Archive for Тамыз, 2010

Рамазан айының соңғы он күнін өткерудеміз… Осы түндердің бірі қасиетті Қадір түніне дөп келеді. Мүмкіндігінше осы күндері дүние тірлігін бір бұрышқа ысырып қойып, өз-өзімізге үңіліп көрсек. Жүректің түріп құлағын, Ойланып тағы қарашы. Кімсің сен? Қайда тұрағың? Енді қайда барасың? (Омар Һайям)

Өткен айдан бері kk.wordpress.com тұғырында қазақ тілінде төмендегідей 7 блог тіркелгенін байқадым. http://undeme.wordpress.com/ (24.07.2010) “Берекеден базарлық” блогының авторы өзін “ғаламторлық өрнектегі әжептәуір тәжірибем бар азаматпын” деп таныстырған. Әзірге жарық көрген жазбалары әртүрлі тақырыпқа арналған ойларынан құралған. http://aibatyr.wordpress.com/ (28.07.2010) Блог ашылғалы әзірге еш жазба жарияланбаған. http://madiarov.wordpress.com/ (31.07.2010) “Ерекеңнің ерекше әлемі”. Жас журналистің жазбалары http://gulmyraserykbai.wordpress.com/ (17.08.2010) әл [...]

“Медиа Мектеп” журналистика мектебі тәрізді орталықтар Қазақстанда саусақпен санарлық. Әсіресе қазақ тілінде жоқтың қасы десе де болады. Бұл мектептің ерекшелігі бес айлық курсты журналист болып нақты жұмыс істеп жүрген кәсіби мамандар жүргізеді. Сондықтан журналистиканың қыр-сырына бойлаймын деген жастарға аталған мектептің Журналистика курсына жазылуға кеңес беремін. Осы ұйымда жұмыс істейтін Димаштың жіберген хатын жариялап отырмын. Медиа [...]

Ұстаздың әңгімесінен …Досым алқаш болатын. Анасының өлімі алдында тәубесіне келді. Намазға жығылғанына аз уақыт өтпей анасынан айрылды. Үйде екі бауыр еді. Өзі және күйеуімен сыйыспай тұрмыстан қайтқан қарындасы. Көп ретте анасының діннен хабарсыз екенін жиі айтып отыратын. Анасын жерлеп болған соң, шамамен он күннен кейін таң ата телефон соқты. Еңіреп жылап тұр. “Келші. Сосын түсіндіремін” [...]

Ауызашарға кеше не дайындарымды білмей, жанталасқаным-ай. Себебі Тарауих намазына үлгергім келген. Ақыры жолдан бір қарбыз сатып алдым. Сатушы балаға: “Ауызашарға алып жатырмын” деп едім, түрі өзгеріп, бір қарбызды таңдап, мен: “Саған сенемін! Ең жақсысын бердің ғой?” дегенімнен соң, тіпті ішін тіліп те көрсетіп берді. АРБ! Ауызашарым негізінен жеміс-жидектерге толы болды. Бүгін Эльвира ханым жақсы бір [...]

Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар! Бір айлық мүмкіндік беріліп отыр. Енді осы бір мүмкіндікті қолдан жіберіп алғым келмейді. Қазір көп уақытым осымен үшінші жыл қатарынан жүргізіп келе жатқан www.oraza.info жобасына арналуда. Басында бірнеше жігіттер бас қосып, “Жұрт оразаға қатысты іздегенін бір ресурстан табатындай болсын!” деген ниеттен туындаған еді. Өзімде арнайы діни білім [...]

Жезқазғанға жол жүріп барамын. Виртуалды үзіліс.





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers