Archive for Қараша, 2010
Душанбеде «Медиа құқық» тақырыбында OSI ұйымдастырған семинарда жүрмін. Осы тренинг барысындағы қалыптасқан ойымды жинақтап, ұсынғым келеді. Аршат та кезекті сұхбаттарында блогшылар мен заңнама мәселесін тілге тиек етіпті. Қазақ тілінде блог бастап жүрген әрбір блогшының алдынан ерте ме, кеш пе бұл сұрақтар туындайтындықтан мына бір кеңестерге назар аудартуды орынды деп таптым. 1. Блог – БАҚ па? [...]
Өркеннің жазбасын оқып отырып, пікір қалдырайын деп едім. Пікірім ұзақтау болып кетті. Сөйтіп, осында жариялағанды жөн көрдім. Алғашқы кездері “Қара жорға” биін көргенде іштей қуаныш болған. Қазір де “Қара жорға” биден бұрын, ұлтты ортақтастыра алатын бір құндылық болып қалыптасқан құбылыс ретінде танылып келе жатыр деп санаймын.
Электронды үкімет www.egov.kz Электронды үкіметтің порталына 2010 ж. 25- қарашасына-10500 2010 ж. 25- қазанына -7446 2010 ж. 25- тамызына – 4524 азамат хабарласты.
Душанбеде Рудаки даңғылында Рохот деген шайхана бар. Бұрын көпестің үйі болған дейді. Ғимараттың іші ұлттық өрнекпен әрленген. Сонысымен ұнайды. Сосын кешке қарай әншілер мен бишілердің өнерін тамашалауға болады екен. Кеше барғанбыз. Жігіттердің әнін диктофонға жазып алдым да, бишіні қалтафонға суретке түсіріп, аудиослайд жасаған едім. Назарларыңа ұсынып отырмын.
Пы.сы. Тренингте медиа және заң деген тақырыптарды талдап жатырмыз. Алдағы күндерде интернеттегі сөз бостандығын талдаймыз. Түртіп алғандарым жоғалып қалмасын деп жариялап отырмын. Мүмкін біреуге пайдалы болып та қалар. Сөз бостандығы дегеніміз….
Біздің семинар болып жатқан ғимарат Қалалық бизнес орталық деп аталады екен. Ішінде неке қияр салтанаты да өтіп тұрады. Сейсенбі болса да жұрт неке қидыру салтанатын атап өтеді екен. Ғимаратын алдында неке қиюшыларды осылай музыканттар күтіп алды. Бүгін сондай бір салтанаттың куәсі болдым. Қалыңдық көзін жерден алмайды. Екі жағынан келіншектер қоршап алған. Ұлттық киіміне ұқсас киім [...]
Әуежайдан түскен соң, күтіп алушы адамды таппай біраз әбігерге түстік. Келмеген болар деп, сыртқы шықсақ, қалып қалың топ жиналып қалыпты. Бір ереуіл ме деп сескеніп қалдым. Сөйтсем, жұрт қажылыққа кеткендерді қажылықтан келгендерді қарсы алып жатыр екен. Кейін таксистіміз тауып алдық. ұшырасты. Бізді Бахтиор да тапты. Душанбеге бір аптаға келіп отырған семинар тақырыбымды да соның аузынан [...]
Астанада мені баққан тәтемнің үйіндемін. Жиендерім мәз боп жүр. Мені онша тани қоймайды. Мен оларды алты жылдан бері енді көріп отырмын. Тәтем менің 2 айлық кездегі суретімді сақтап қойыпты. Көп өзгермеппін
Nokia Астанаға шақырған. Бірақ негізі басқа мақсатпен де Астанаға келген соң, олардың жарнамалық шарасына қатыстым. Карлмен (Nokia-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы) жүздескенді жөн көрдім. Nokia-ның Ovi Suite деген үстемесі бар. Интернеттен жүктеп алып, телефонға орнатуға болады. Маған әзірге ішінен тек Құран үстемесі ғана ұнайды. Енді сондай үстемелерді әр адам өзіне де жасай алады. Азиада қарсаңында Қазақстанға [...]
Nokia компаниясы жыл соңына қарай Ovi үстеме бағдарламаларының арасына “Азиада” атты қалтафонға лайықталған мобильді картаны қоспақшы. Астанада осы тақырыпқа арналған баспасөз мәслихатында Nokia компаниясының Қазақстандағы өкілдігі: “Азиада” мобилді қосымшасы Nokia қондырғысын пайдаланушыларға спорттың іс-шаралар туралы және Азиаданың басқа да жаңалықтары туралы білуге, жарыс күндері мен спорттық санаттар бойынша кестелерді алуға мүмкіндік береді” деп мәлімдеді.








