Archive for Наурыз, 2010
Сан Францискодағы Қонақ үйден әуежайға шыққалы жатқанда сол жақта оқып жүрген қазақ студенттер байланысқа шықты. Екі күн бойы олардан хабар күтіп, күдерімді үзген едім. Сөйтсем, пикник ұйымдастырып, жиналып жатыр екен. Көліктері болғандықтан өздері әуежайға шығарып саламыз деген соң, бір сағаттай уақытымды солармен бірге өткізгенді жөн көрдім. Сөйтіп, алғаш рет наурыз мейрамында шетелдегі қазақ студенттермен кездестім.
@ белгісі: Италия, Француз тілдерінде – ұлу; Норвегияда – шошқа құйрығы; Неміс тілінде – маймыл құйрығы; Қытайша – кішкентай тышқан;
Ғұмырымда шығыс халқы не себепті саудаласқанды жақсы көретінін түсінбеппін. Мәнісін енді ұқтым. Ташкентке жолым түскен. Қыдырып жүріп, базарға тап болдым. Аралап жүріп, бір ақсақалдың жүзім сатып тұрғанын байқадым. Жүзімдері ірі, бір қарағаннан дәмі тіл үйіреді. – Ата, жүзім қаншадан? Сатушы бағасын айтты. Арзан көрінді. Қалтама қол сүңгітіп сұраған ақшсын бердім. Атамыздың қабағы түксиіп кетті. – [...]
Қонақ үйдегі теледидарды қоссам, Сан Франциско қаласының әкімі: «Қош келдіңіз!» деп күлімсіреп тұр. Кейін білдім. Ең жас әкімдердің бірі екен. 35 жаста. «біздің қаламыз осындай да осындай. Мынандай жерлерге барсаңыз болады. Сіздей қадірменді қонақтарды қарсы алғанымызға қуаныштымыз» деп сайрап тұр. Келесі арнаны ашсам, қараторы келіншек: «Армысыз! Біздің қонақ үйге қош келдіңіз! Азын-аулақ қауіпсіздік мәселесіне құлақ [...]
Өз өзімді бір ойдың шетінен ұстай алмай отырмын. Бөтен. Бәрі де бұрынғыдай емес. Қораштанып, бұйығыланып отыруымның сыры… түсінбеуімнен. Мені түсінбей қалар ма деген қорқыныштан. Кінәлімін.
Халықаралық байланыс бөлімінің жетекші маманымен кездестік. Аз ғана уақыттың ішінде күллі әлемді “жаулап алған” компанияның қазір күллі әлемдік саясатқа, әсіресе ақпараттық саясатқа әсер етуде. Компания өкілдері Интернет пен заң үндестікте өмір сүре алмайтынын мойындап отыр.
Ертең Twitter-ге қонаққа барамыз. Сосын Facebook-пен кездесеміз де, әрі қарай Google мен Youtube. Сөз жоқ. Сан-Францискоға жаңа жеттік. Әдемі!
Жаңа медиа технологиялар саясаттың бір құралына айналмақ. АҚШ үкіметі енді блогтар мен әлеуметтік желілерді сыртқы саясаты үшін де пайдаланады. Сайлау алды кампания тұсында WEB 2.0 ішкі саясатты реттеуде жақсы құрал екені, енді оны сыртқы саясат үшін де пайдалануға болатыны анықталды. Алек Рос – Ақ үйге келген жас демократтардың бірі. Барак Обаманың сайлау кампаниясында жаңа медиа [...]








