Archive for Қыркүйек, 2010
Шейх Әли ат-Тантауи (1908-1999) Қызым менің, міне, мен де елу жас белесіне таяп келем. Арман-қиялға толы жастық шағым артта қалды. Мен өз дәуірімде талай елдерді араладым, көптеген адамдармен таныс болдым, осылайша дүниені өз тәжірибеммен таныдым. Ендеше менің егде жасым мен өмірлік тәжірибемнен шертілер шыншыл да жүректен шыққан сөздерімді тыңдағын, саған мұндай өсиетті менен өзге ешкім [...]
“Асыл арнадағы” әріптестерім блогымда осы бір хабарландыруды жариялауды өтініп еді. Кім біліпті, мүмкін дәл Сіз осы байқаудың жеңімпазы болып, қажылыққа барып қаларсыз. Аллаһ ниетіңізді қабыл қылғай!!! «Асыл арна» телеарнасы мен «Сат» компаниясы жас тележурналистердің байқауын жариялайды. Үздік шыққан қатысушыларға 2010 жылғы Қажылыққа тегін жолдама беріледі. Жолдама саны – 10. Оның бесеуі қазақ тілінде, бесеуі орыс [...]
Негізі бұдан басқашалау тақырып қойғандары орынды болар еді. Медиа Форумға мұндай ұрандар жараспайтын сияқты. Бүгін аталған жиналысқа қатысты. Айтулы телеарнаның бірінде қызмет ететін ағайдың жиналыс ортасында бір спикерге ашуланып: “Мен кеттім” деп басқосуды басына көтере айғалап кеткенін айтпағанда басқаша “оғаш оқиға” болған жоқ. Біраз таныстарды кездестірдім. Назира (видеода): “Қазақ тіліндегі журналистикаға арналған бөлім бар. Сол [...]
Өткенде АҚШ елшілігінде Кристофер Атертон деген Вашингтон Университетінің профессорымен телеконференция өткен. Оны-мұны талқылап отырып, ол Қазақстандағы Facebook қолданушылары туралы айтқан. “Қазақстанда әйелдер әлеуметтік желіні жиі тұтынады” дегені рас екен. Интернеттегі мәліметтерді мен де бір сүзіп шығып едім: Қазақстандағы Facebook желісіне тіркелгендер саны: 104 800 Facebook-ке Қазақстаннан тіркелген ерлер саны: 45 400 Facebook-ке Қазақстаннан тіркелген әйелдер [...]
“Қазіргілер туған-туысқандарын танымаса да Спанч Бобты таниды”. (кешегі әңгімеден жатталып қалыпты) P.S. Осы мультикті түсіну үшін қанша рет соңына дейін көрейін десем де шыдай алар емеспін. Несі қызық? Не интернетте де жөні-түзу суреті жоқ…
Оқырман қауым. Екі керемет хабарландыруым бар. Қуана-қуана бөліскім келеді! 1. Жұма, 17 қыркүйек күні сағат 14-те АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығында АҚШ-тың Гарвард университетіне қарасты Басқару мектебінің оқытушысы, журналист Морин (Мими) Госс «Қоғамдағы ақпараттың еркін ағыны қаншалық пайда келтіре алады? Журналистер қоғамдық диалогты қалай насихаттауы керек?» деген тақырыпқа екі сағаттық дәріс өткізеді. Дәріске қатысам деушілердің 15 [...]
Бүгін Журналистиканы оқыту барысында оқытушыларға курс бағдарламасын әзірлеуге бағытталған 5 күндік тренинг аяқталмақ. Басты тренер АҚШ-тан келген оқытушы Дэвид Моулд. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Баспагерлерінің Қауымдастығы, әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілдігі. Тренинг барысында әзірлеген силлабустарымызды таяу арада интернетте жариялаймыз.
Рамазан айы аяқталып қалды. Біртүрлі қимайсың. Кеше ғана алғашқы тарауихқа бара жатқан сияқты едік. Енді күн сайын сәресіне тұрып, шай қоймайсың… Қызық. Келесі Рамазанға не алып бара жатырмын? Бұл Рамазан маған не берді? Шынымды айтсам, осы уақытқа дейінгі Рамазанның ішіндегісі бұл ерекшесі болды. Әлһамдулиллаһ! Келесі Рамазанға аман-есен жетуді жазсын!
Үнхабар жазып, блогыңызға жариялауды ойлап жүрсіз бе? WordPress.com блогына үнхабарыңызды жарялау әсте оңай. Менің блогымның орта тұсында box.net деген көк түсті (түсін блогыңыздың дизайнына орай өзгертуге болады) төртбұрышты (суретте) байқаған боларсыз. Ол жерде радиода істегенде әзірлеген радиохабарлар жарияланған. Сонымен сіз де блогыңызға үнхабарларды бөлек жариялаймын десеңіз, төмендегі адымдарға назар аударыңыз. Бұларды орындауға шамамен жарты сағат [...]








