Archive for Маусым, 2010

Һайырлы болсын!

ГазПРОМ спартакиадасын Ыстықкөлде өткізу керек-ті. Оштағы жағдайдан кейін Алматыдағы Алатау шипажайында ұйымдастыруда. Газпромның Қазақстаннан және Ресей, Белорус, Қырғызстан өңіріндегі қызметкерлері жиналыпты. Біз де осы шипажайда 4 күндік тренингтеміз. Сөйтіп, Ресейден келген ақ аюлар қасымызда жүр.

1. Әуелі, ең қарапайым жолын айтайын. Ол үшін жаңа жазбаны жазған кезде ашылатын терезені ашасыз. Upload/Insert (Жариялау/Енгізу) деген тұста бес белгіні көруге болады. Соның біріншісі сурет жарялауға арналған. 2. “Қарап шығу” дегенді басасыз да, суреттің орнын көрсетесіз

Вирус жарнама!

Осы уақытқа дейін Сауалнама нәтижесін жариялаймын деп кешіктіре беретінмін. Тренингте жасаған презентациямды жариялап отырмын. Кемшілігі жоқ деуден аулақпын. Сондықтан да ішіндегі мәліметтерді қандай да бір ғылыми жұмыс үшін пайдаланатын болсаңыз, қаперіңізде жүрсін. Интернеттің қазақ тіліндегі бөлігін зерттеудегі алғашқы зерттеуді жасауда көрсеткен көмектерің үшін үлкен алғысымды білдіремін. Пы.сы. SlideShare.net презентацияларды бір жерге жинақтауға мүмкіндік беретін тамаша [...]

Өмірімде алғаш рет Алматы автобусында күтпеген оқиғаның куәсі болдым. Негізі бұл ой санамды талай шырмаған. Әсіресе, шопырлар күнделікті пландарын орындау үшін бір-бірімен жарысқан кезде кәлимама мейлінше мән беретінмін. “Бір күні автобусым аударылып қалса, яки біреуді қағып кетсе не болар екенмін” дейтінмін…

Сіз де мен тәрізді компьютер мониторына ұзақ “үңілетін” шығарсыз? Көп қағаздарымның арасынан көзге арналған қызықты жаттығу тауып алдым. Компьютермен ұзақ жұмыс істеушіге арналған көз жаттығулары Көзіңізді жиі-жиі жыпылықтатыңыз 15 минуттан соң 2-3 минуттай алысқа қараңыз.

Күн сайын сауатсыз жазуға толы көшелермен жүретінімізді байқай да бермейміз… Tarazkyzy-ның блогын көріп отырып, бір хикая есіме түсті. Кезінде мұсылмандарды әлдебіреу жамандаса, жер бетіне жағымсыз иіс тарап, жұрт мұсылмандарды жамандап жатқанын білетін болған десе-ді. “Сонда қазір жамандамайды деп ойлайсыз ба?” деп сұрауың мүмкін. Қазір де жамандайды. Тек жағымсыз иіске мұрнымыз үйреніп кеткен. Көшедегі қате-қате жазуларға [...]

Егер дәл осы сауал көкейіңізді тессе, бұл жазба сізге арналады. Blogroll (блогтар сілтемесінің тізімі) – блогтың бір жақ бағанындағы өзге ресурстардың тізімі. Кейбір блогшылар оны белгілі бір тақырып бойынша (БАҚ, ислам дінінен байланысты, қазақ блогшылары т.с.с.) топтасып та береді немесе “көршілер” деген атпен де жарияланып тұруы мүмкін. Өз блогыңа өзге блогтардың (сайттардың, т.с.с.) сілтемесін қою [...]





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers