Archive for Қазан, 2010

Бұған дейін Beeline-ның Шымкенттіктерге арнап шығарған ролигі болған, Neo-ның мынау жарнамасы ақтөбеліктерге арналыпты. Әрбір оператор белгілі бір өңірде басымдыққа ие болуға күресіп жатқан сыңайлы. Төмендегі жарнама ақтөбеліктерге арналған. Tele2 өзінің болмысынан ауытқымағанға ұқсайды. Өзгеше. Қазақшасы 30-секундтан соң басталады. Neo-ны Tele2 сатып алғалы нендей өзгеріс болар екен деп күтіп жүр едім. Себебі Tele2 компаниясы әлемге өзінің [...]

Бейсенбіде курстарым болып, уәделі кездесуге кешігетін болдым. Достарым кафеде күтіп қалды. Таксилетуге тура келді. Келсем, жүздері шаршаңқы. Апта бойғы кеңседегі қағаздар мен компьютер мониторы алдындағы жұмыстары қажытып жіберген болар деп ойладым. Бір-біріміздің көңілімізді аулап, қызықты жаңалықтарымызбен бөліскен боламыз. Десе де көңілдері құлазып тұрғаны байқалады. Содан түн болып кетсе де, тауға барып қайтатын болдық. Алматыдағы Науаи [...]

4-5.10.2010. АҚШ елшілігі мен Жетісу телеарнасымен бірлесе өткізген тренинг. Талдықорған қаласы. Жалпы қатысқандар саны: 15 18.10.2010. IWPR, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігімен бірлесе ұйымдастырған семинар. Алматы қаласы. Жалпы қатысқандар саны: 25 20-21.10.2010. Beeline компаниясымен бірлесе өткізген тренинг. Шымкент қаласы. Жалпы қатысқандар саны: 15 Енді келесі жылғы істерімізді жоспарлау керек. Көп жайт ақшаға келіп тірелетіні жасырын емес. Қазір [...]

Шымкент тренингі

Кола ағзамызға қалай әсер етеді?

Астанада өткен Халал өнімдердің халықаралық көрмесінде мұсылман қыздардың сәнді киімдері таныстырылды (Дефилье дейді ғой деймін қателеспесем). Көпшілігі іштей қарсы болды. Қарсы болғанда ұйымдастырылуы дұрыс болмаған тәрізді деген пікірлер айтылды. Негізі мұсылман қыздардың сәнді киімдерін сол қыздардың өз арасында көрсеткен дұрыс шығар деген ой келді (төменде видеоны жарияладым). Ислам діні адамның өмірімен біте қайнасып жатады. Күнделікті [...]

    Kazakhstan Internet Week аясында өтіп жатқан конференцияда презентация жасайтын болған соң, жаңа мәліметтерді іздестірген едім. Сөйтіп, Қазақстанның интернет қолданушылары жиі қолданатын әлеуметтік желілер жайлы мәлімітке тап болдым.

Өткен тамыз айында wordpress.com-ның қазақшасында 7 жаңа блог тіркелген болса, қыркүйек айында 14 блог тіркелгенін байқадым. Бірақ оның үшеуін авторлар өшіріп тастаған екен.  Тамыздағы блогтардан үшеуі жаңаланбады, біреуі өшірілді. Тек үшеуінде (koreanfanatik, balzaminka, gulmyraserykbai) жаңа жазбалар жарияланып, оқырмандарын тауып үлгерді. Төменде қыркүйекте тіркелген 14 блогтың 11-ін таныстырғым келіп отыр. Назарымнан тыс қалған блогтардың да болуы [...]

Талдықорғандамыз… Бүгін екінші күн. Өте қызық екен. Бұрын бұл қалада тек түнде болатынмын. Достарымның көлігімен тойға келетінбіз. Ал қазір міне екінші күн тренинг өткізіп жатырмыз. Алматы облысы журналистеріне (барлығы 15-ке жуық журналист) жаңа медианың қыр-сырымен бөлісудеміз. “Мінберді” көп ел тани бастады.

Талдықорған қаласындағы “Жетісу” телеарнасы.





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers