1.QB: Француз азаматы қазақша блог бастады
Өткен айдан бері kk.wordpress.com тұғырында қазақ тілінде төмендегідей 7 блог тіркелгенін байқадым.
- http://undeme.wordpress.com/ (24.07.2010) “Берекеден базарлық” блогының авторы өзін “ғаламторлық өрнектегі әжептәуір тәжірибем бар азаматпын” деп таныстырған. Әзірге жарық көрген жазбалары әртүрлі тақырыпқа арналған ойларынан құралған.
- http://aibatyr.wordpress.com/ (28.07.2010) Блог ашылғалы әзірге еш жазба жарияланбаған.
- http://madiarov.wordpress.com/ (31.07.2010) “Ерекеңнің ерекше әлемі”. Жас журналистің жазбалары
- http://gulmyraserykbai.wordpress.com/ (17.08.2010) әл Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің оқытушысы, ғалым Гүлмира Сұлтанбаеваның блогында журналистикаға қатысты ғылыми жазба жарияланған. Интернетте сонымен қатар бұл блог авторы gylymkaz.kz сайтының редакторы әрі авторы екені айтылған.
- http://koreanfanatik.wordpress.com/ (19.08.2010) “Кореяны армандауда… Корей фанаттары бірігіңдер
” деп аталатын блогта қазірдің өзінде бірнеше кәріс фильмдеріне шолу жасалған. Автор өз ойларын күнделікті бастан өткен қызықтарымен араластырып, қызық та, жеңіл жеткізеді. - http://balzaminka.wordpress.com/ (20.08.2010) “Мені қызықтырған – Үндістан” деп аталатын блогта әзірге еш жазба жоқ.
- http://lesnobdelyon.wordpress.com (27.08.2010)
Блог авторы (суретте) өзін “Француз шығыстанушысымын. Қазір Астанада бір жобаны жүзеге асыру үстіндемін. Қазақстанға алғаш рет осыдан 15 жыл бұрын келдім. Қазақ тілін үйрене бастағаныма да сонша уақыт болды” депті. “Париждегі жалғыздық”, “Текше”, “Италиялық иттер” атты қысқа әңгімелерін жариялапты.
-
1
Pingback on Oct 10th, 2010, 14:44
[...] Бірақ оның үшеуін авторлар өшіріп тастаған екен. Тамыздағы блогтардан үшеуі жаңаланбады, біреуі өшірілген екен. Тек [...]
-
2
Pingback on Nov 2nd, 2010, 11:55
[...] тілі” деп көрсеткен блогтар саны 70-тен асты. Тамыз айында 7, ал қыркүйекте 11 қазақша блогтың тұсауы кесілгенін [...]
-
3
Pingback on Jan 3rd, 2011, 15:54
[...] Шілдеден бері 2010 жылдың соңына дейін WordPress.com қазақша нұсқасында ұзын саны 114 блог тіркеліпті. Жалпы WordPress.com-да тіркелген қазақша блогтар саны бұдан бірнеше есе көп болуы мүмкін. Өкінішке қарай, әзірге оларда жарияланған жазбалар негізінде белсенділіктері қандай болғанын анықтай алмай отырмын. Егер RSS негізінде анықтайтын арнайы бағдарлама болса, бөлісулеріңізді сұраймын. [...]










Тамыз 30, 2010 at 00:49
қазақшасы жақсы екен, егер өзі теріп жазған болса…
меніңше әншейін аударма сияқты…
мақаласы француз екенін білдіреді….
Тамыз 30, 2010 at 01:13
Рахмет. Бұл адамның өмірде бар-жоғын әлі де тексерудемін. Fake болып шығуы да ғажап емес
Қыркүйек 12, 2010 at 15:27
Ол блог жоқ қой
Қыркүйек 12, 2010 at 18:52
Иә, өшіріп тастапты
Мүмкін сайт қылып қайта ашар деген үмітім бар.
Қыркүйек 13, 2010 at 20:28
Менде жеке шығамба деп көп ойлап едім бірақ біраз мәселелерден болып осында қала бергенді жөн көдім.
Қыркүйек 13, 2010 at 21:50
блогты да қалдырып, сайтыңды да аша берсең болар еді ғой.