.

  2. Асеке, менің блогыма жазған пікірің блогыңдағы мақалаға айналғанына әрі биге ұлттық таным тұрғысынан жақсы баға беріп, түсінгеніне үлкен рахмет. Өркеннің атынан :-) Ал, биге жазылған сөз расында маған да ұнамайды. Негізі, осыны мәселе қылып көтеріп, жақсы бір ақындарымызға қолқа салып көрсек… Негізі бұл бидің сөзі болмаған ғой басында. Тек саз болған. КЕйін ғана сөз қосқан дейді. Демек, ребрендинг деген сияқты, қайта сөзін жазып шықса, тамаша болар еді

  3. “қара жорға” бинің әні туралы ойыңа қосыламын.бұл әрине той думанды қыздруға көбіне көп мән беріп кеткені байқалады.
    ал Шынайы “қаражорға”бұл алдымен күй болатын.”қара жорға” бинің сақталған жане дамытып әлем назарына ұсынған елдің ұрпағы ретінде айтарым менң әке шешелерім бұл биге тек домбрада шертілген күйге ғана билеген.басында ән болмаған.ән соңғы жыйрма отыз жыл аралығында шықты.жане ел арасында ақынсымақтар өз әлінше құрап айтып қоса беретін дейді басында.ал кейін бұған арнаулы мәтін жазды.алайда бұл тойға арналып қана жазылған болғандықтан күбінесе қызды қыздыға жол берілгені шындық!
    ал “қаражорға” тайпалып жорғалай берсін!

  4. Берік Сұлтанов

    Әй, бауырларым ай!!! Барлығымыз да мұсылманбыз ғой!!! Еш уақытта шариғат шеңберінен шықпаған даналардың ұрпағы екенімізді ұмытпасақ екен!!! Менің айтарым, тілерім, жазылған мақалам тікелей дінге байланысты! Сондықтан да мақалаға қарсы шығам деп асыл дінге қарсы шығып қалмаңыздаршы:)! Барлықтарыңызды да Аллаһ үшін жақсы көрем!!! Аллаһ Жәннатта да сіздермен жолығуымды нәсіп етсе екен деймін!!!

  5. осы уақытқа дейін осы би, соңғы биші тұяқ арқылы жетпегенде бисіз қалуға аз қалған екенбіз. Оның биден бұрын, туылу тарихының өзі дұрыс кино түсіруге болатындай….
    Менің ойым, би қазақта болмаған, Қамажай исключение, қозғалыс денсаулыққа пайдалылығына сөз жоқ, қара жорға емес, ала жорға деу керек еді, қара негативті әсер етеді…. ;)

    • Ардак баурым ау!сенің санаң соншалықты төмен бе еді?қара негативті әсер етеді дегенің не?қазақта Қара сөзі киелі сөз!Қара шаңырақ,қаратау,қарашал,қара қазан…ары қарай кете береді.
      қара сөзі ұлы деген сөзбен бара бар.ал сенің ала деген сөзің қазақта жақсы мағына бермейді.алты бақан алаауыз.ала саусқандай,алабажақ …
      ой айтсаңда ойланып айтсаң болмайма?

      • Көкжал, сенің әрбір пікірің мен үшін құнды. Десе де Ардаққа айтар ойыңды поштасына хабарлап айтқаның орынды болар :)

      • @kokjal83 …Қазақтың тарихында БИ болған деген жаңалық осы уақытқа дейін болмаған, соңғы кезде бұрынғы дәстүрді жаңғыртқандай етіп жарыққа шығарып, билеп жатыр. Ұтымды Жаңалықтың құнды екендігін айтпасақ та болады. Сондықтан шарпымағаның абзал. Менікі тек қана Қара жорға деген би жақында ғана ойдан құрастырылған, қытайға жақын қазақтардың тапқырлығын айту ғана еді.

  6. Ақзере

    “Қой десе де қоймаңдар” дегенді өз басым билеуден жалықпаңдар, шаршамаңдар дегенді білдіреді деп түсінемін. Сосын сөзін өзгерткен соң, ол біздің әнұран сияқты дәмі кетіп қалады деп ойламайсыздар ма? Қазірдің өзінде ескі буын “Думанды бастаған далама қарашы” деп айтса, кіші буын “Ерлік дастаны еліме қарашы” деп шырқайды.
    Бұл жәй би, тойға келесің билейсің, көңіл көтересің, үйіңе қайтасың, бітті! Одан соншама проблема жасауды өз басым түсінбеймін.
    Қазақтікі, емес деп те бас қатырудың қажеті жоқ қой. Әр адам өзіне жақын нәрсені таңдап алады.

    • Қамажай

      –Бұл жәй би, тойға келесің билейсің, көңіл көтересің, үйіңе қайтасың, бітті! Одан соншама проблема жасауды өз басым түсінбеймін.–

      Проблема бұл биді адамдардың билегендігінде емес, бұл биді “біздің ұлттық биіміз” деп насихаттауында болып тұр ғой.

  7. bileu bilemeu baska masele. Kara jorgandyn maselesi matinde bolyp tur, sossiz ozgertu kerek!!!

  8. Жалпы, “Қара жорға” ғана емес, біраз әндердің сөзі өзгертілген заман болған. Қытай жақта “Ағажай Алтай” әнінің
    “Қара арғымақ сүрініп, қу томарға
    Қара нардың бұйдасын оқ кескені-ай” дейтін зарлы жерлері бар. Жалпы, бұл ән жаугершілік заманда туған. Сол “Асқар шыңын күн сүйген, алтын Алтай” болып өзгертілді. Жанғали Жүзбаев деген күйші ағамыз Қазақстанда да мыңдаған әннің сөзі өзгергенін айтады. “Қара жорғаға” қатысты да солай шығар. Алайда, бұл биді “түртпектеудің” қажеті жоқ. Кейде, бұл биге деген шабуыл “оралмандар-оңбағандар”, “шетелге қашып кеткендер”, “шетелдегі қазақтар-сатқындар” деп айтылып қалатын қауіпті пікірлердің жасырын “жақтасы” сияқты көрінеді. Өйткені, “Қара жорғаны” да қытайдың қазақтары әкелді ғой. Ал, дін мәселесіне қатысты, дініміздегі өнер мен мәдениетке қатысты әңгіме мүлдем бөлек дүние.

  9. Тоты

    Осы “КТК” телеарнасындағы “Қара жорға” клипін көрдіңіздер ме? Өзге ұлт өкілдерін де қазақша ән салдырып,билетіп қойған.

  10. Kansha koi desengder de koimaimyz!

    Kaidaghy jok kemwilikterin izdep kazaghymyzdyng bidin namysyn taptai bermei martebesin kotermeisingder me

    sozinde, kimylynda sonwama auyz toltyryp jamandaityndai ewtenge jok. min izdemei ak koiyugha bolady ghoi.

    elimizge oralghan kandastarymyzdyng arkasynda saktalyp kalghan jar degende jalghyz biyimizdi mensingbeisingder

    ulttyk ruhymyzdy koteretin madeni muramyzdyng saktaluyna kedergi jasap patriottyghymyzgha nuksan keltirip jursingder!

  11. Қара жорғаны өзім билемесем де, Қытай қазақтарының билегенін көргенде асқан сүйіспеншілікпен тамашалап отырамын.

  12. Қара жорғаны өзім билемесем де, Қытай қазақтарының билегенін көргенде асқан сүйіспеншілікпен тамашалап отырамын.

  1. 1 Neweurasia – Kazakhstan » Блогосфера шариғаттың шәлісін талқылауда

    [...] Бұл тақырыпта пікірталастың басталуына соңғы жылдары Қазақстанда үлкен танымалдылыққа ие болған “Қара жорға” биі түрткі болды. ““Қара жорға” биден бұрын, ұлтты ортақтастыра алатын бір құндылық болып қалыптасқан құбылыс ретінде танылып келе жатыр деп санаймын. Әрі оның артықшылығы – ұлттық құндылықтың бір бөлшегінің дамуына шетелдегі қазақтарымыз үлес қосып отыр деген көзқарастың белең алуында. Биліктің аузынан шетелдегі қазақтарға қатысты жағымсыз пікірлер естігенде “қара жорға” құбылысы қарсы шыққан жауаптай көрінеді”, – дейді Өрімтал. [...]

  2. 2 Kazakhstan: Bloggers discuss religion · Global Voices

    [...] sparked by the Kara Zhorga dance, which has become popular in the country in the last few years. Urimtal writes [kaz]: “I think Kara Zhorga is not just a dance, but a whole phenomenon that has united [...]

  3. 3 Kazakhstan: Wanablogu Wajadili Dini · Global Voices

    [...] na ngoma ya Kara Zhorga , ambayo imekuwa maarufu katika nchi hiyo katika miaka michache iliyopita. Urimtal anaandika [kaz]: “Nadhani Kara Zhorga si ngoma tu, bali jambo ambalo limeliunganisha taifa. Hata [...]

  4. 4 Казакстан: Блогерите дискутираат за религијата · Global Voices

    [...] стана популарен во последните пет години во земјата. Уримтал пишува [казахстански]: „Мислам дека Кара Зорга не е [...]

  5. 5 カザフスタン:ブロガーが宗教を論じる · Global Voices 日本語

    [...] Urimtal [...]




Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s


  • Беттер

  • Өзгерістер жолындағы репортаждар

  • Блог бастаушыға арналған кеңестер

  • Wordpress.com: Блог бастайық!

  • Salem!

    Блогыма қызығушылық танытқаныңа көп рахмет. mailonpix.ru Creative Commons License Site Meter
  • Watch videos at Vodpod.
  • "Өрімтал" блогындағы жаңа жазбаларға жазылу үшін поштаңызды енгізіңіз

    Join 1,201 other followers

  • RSS “Мінбер” газетінен

    • Аспаннан қазақ жауып тұр
      (Тарихи дастан)  Жәркен БӨДЕШҰЛЫ Пролог орнына Әри-айдай арбаның дөңгелегi, Кейiн қалды елiмнiң бiр бөлегi. Кейiн қалған елiме барар едiм, Қорқытады орыстың зеңбiрегi. (Халық өлеңi). I Жүрегi қашан қуанбақ? Көз жасы қашан құрғамақ? Не көрмедi бұл қазақ, Не көрмедi бұл қазақ? Жұтынған жұтты – Қақаған аязды – Шiлiңгiр ыстықты – Сел, тасқынды – Қырғын соғысты – […]
    • Қымыздың түрлері
      Биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметты дастарқан тағамдарының бірі. Сары қымыз – дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада немесе ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы қор деп аталады. Дәкіге түйген қорды са […]
    • Жастарға арналған «Екпін» танымдық онлайн-журналы таныстырылды
      Бүгін, яғни, ақпанның 22-ші жұлдызында Қазақстанның Yvision.kz блог тұғырнамасы жастарға арналған мәдени қазақ тілді «Екпін» жобасын көпшілікке ұсынды. Аталмыш онлайн-журнал 2012 жылдың 19 қаңтарында жарыққа шығарылған болатын. Жиында редакцияның алға қойған мақсаттары мен жоспарлары сөз етіле отырып,  оның маңыздылығы мен жарық көретін жазбалар тақырыбы тал […]
  • Google Groups
    Kazakh Bloggers
    Visit this group
  • RSS “Алтын Орда”

    • Болат Атабаев Германияның Гете сыйлығымен марапатталды
      Германияның Гете институты режиссер Болат Атабаевты Германияның Гете сыйлығымен марапаттады. Болат Атабаевқа Гете медалі Қазақстан мен Германия театрлары арасындағы қарым-қатынасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін беріліп отыр. Сыйлықты институттың президенті Клаус-Дитер Леманн 2012 жылдың 28 тамызында тапсыратын болады. Болат Атабаев Гете медалімен марапатталғ […]
      Жаңылай Базарбаева
    • Жаңа жүйе бойынша 70 ТЖО ашылды
      Көліктік бақылау комитетінің хабарлауынша, бүгінгі күні республикамызда 70 техникалық байқау орталықтары (ТБО) жұмыс істейді. Бұл орталықтар 163 техникалық байқау желісінен: 70 мобильді, 93 стационарлық желіден тұрады. Ақпанның 17-сіндегі мәлімет бойынша, 52 030 автокөлік құралдары техникалық байқаудан өткізілген. […]
      Батыр Бек
    • Ақтау портының қаңтар айындағы көрсеткіші
      Автомобиль және су көлігі департаментінің алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айында Ақтау порты арқылы 1 млн. 40 мың тоннадан астам әр түрлі жүк тасымалданған. Оның 215 мың тоннасы – құрғақ жүк (металл, астық, жүктердің өзге де түрлері), 662 мың тоннасы – мұнай. 162 мың тоннадан астам мұнай мен астық және өзге де жүктер паром […]
      Батыр Бек
    • Интернет қолданушы саны – 8 млн. 715 мың
      Байланыс саласында ҚР Статистика агенттігінің алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айында ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 тұрғынға есептегенде 151,1 құрап, жалпы саны 24 659 700 жетті. ҚР Статистика агенттігінің алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың желтоқсан айында Интернет желісін пайдаланушылар саны 8 млн. 715 мың адамға […]
      Батыр Бек
    • «egov.kz» арқылы 10 млн. 764 мың е-анықтама берілді
      «Электрондық үкімет» порталы бойынша 2012 жылдың 20 ақпанындағы жағдайға сәйкес, «egov.kz» арқылы 10 млн. 764 мың е-анықтама, 957 515 ЭЦҚ берілген. Бүгінгі күні «egov.kz» порталы арқылы қызметтерді алу танымалдылығы артып келеді. Мысалы, ақпанның 6-сы мен 12-сі аралығында 6260 мекенжай анықтамасы электрондық нұсқада берілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы к […]
      Батыр Бек
  • Соңғы жазбалар

  • Ең қызық жазбалар

  • Алдыңғы жазбалар

  • Ілмектер

  • RSS-Өрімтал


Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,201 other followers