Техникадағы қазақ тілі осыншама қорқынышты болар ма?
Өткенде банкоматтағы қазақ тіліне байланысты, сосын банктердегі құжаттарда қазақ тіліне “түкіріп” қарайтынына қатысты Қаржы Нарығын қадағалау агенттігіне хат жолдағанмын. Бүгін таңертең Зейнетақы қорындағылармен сөйлестім. Әлгі менің есімім қазақша жазылған еді ғой. Содан СИК тегімен сәйкес келмесе, зейнетақы қорына ақша түспейді екен. Мұндай сұмдықты бұрын естімеген шығарсың. Тапқан айлығымыздың он пайызын болашағы бұлыңғыр қорға аударатынымыз өз алдына, оны фамилияң қазақша деп қабылдамайды екен, әрі қабылдамағаны үшін тағы өсімпұл талап етеді. Есенгүл апай да “Түркістанға” бүгін осы жайлы мақала жариялады.
Содан Капитал зейнетақы қорына хабарластым. Мың болғыр Әділет деген жігіт осы уақытқа дейін Зейнетақы қорына аударылған ақшамның есебін поштамен жолдады. Әрі бұдан былай әрбір адамға белгілінген өз агенттері бар. Солар көмектеседі дейді. Ол агенттік қазақша білетін, білмейтінін анықтай алмадық. Сыртымыздан әйтеуір біреуді тағайындапты. Мен Капиталға сайттарыңды да қазақшалап қойыңдар дедім. Жалпы қаржылық құрылымдарда қызмет көрсету неліктен қазақ тілінде емес деген сұрақ бұрыннан көкейімде жүретін. Түптеп келгенде бұл қазақша қарым-қатынас жасау қиын түсінікпен байланысты тәрізді.
Таныстарымнан сұрасам, көпшілігі банкоматты автоматты түрде орысшасын таңдайды. Қазақшасынан қорқады. Түсінбей қаламыз деген үрей бар. Әрине техникадағы қазақ тілі осыншама қорқынышты болар ма? Жұмыс істеп отырмын. Кешкі хабарды әзірлеуім керек.
-
1
Pingback on Mar 2nd, 2010, 17:01
[...] } Банкомат тақырыбына пікір білдіргендеріңізге рахмет. Банкомат [...]
-
2
Pingback on Apr 4th, 2011, 16:39
[...] жатыр. Сонда да өзімнің қазақша мәлімет алу құқымды даулауды қоймайтын түрім бар. Сұмдық қой… Менің ай сайынғы жалақымның 10 % [...]









Ақпан 18, 2010 at 16:47
мен қазақша қолданамын АТМды, ол былайынша түсінікті ғой, ал келісімшарт сияқты заттарда әрине орысшасы
Ақпан 18, 2010 at 17:09
Жаңа депуаттарға қоңырау шалғанбыз. Банкоматта қай тілді қолданасыз деп. Дені орысша деді. Тек біреу ғана ағылшынша дейді. Қазақша қолданамын дегендерді әзірге кездестірмедік.
Ақпан 18, 2010 at 18:12
Иә кейбір адамдарда осындай комплекс бар.
Ақпан 19, 2010 at 16:06
Адамдар сондай комплекс барын білмейді. Оларға білдіртпей білдірудің жолы қайсы, ағасы?
Ақпан 18, 2010 at 18:41
Мен өзім қазақша пайдаланам!
Ақпан 19, 2010 at 16:07
Ішім сезіп еді
Ақпан 18, 2010 at 19:05
Түсінбей қалудан емес, жүйкемді жұқартпау үшін басқа тілді таңдауға мәжбүрмін
БТА-ның банкоматындағы “Жалғастыруды қалайсыз ба?” деген сұрақты көрсем, жыным келеді.
Ақпан 19, 2010 at 16:07
Хммм, интернет банкингінде де орысшасын қолданасыз ба?
Ақпан 19, 2010 at 18:44
Әзірге өреміздің жеткені банкомат қана
)) Қалғанын кейін көре жатармыз.
Манибукерстегі шотымда ағылшын тілі тұр.
Ақпан 18, 2010 at 20:03
men de orishsasin holdanam
tusinbeu haupi bar
audarmashilarimiz neshe truli gip audaradi
negizi iskerliktegi kazah tili johtyn hasi
ozim ulken bankterdin birinde isteym
ujymyzda bari kazah
birah orissha soileimiz
kazahsha soilesek “delovoylih” jogaladi deid
kazahsha bilmegenine kop kazah mahtanadi da
Ақпан 19, 2010 at 16:08
Банкте істейсіз ғой. Осы айтыңызша, банкоматтың қазақшасын кім аударады? Сол айтишнектердің мойнына жүктей салады деген ойым дұрыс еместігіне сендіріңізші…
Ақпан 19, 2010 at 20:15
))) onisin endi bilmedim
birah negizi solai siyahti))
bzde kazah tili mamandari joh hoi
bir tanisim IT mamani
uyali telefonga toleyitn apparattardagi ahparatti ozi audardi
yagni ogan audar delingen
ol menim komegime jugindi
soitip birge audaganbiz
Ақпан 18, 2010 at 22:22
сіз техника дейсіз! медицинаға бір қарап көріңізші!!! қалай болса солай аударып, аузына не келсе, соны жаза берген секілді. Қысқарған сөздері де бір түрлі.
Банкоматта ылғи да қазақшасын таңдайтынмын. Қырсық болғанымнан шығар
)))
Ақпан 19, 2010 at 16:09
Айтпа! Медицинадағы қазақ тілі қорқытпақ түгіл, өлтіретін шығар. Оны енді сен жақсы білесің.
Ақпан 19, 2010 at 11:42
Шын айтсам, қорқынышты )
Ақпан 19, 2010 at 16:10
Жалғыз емессіз!
Ақпан 19, 2010 at 15:25
Бізге бәрібір, орыс-қазақ-ағылшынша, бастысы карточкаға көөөп ақша түссе екен деп тұрамыз:))
Ақпан 19, 2010 at 16:11
Мен тәрізді карточкасына аз ақша түсетіндерге бәрібір емес-ау.
Ақпан 19, 2010 at 20:16
))))))
kop tuskeni jahsi goi))
Ақпан 21, 2010 at 13:33
Бізде АТМ дер моңғолша және ағылшынша мен көбінде ағылшыншасын қолданамын жалпы байқасам моңғолдардың барлығы банкоматты өз тілінде қолданады ешқандай қатесіз тамаша жазылған соларға қарап банкоматқа қазақшада қосса екен деп ойлап қоям сол сәтте ҚЗ есіме түсуші еді қазақшаға ынтық болып жүрген мына біздер алыста жүріп қазақшаны сағынамыз қолдағы бар алтынды дұрыс қолдана алмаса айтарым жоқ
Ақпан 21, 2010 at 19:47
Соны ағылшынша дегенше, халықаралық атауы десек, сонымыз дұрыс болар?
Ақпан 21, 2010 at 19:09
Мен патриот екенмін ғой, ылғи қазақшасын пайдаланамын.
Ақпан 21, 2010 at 19:30
Қазір осы қвзвқшвсы қисық банкомат, т.б қызмет көрсету саласындағы тілді түсініп қалдым. басында қиын болатын. Оларға да “мынанша адам қазақшасын, мынанша адам орысшасын таңдайды деген ақпарат түсіп отыратын шығар, қазақ тілін қолданушылар санын арттырайық” деп достарымды да өз тілімізде таңдауға шақырамын. Қай салада болмасын, қазақ тілінің халі мүшкіл. бірақ, ол нашар екен деп шегінуге болмайды. Әр мекемеге хабарласып, Парламенттегі көкелерді қозғап жатқан ісіңізге АЛЛА разы болсын!!! (Бекболат Тілеухан қай тілді таңдайды екен, қызық
)
Ақпан 21, 2010 at 19:44
Аударғанның көкесі осы екен деп, көптеген қызықтар мен қиыншылықтарға тап болып жатырмыз. Халықаралық тілдерді қазақшалатып мүлде қажеті жоқ. Ақылға сыймайтын әрекет жасап жатырмыз…
Ақпан 22, 2010 at 00:52
Мен орысшасына жүгінем. Қазақ тіліндегісіне бір мәрте аузым күйгесін дейін десем, одан емес. Пікірлесушілердің бірі білдіргендей, жүйкемді жұқартқым келмейтіндіктен болар. Ал техникалық қазақ тілі… Ол сіз бен біздің дұрыс-бұрыс аудару мәселесіне бағынышты емес. Неологизмдердің жалпықоғами санаға берік орнықпауынан. Бұйырса, ақырын-ақырын АТМ машиналары, басқа да электронды құралдарда төл тілдің мәртебесі лайықты орнын табарына түбі сенем…
Ақпан 22, 2010 at 16:16
Банкоматты қазақша қолданамын. тек жақында Казкомда паролымды өзгертейін деп өзгерте алмадым, жаңа пароль жазғаннан кейін екі вариант тұрады: Жалғастыру және Өзгерту деген. Өзгерту дегенге басып қалып едім, карточкамды шығарып тастады. сөйтсем Жалғастыруға басу керек екен
енді орысшасын қолданатын шығармын.
айтпақшы Капитал жақсы фонд, отчеттарын оперативно жібереді электронкаға тек айтсаң болды.
Ақпан 22, 2010 at 17:36
бұрын орысшасын/ағылшыншасын қолданушы едім. сосын бір күні құрбым “банкомат болсын басқасы болсын, қазақ тілі деген option тұрған жерде қазақ тілді сен таңдамасан кім таңдайды? мысалға сол банкоматтарға счетчик орнатылған болса, қазақ тілін 5 пайыз ғана қолданады деп тұратын болса қазақ тілді мүлдем алып тастауға толық құқылы болады емес пе” деді. Енді үнемі “в поддержку отечественного производителя” қазақшаны таңдайтын болдым. для галочки. кейін басқа тілден қайта қарау керек болса да.
Карточкадағы балансты білу үшін банктарға звондаған кезде тілді таңдаңыз деп тұрады ғой – сол кезде де қазақ тілді таңдаймын. бір жақсысы онда ешнәрсе айтпайсың ғой – бірді басыңыз, екіні басыңыз дейді да қояды. Кеше интернет арқылы төлем жасау үшін “по привычке” қазақ тілін таңдап қойып, оператормен қазақша сөйлеуге тура келді. Қиналғаным-ай. Ол да қиналды. Бірақ екеуіміз де қоштасқанға дейін бір де бір сөз орысша қоспауға тырысқанымыз сөзсіз заслуживает похвалы.
Жәй мақтанғым келді. а-ля “минута славы”.
Ақпан 22, 2010 at 20:19
Ал, 09-ға хабарласып, қазақ тілін таңдаймын. көбіне орыстар отырады. Қазақша сұрасаң, қазақша жақсылап жауап береді. Тамаша!
Ақпан 23, 2010 at 05:39
Өткен 20 жылда Қазақ тіліне байланысты біраз жұмыстар атқарылғаны шын. Оны мойындау керек. Мысалы, бір ауыз Орыс тілін білмесемде сол банкдердің бірінде қызмет істедім. Қазақша және Ағылшынша қолдандым. Өйткені еш қазақ тілін білмейтіндерде( түсінбейтіндерде) болды. Бірақ СЕН Қазақша сөйлесең ешкім сенің аузыңа қақпақ болмайтынын( Аузыңды жаппайтынын) және саған сөйлеме деп айтпайтынын түсіндім.
Ал АТМдерге келер болсақ, кешіріңіздер сонда біз өмір бойы АТМдерді ( және осындай құралдарды) Қазақшалаумен өтеміз бе?
Барлық АТМдерді( Осындай құралдарды), депудаттарды тіпті Президенттің өзі барлық мәлімдемесін Қазақшаласада бұл ел ( Қазақстан) Қазақшаға көшпейді. Мұны түсінетін уақыт жеткен сияқты.
Кейбір адамдар ойлайды, бастықтар( Президент, Үкімет) Қазақша сөйлесе бәрі жөнделеді деп. Жоқ олай емес.
АТМді Қазашалау бұл проблеманың бетін жапқышпен жақсып жауып қойғанмен тең, ягни біздің( Қазақ тілің) проблемасына шешім емес. Бұл проблеманы шешудің жолы текғана сол проблеманы түбімен құрту. Ендеше қалай түбімен құртамыз? Сол АТМдерді жасап біткен соң қазақшалау емес, соны Қазақша жасауда. Әрине ондай мамандар Қазақстанда бар болғанмен Қазақ тіліне жаны ашитындар аз. Солардың санын көбейту керек.
Қортынды, егер Қазақша АТМ қолданғыңыз келсе, онда өзіңіз сол АТМді Қазақша жасайтындай дәрежеге жетіңіз, немесе балаңызді сол дәрежеге жеткізіңіз.
Әйтпегенде, Қазақ тілі 2030 жылы болғанда да осылай Қазақ тілді журналистердің, оралмандардың және азғантай елін жерін ойлаған азаматтардың тілі болып қала бермек.
АТМ тек өрнек ретінде алынды.
Ақпан 23, 2010 at 11:52
Әйтпегенде, Қазақ тілі 2030 жылы болғанда да осылай Қазақ тілді журналистердің, оралмандардың және азғантай елін жерін ойлаған азаматтардың тілі болып қала бермек.
Тауып айтылған сөз