Archive for Қаңтар, 2010

Көбіне маған ондай пікірлерді mail.ru дан басқа поштасы жоқтар, әрі сол желіде көп уақытын өткізетіндер қалдыратынын ішім сезеді. Сол торапта қазақтың төл әріптері көрінбейтіне еттері үйреніп кеткендіктен басқа желілерде де солай жаза береді. “Калайын? Не истеп отырсын?” деген хабарлар чатта да көрініс табады. Сондайлар бірте-бірте қазақ тілі техника тіліне лайықталмаған деген стереотиптен арылай алмайтын ауруға [...]

Журналист ретінде жиылыстарға шақыратын. Бірақ блогшы ретінде алғаш рет Ресейден қоңырау шалып, арнайы шараға шақырды. Өзім де таңқалдым. Новосибирскіден екен. Intel деген компания өкілі Алматыда арнайы шараға келуімді өтінді. Дүйсенбіден бері үш қайтара хабарласқан шығар. Өзіме де қызық. Блогшы ретінде шақырған соң, не қызық болады екен деп ойладым. Әйтпесе, Intel деген жазуды тек қана компьютерлердің [...]

Бұнымды жасырмаймын. Түсініксіз жағдайда жабылып, түсініксіз жағдайда қайта ашылған блогтұғырдың алдағы жағдайы қалай болатыны алаңдатады. Екі шұқып, бір қарайтын заман туғанын ұқтырды. Өткенде АҚШ елшілігінде жиналдық. Хиллари ханымның “Интернеттегі бостандық” хақында сөйлеген сөзін тыңдатты. Сосын журналистер өзара шай үстінде еліміздегі интернет бостандығын талқылады. Дені орыстілділер, әрі Интернетті реттеу туралы заңға қарсылықтарын білдіргендері айтпаса да түсінікті [...]

Ал, Құдайым оңдасын, Hack шабуыл болмасын! Түрлі жайсыз ақаудан Админдерім қорғасын! Күнде оқып жүрейік Блогтардың жорғасын. Кірлетпей таза ұстаңдар Блогсфера ортасын. Нәсіп болсын ішуге, Небір дәмді сорпасын. Заңды аяқпен баспасаң, Кім кеп сені зорласын?! Қайда жүрсең, бәріңнің Түзулік болсын жолдасың! Әәәәууууумминн!!! Бата: Нұрғисанікі Сурет: Нұргелдінікі

Жаңа блогыма пікірлер келе бастады. Тексеріп көрсем, блогым бұрынғыдай ашылып тұр. Десе де көңілде бір кірбің қалып қойды…

Жаңа ғана поштама келіп түсті: Қаңтардың 21-інде АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтонда әлемдегі Интернет бостандығы хақында сөз сөйлейді. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы қаңтардың 22-сінде, жұма күні осы оқиғаға қатысты дөңгелек үстел өткізіп, Қазақстандағы Интернет бостандығының жағдайын талқылап, Клинтонның ұстанымы төңірегінде ой өрбітпек. Елдегі Интернет бостандығының хал-ахуалына алаңдаушылық білдіретін халықты осы отырысқа келіп, пікір білдіруге [...]

Өткен жұмадан бері (15.01.2009) Қазақстанда wordpress.com блогтары кейбір компьютерлерде ашылмай жатыр. Сұрау салғанда интернет қолданушыларда блогтар ашылуда. Сондықтан тұтастай құрсауланды немесе құрсауланбады деп те айту қиын. Қазіргі кезде worpdress.com блогтарын Opera Turbo және анонимайзер бағдарламалар арқылы көруге болады. Блогтар не себепті жабылды? Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Алдағы бір-екі күнде ҚР Ақпараттандыру және Байланыс [...]

Жұмаларыңыз қабыл болсын! Осы аптада біраз адамды өкпелетіп қойған сияқтымын. Кешірім сұраймын…

Өткенде Nokia қазақша телефондар шығара бастайды шығарып жатыр деп айтып едім. Таңертең Nokia-ның Алматыдағы өкілдігімен кездестім. Біраз сөйлестік. Жақсы, жаңа телефондар шығатын болыпты. Тек дәл қазір емес. Бірақ биылғы жылы. Онымен әңгімелесе отырып, мынадай бір ой санамнан кетпей қойды. Әңгіме барысында ол, әрбір телефонда ән таңдау функциясы болатынын айтып отырды. Қазақ – әншіл халық. Қалтафонда [...]

Әлемторда америкалықтар асырап алған қазақ балалары туралы ақпараттар жиі ұшырасады. Бұның алдында Ақтөбеден асырап алынған бала туралы жазып едім. Johnson and Johnson компаниясын білетін боларсың. Солардың мұрагері Кейси [орыс.т]  екен. Сол осыдан үш жыл бұрын Қазақстаннан қыз асырап алған. Есімін Ава деп атаған (суретте). Сол Кейси әйел бола тұра әйелмен отасқан. Отасқаны – Тила Текила. [...]





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers