Archive for Ақпан, 2010
* 25 – Ақпан бейсенбі Мәуліт ан-Нәби Пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні (11-12 рабиулаууал Сәрсенбіден Бейсенбіге қараған түн) * 13 – Маусым жексенбі Ережеп айының 1-жұлдызы * 17/18 – Маусым бейсенбі/жұма Рағайыб түні * 9/10 – Шілде жұма/сенбі Миъраж түні * 13 – Шілде сейсенбі шағбан айының 1-жұлдызы * 26/27 – Шілде дуйсенбі/сейсенбі Бараат [...]
FB-дағы танысымның танысы бір француз – ақын екен. Бір шумақ өлеңін әлемнің 250 тіліне аударған. Арасында қазақ тілі де бар. Енді соны дыбыстап берші дейді. Ойланып отырмын. Қазақша аудармасы әлсіз тәрізді. Әрі менің дикциям бұл өлеңге қаншалықты лайықты болатыны белгісіз. Соңғы жазбамнан кейін біраз сын естіп, үнсіз жүрмін. Өлеңнің түпнұсқасы мына жерде: Ағылшыншасы: Your image [...]
Өткенде банкоматтағы қазақ тіліне байланысты, сосын банктердегі құжаттарда қазақ тіліне “түкіріп” қарайтынына қатысты Қаржы Нарығын қадағалау агенттігіне хат жолдағанмын. Бүгін таңертең Зейнетақы қорындағылармен сөйлестім. Әлгі менің есімім қазақша жазылған еді ғой. Содан СИК тегімен сәйкес келмесе, зейнетақы қорына ақша түспейді екен. Мұндай сұмдықты бұрын естімеген шығарсың. Тапқан айлығымыздың он пайызын болашағы бұлыңғыр қорға аударатынымыз өз [...]
Бұған дейін айтпай жүр едім. Уақыт келген сияқты. Өмірімде алғаш рет радиода (102.2 Energy FM) қызмет етудемін. Әдетте эфирге 07.30, 12.30 және 18.30-да шығамыз. Жеті жылдан аса уақыт бойы газетте жұмыс істеген маған қазақ тілінде экономикалық радио хабар жасау қызық көрінді. Өзімді де сынап көргім келді. Әрі жаңа нәрсе десе, елеңдеп қалатыным бар. Біздерді радиода [...]
Конудкторлар жолаушыларды “тәрбиелегенше” өздерін тәрбиелеп алса жақсы болар еді. (37 автобусқа отырғаннан кейін туған ой) Америкалықтар қазақтардың жүз бен руға бөлінуіне қарсы емес. Визу толтыру құжаттарында ру сұралатын болыпты.
WP жаңа бір функциясын тексеріп, бұрынғы бір сұхбатты жариялап отырмын. Егер бәрі сәтті болса, онда бұдан былай үнхабарларды да жариялай аламын деген сөз. Ал кеттік! Blog in Kazakh -3.mp3
Жаңартылды: Шетелдегі бір байлардың ақшасы елге кері қайтарылады деген. Бірақ ол ақша осындай бір қайырымдылық мақсатта жұмсалуы керек-ті. Сөйтіп “Бота” атты қор құрылған. Бұл қор білім беруге жәрдемдесумен айналысады. Төмендегі ақпаратты оқып шығып, мүмкін болса, қажетті деп тапқан жандарға да жіберуіңізді сұраймын. Кешелі бері осы қордың өкілімен хат алысып жатырмын. Мәліметтің дұрыс нұсқасын жариялауды өтінуде. [...]
Герольд Бельгердің ойын менің құрдастарыма түсіну де, қабылдау да оңай сияқты. Себебі оның ойлары қазіргі шындыққа жақын. Что мы строим в Казахстане? Обсуждается это уже давно. И в какое-то время даже власть предержащие не знали, куда мы движемся, и что они хотят строить. Чуть позже возникла идея построения гражданского общества. Я считаю, такое общество – [...]
Басқаша айтпасқа амалым жоқ. Соңғы кездері банктерге жиі баратын болдым. Баратыным негізі үш банк. Қазком, Халық банкі және АТФ. Сосын кейде жұмыс бабымен Центркредитке де барамын. Біріншіден, мен атаған банктердің банкоматтарында қате көп. Басқа салада қате болса, оның зиянын бірден сезінбессің. Ал мына жерде қайдағы бір сауатсыз аударма үшін қалтаңдағы ақшаңнан қағылып қаласың. Мәселен, казкомның [...]








