Archive for Мамыр, 2010
“Мінбердің” тренингі өтіп жатқан күндері блогшылар мен kezdesu.kz желісінің Алматыдағы белсенді мүшелерімен кездесулер өтті. Сондай жүздесудің бірін назарларыңызға ұсынамын.
Қазақ блогшылары кездесті. Воллейбол ойнады. Тарих екен. Қазір кафедеміз. Қалтафаннан жазып отырмын. Күні кеше блогты жапсам деген ой келген. Айнып қалдым. Тілекші достарым бар екен. Әлһамдулиллаһ! Ниетімізден адастыра көрмесін!
Тренингтің бірінші күнінен видео тәбірік
Ерлан Оспан “Мінбер” тренингінде “блог келбетіне адамдардың жылдар бойы қалыптасқан оқу дағдылары әсер етеді. Көзге үйреншікті шрифтер қолданған жөн” дейді.
Танысып, қала аралап жүрміз.
“Сақ” студиясы түсірген. Көргісі келетіндер бар ма?
Тақырыбын дұрыс қоймаған сияқтымын. Айтайын дегенім, жексенбіде блогымдағы сілтемелерді қайыра бір сүзіп шықтым. Кейбір блогтар өшірілген, енді біріне кіруге рұқсат жоқ екен. Сонымен қатар, кейбір пайдалы блогтарға сілтеме қоймаппын. Сол олқылықтардың орнын жөндеп қойдым. Жай, құлақтандыру ғой. Сенбі күні “Азамат” блогы айтқан Ислам экономикасы жайлы семинарға бардым. Біраз пайдалы мәліметке қанықтым. Блогшы Бекжанды спикер қырынан [...]
Samsung пен Business resours 3 күндік трейнинг өткізген. Соның жемісі.
Жұма намазға Таулы Қырат мешітіне барып едім. Имам жазда оқушы балаларға арнап, арнайы дәрістер ұйымдастырылатынын айтып жатыр екен. Мен барғанда уағыз басталып кетіпті. Түсінгенім, 25 бала 10, 20 немесе бір ай бойы мешітте жатып, арнайы дәріс алмақ. “Исламский лагерь” десе болатын шығар Соған көмек керек екен. Мүмкін болса, әркім шамасына қарай көмектессе дұрыс болатынын түсіндірді.
Абай көшесінің бойындағы урнаның бетіне жабыстырып кетіпті. Саяси акцияға ұқсамайды. Себебі басқаларында жоқ. Әйтеуір намысымызды оятудың небір тәсілдері қолданылып жатыр…








