Archive for Шілде, 2010

Айтамын деп ұмыта берем. Көктемдегі “Мінбер” тренингінде әлдекім тінтуірін (суреттегі мышкасын) ұмытыпты. Егер иесі өз затын таныған болса, хабарлассыншы.

Қостанай қаласы әкімі “Турист” қонақ үйінде болмаған немесе қазақша түсінбейтін болар…

Әрбір демім санаулы… *** Үмітсіз – шайтан! *** Иманның орны – жүрек.

Бір ағамыздың басынан кешкен хикаясы негізінде жазылды. Досымның үрей мен дірілге толы даусы төбе құйқамды шымырлатты. “Тез кел, әкем әл үстінде жатыр” дейді. Құрғыр телефон қаралы хабар жеткізгенде сабырдан айырыламын. Ауыл шетіндегі көк шарбақты үйге демде жеттім. Кісі қарасы көп екен. Аулада еркектер үнсіз шылым шегуде. Іштен әйелдердің күрсінген дауыстары шығады.

Еліміздің батыс өлкесін көруді көптен армандайтынмын. Ақтаудың жігіттері рэпті жақсы айтатынын білемін. Әрі  ақтаулық біраз таныстарым да бар. Бірақ сол Каспий толқындары еркелей сипап жатқан Ақтауды көре алмай жүрмін. Әріптестерім Ақтауға іссапарға барасың дегенде, сол қаланы көрермін деп қиялдағанмын.

Медведев: “Сізді мерейтойынызбен куттыктаймын” Өткен апталарда Медведев Сан-Францискоға барғанда жақсы бір iPhone қолына тиген еді. Содан бері twitter-ді белсенді қолданып жүр. Мынау Ресей президенті Дмитрий Медведевтің twitter-ге кеше жазып қойғаны. Елбасымызды туған күнімен туған тілінде құттықтап, түсінбегендер үшін орысша аудармасын көрсетіп қойыпты.

Бір күнге Астанаға достарыма қыдырып барып келдім. Мереке қарсаңында достарымның жұмысы қарбалас болғанымен уақыт тауып жүздестік-ау. Ескертпей келу деген осы! Қуанатыным: 3 жылдан бері кездеспегендер арқа-жарқа болысты. Ертайдың “Достардың бірге жүрмеуі достықты әлсірете алмайды” дегеніне көз жеткіздім. Достарыма Аллаһ тағала есендігін беріп, әрбір амалдарын сауаптан жазсын! Тағы бір досымның өтініші бар еді. “Блогыма видеоны қалай [...]

Астанада “Бәйтерек” түбінде United Buddy Bears атты аюлар көрмесі өтуде. Байқағаным жұрт аюлардың қарнын сипағанды жақсы көреді. Адамдарды толеранттылыққа шақырудың амалы. Толығырақ ubb-astana.com сайтында.

Әрине, егер өзің үшін де пайдалы деп тапсаң, қолдануға болады. Оқиға неден басталды дейсің ғой? Достарымызбен кафеде әңгіме-дүкен құрып отырғанбыз. Телефон шыр ете қалды. Ішіп алған біреу: “Сен кімсің?” деп мазамды ала бастады. Оның кім екенін мен де танымайды екенмін. Тек, тілі бұратылып тұрған соң барып, мас екенін білдім. Әңгімесінен ұққаным мынау болды. Осыдан бірнеше [...]





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers