Бірінші кіммен қоштасамыз?
Бейсенбіде курстарым болып, уәделі кездесуге кешігетін болдым. Достарым кафеде күтіп қалды. Таксилетуге тура келді.
Келсем, жүздері шаршаңқы. Апта бойғы кеңседегі қағаздар мен компьютер мониторы алдындағы жұмыстары қажытып жіберген болар деп ойладым. Бір-біріміздің көңілімізді аулап, қызықты жаңалықтарымызбен бөліскен боламыз. Десе де көңілдері құлазып тұрғаны байқалады.
Содан түн болып кетсе де, тауға барып қайтатын болдық. Алматыдағы Науаи көшесімен жоғары көтерілсе, тауға апарып тірейтінін бұрын білмеппін. Көлігіміз зулап қоя берді. Терезені ашып едік, таудан ескен салқын леп жанымды сергітті.
Қайдан шыққаным білмеймін. Әңгімеміз өлімге қарай ойысты. Кенеттен: “Арамазда осы үшеуміздің қайсымыз бірінші болып өлер екенбіз?” деген ой сумаң ете қалды. Сыртқа дауыстап айтпадым. Қорқынышты ойымды іште ұстадым. Бірақ “Қандай жақсылық жасап үлгердім достарыма?” деген сұрақпен әлек болдым.
Өлімнің иісі маған жақсы таныс. Майға қуырылған бауырсақ пен жылқының еті және суып қалған еттің наны. Шешемнің, ағамның және әкемнің жаназаларын еске түсіреді. Сосын барып, бұл ойдан емес, өлімге дайын еместігімнен қорқатыным анықталды. Өлім – ақиқат!
Өз арамызда жабық тақырып болмайды деген уәде бар. Сондықтан мен де “қорқып отырған ойымды” ақтардым. “Біз де соны ойлап жүрміз ғой” деген күтпеген жауапты естідім. Шүкір!
Пы.сы. Жаңа ғана Тимур құрдастың жазбасын оқыған соң осы оқиға есіме оралды. Қазір енді жан туралы ойланып жүрмін…









Қазан 30, 2010 at 00:26
Ассалаумағалейкум Асхат!
Өмір тақырыптарына адам санасының ұшқырлық деңгейі де жетпей келе жатыр, өткен кеткеннің барлығы жорамал, енген сайын тұспалап, жұмбақ өзіне тарта түседі… Ақырзаман деген осы ма, бәлкім
Уақытың болып жатса, мына сілтемемен өтіп, жан туралы ақиданы тыңдап көр. Қалыптасқан ойыңмен бөлісуді ұмытпа, себебі сенің ойың маңызды.
Қазан 31, 2010 at 18:46
Уағалейкумуссалам, Ардақ! Пікіріңізге рахмет. yandex.kz-тен келгендерді Akismet спамға апарып тастаған екен. Бүгін ғана тауып алдым. Пікірлеріңіздің кеш жарияланғанына кешірім сұраймын. Өткенде бір досым да yandex.kz-тен жазып, пікірлері жарияланбай қалып еді. Қазір басқа поштасын көрсетіп жүр
Қазан 30, 2010 at 08:28
“Сосын барып, бұл ойдан емес, өлімге дайын еместігімнен қорқатыным анықталды” – дұрыс айтасыз…өлім жайлы ой-таназарымызға да кіріп шықпайтыны бар емес пе…Құдайды ұмытып, мәңгі жасайтындай кейде қырбың тірліктің құшағында қалғып кететінімз жаман…адамның өмірі күнтізбемен ғана шектелмейді…
Қазан 30, 2010 at 11:03
Өлім жайлы бір ойдың жетегіне түссем, орта жолдан тоқтап қаламын… Ары қарай баруға бір нәрсе дауалатпайды. Бәлкім, реалды өмірдің қадірің түсіну үшін, өлім жайлы жиірек ойланған да дұрыс.
Қазан 30, 2010 at 12:33
чертовски не хватает конечно казахского языка, но в целом надеюсь понял )))
хочу сказать, что мысли о смерти не так страшны, когда придет понимание того, что в этой жизни успел сделать то, к чему стремился. И часто такая мысль приходит не в старости, но и в возрасте, когда многие радуются и живут, а кто-то собирается сменить эту жизнь на другую, следующую…
Асеке рекомендую почитать вам африканские сказки, там про смерть много интересного написано, но вместе с тем высоко ценят и жизнь. Пожалуй именно в этих сказках (реально сказках) удалось найти золотую середину между этими понятиями. Ведь часто и жить страшно бывает…
Қазан 30, 2010 at 19:45
Толстой айтқан қой: “Бәріміз әу баста өлім жазасына кесілгенбіз” деп. Бәріміз сол метаморфозалық “состояние”-ден қорқамыз
Қазан 31, 2010 at 20:55
Асхат,мына жазбаңнан ұққаным,ата-анаң қайтыс болған екен ғой.Иманды болсын,білмеппін. Сені бір жайсаң жандардың ерке баласы деп жүріппін. Алла саған жар болсын,ата-анаңның жасамаған жасын берсін,солар шықпаған шыңдарға шық,өтпеген өткелдерінен өт)
Өлім туралы ойламай-ақ қойш өзі(
Қараша 1, 2010 at 09:56
Бір күндік фәниге уақытша қонақ екенімізді кейде естен шығарып алатындар көп-ақ, осы сыңайлы жазбаны оқып, тәубаларына бір келтірер ме еді…
Қараша 1, 2010 at 19:11
Алаң етіп алғы күнін былайғы,
Ағыл-тегіл қарт Алатау жылайды.
Бізді қойшы, Алматының өзі де,
Қолын жайып көктен қайыр сұрайды.
Мұрат Шаймаран
Қараша 2, 2010 at 17:55
Мен де өлімнен қорқамын. Анығы, өзім өлсем, кешірер ме екен мені деп, жақыным дүниеден озса, оны кешірер ме екен деп, сосын, эгоисттік ой, онсыз мен қалай жүрем деген ойлар маза бермейді.
Жұмаққа барғым келеді.