Archive for Сәуір, 2010

Алматыда өткен “Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы Internet CA – 2010″ форумда Ержан Сүлейменов билікте “Казконтент” деген ұйым қазақ тіліндегі интернет жобаларды дамытуға тікелей атсалысатын болады деген пікірін білдірді. Қатысушылардың кейбірі үкіметтің қазақ тіліндегі жобаларға ақша бөлуі интернетте қазақтілді ресурстарға деген сенімнің төмендеуіне ұласуы мүмкін деген қауіптерімен бөлісті.

Сабақ соңында бір студент “Бізге қандай кеңес бере аласыз?” деп сұрады. Мұндай сауал болар деп күтпедім. Себебі менің әрбір сабағым кеңеске толы тәрізді болатын. Десе де ол жалпы журналист кәсібіне қатысты кеңестерді сұраған еді. Осы уақытқа дейін төрт жылдай қатарынан Medianet-те жаңа медиа пәні бойынша бес күндік курс өткізіп келемін. Байқағаным,

NB! Егер сіз журналист болмасаңыз, алайда журналист таныстарыңыз болса, айта жүрсеңіз екен. «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында мамыр айының 28, 29 күндері екі күндік семинар-тренинг өткізбек. Семинар-тренингке қазақ тілінде жаңа медиа технологияны түсінгісі келетін, журналистік [...]

23 April, 2010 12:35

Мультик көреміз бе?

22 April, 2010 15:20

Құстар аштан қалмасын (Абай-Абылай хан қиылысы).

21 April, 2010 11:31

Бүршік-тәубе. Ағаштың да қайта гүлденуге мүмкіндігі бар.

19 April, 2010 18:48

Алматы қызғалдағы.

Құттықтаймын! Barcampca10 аясында үздік блог байқауы ұйымдастырылған еді. Соған қатысып едім. Блогтарыңыз жүлделі болды! Оқырмандарыма осы жеңіске жетуге себепші болғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге де жұғысты болсын!

BarcampCA10: 2-күн

Ескерту: Екінші күннің үнхабарын мына жерден тыңдауға болады. Екінші күн де аяқталуға жақын. Қазақ блогшылары тәп-тәуір презентациялар жасады. Ұнады. Блог тек қана еріккеннің ермегі емес, кәсіби құрал ретінде танылып келе жатқаны, жаңа медиа мен дәстүрлі медиа арасындағы айырмашылық қоғамға жете  түсіндіріліп келе жатқаны қуантты.

BarcampCA10: қазақ блогшылары

Үнхабарды мына жерден тыңдауға болады Дәл қазір тіркелуден өткен қазақ блогшылары жиналып отырмыз. Ертең презентация жасайтындар көп екен. Түркістаннан Жалғас та келді Атыраудан Тимур бар. пы.сы. жаңа ғана Аида келді Ляляля!





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers