Archive for Желтоқсан, 2009
“Өзің ойлап қарашы, кіп-кішкентай бозторғайдың әні күллі далаға естіледі, ал театр әртісінің айғайын үшінші қатардағы адамнан кейінгісі ести алмайды”… Бір кісі әдемі сөйлеуді үйретеді деген соң барып едім. Сол кісінің айтқанынан есімде қалғаны. Бұл сөздің астарында біздің жаратылысымыздың өзінде дұрыс тыныс алып, үнді дұрыс шығару жатыр. Адам жүре келе дұрыс дем алмайды, сүйегі дұрыс бітпейді, [...]
… Бішкектегі «После похмелья» (Басжазар) кафесіндегі даяшы қыздың не себепті бізден: «Сіздер түріксіздер ме?» деп сұрағанына әлі таңмын. Әуеліде барлық тағамға тапсырысты қазақ тілінде бердім. Ас мәзірі әрине орысша еді. Ол болса, миғынынан күлді. Одан соң Қуаныш өзбекше «гәпірді». Қара көзді қыз көзін бағжаң еткізді. Нұргелді шыдамады білем. Орысша сөйледі. Біз оған «Қазақпыз. Қазақстаннан келдік» [...]
NB: Досым поштама салып жіберіпті Мұхарам айы – мұсылмандардың ай санауындағы бiрiншi ай. Мұхарам айы туралы қасиеттi Құранда және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисiнде де айтылып кеткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мына бiр хадисiнде «Рамазаннан соң ең қасиеттi ораза Аллаһ Тағала айы болған Мұхарамда тұтынған ораза, парыз намаздан соң ең қасиеттi намаз ол – түнгi (тахажуд) намаз. Осы Мұхарам айында қасиеттi бiр күн бар, ол [...]
Ауылда Бәкеңнің балтасын бәрі мақтайтын. Қылшылдап тұрған балта Бәкеңнің ажырамас бір бөлшегіне айналған. Шағын ауылдың тұрғындары сол балта бір күні Бәкеңнің қорасынан ұрланып кетеді деп ойламапты. Күллі ауыл болып қайғырды. Үйреніп қалған балтасы қолында болмаған соң Бәкеңнің ісі де өнбейді, қолы да жүрмейді. Қайғырып, төсек тартып қалады. Десе де түн ішінде санасын күдікті ой түрткілеп, [...]
Өткенде қазақ баласы Метью неге блог бастап жүр десем, әкесі де блогшы екен ғой. “Ата көрген блог бастар оқ жонар” деген осы болар… Суретте Метью және оның отбасы.
Күні кеше Қазақстан әлемде білімді дамыту бойынша 125 елдің ішінде үздігі аталыпты. ЮНЕСКО жасаған зерттеуде халықтың орта білім алуы, мектепті соңына дейін бітіріп шығуы, оқушылардың білім деңгейі негізге алынған. Бүгін маған мынадай қызықты есеп келіп түсті. Автобуста жеті қыз бала отыр. Әр қыз баланың иығында бір-бір сөмке. Әр сөмкеде бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың жеті [...]
Германияның Аахен қаласында оқып жүр. “Болашақ” бағдарламасы бойынша. “Стипендия жеткілікті. Сабақтан бас алмай оқу керек. Сабақтардың дені неміс тілінде, бір-екеуі ағылшын тілінде” дейді. Оқып жүргені ғарыш саласына қатысты. Өткенде өз блогында Ансар байқау жариялаған. Жүлдегерлеріне біраз қызық кітаптар әкеліпті. Қазір Алматыда. Кейін ауылына бармақшы. Сосын Германияға кері қайтады. Ансар – қазақ блогосферасында белсенді жандардың бірі. [...]








