Французша махаббат

FB-дағы танысымның танысы бір француз – ақын екен. Бір шумақ өлеңін әлемнің 250 тіліне аударған. Арасында қазақ тілі де бар. Енді соны дыбыстап берші дейді. Ойланып отырмын. Қазақша аудармасы әлсіз тәрізді. Әрі менің дикциям бұл өлеңге қаншалықты лайықты болатыны белгісіз. Соңғы жазбамнан кейін біраз сын естіп, үнсіз жүрмін. Өлеңнің түпнұсқасы мына жерде:

Ағылшыншасы:

Your image in the mirror

Is my most beautiful poem

But, be quick it disappears

It’s my last “I love you”!

Қазақшасы:

Сенің бейнең айнада

Менің ең әдемі шығармам

Асық, ол ғайып боп барады

Ең соңғы рет “Сүйемін” деп айтуды


  1. ұйқас қажет) ағылшыншасына да))

  2. Шағылысқан айнада бейнең сенің
    ең көрікті өлеңім ол да менің
    тезірек бол,сағым боп кетпес бұрын
    ең соңғы рет, соңғы рет “сүйем” дегін!

    • Тупак Амару

      Респект! Керемет аударма!

    • Маған мына аударма қатты ұнады. Француз тілінен тура аудардың ба? Түп нұсқасына тамаша келіп тұр. Француз тілінде бірінші буындарға түскен төрт екпін өлеңге мықты ырғақ беріп тұр. Ағылшыншасы сәтсіз шығыпты. Ақын емес, жәй біреу аударған ба? Ал қазақшасына келсек, бірінші аударманы бермей қойса да болар еді. Киноларға субтитр жазатын аудармашыларды еске түсіріп жіберді.

  3. осылай болса қалай??? :) )))

  4. Сіздің дикцияңыз тамаша! Сеніңіз, өте тамаша! Расымен де солай екеніне күмәнім жоқ! Бірақ, мына “өлеңді” оқу… Бұл өлең де емес, қара сөз де емес. Оқымағаныңыз әлдеқайда жақсырақ шығар? Ойланып көріңізші? (немесе, бір ақынға беріп, ширатып алу керек). Ал, қазіргі жақсы өлеңдерді оқуды қолға алуға қалай қарайсыз? Сіздің жұмыс орныңызда ондай мүмкіндік бар ма? Сосын ұялыдан ұялы қуалап кетер еді ол өлеңдер :)

  5. Сенің айнадағы бейнең,
    Менің ең әсем өлеңім,
    Бірақ, асық, ол ғайып қой…
    Бұл соңғы сүйем дегенім

  6. Джакомо

    Айжаннұрдың нұсқасы ұнады маған.

  7. maqpal

    менімше, өлең жолдарын созған дұрыс. Ал қысқасы менімше, мынадай болады
    Сенің бейнең айнада
    Ол менің ең әдемі туындым
    Асыққай, ол сіңіп барады
    Бұл менің соңғы рет «сүюім»

  8. Айнадағы бейнеңе қарап,
    Тұрмын сені жарға тақап ап,
    Әнім саған арналаа-а-а-ад,
    Асықпасаң ол да жоқ болад…

  9. Рахмет! Аудармаларыңызды жібердім.

  10. make

    былай боса ше:

    Сенің әсем бейнеңді
    Көргендеймін айнадан
    Жыр толқытты кеудемді
    Бөленді әнге айналам
    Сүйем деген сол үнді
    Айта берем қайтадан…




Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s



Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,201 other followers