… Бәлкім сіз сенбессіз. Бірақ өзгелер Русланнан үлгі алуы керек тәрізді. Кәдімгі өзіміздің Русланнн ше. Кеше жұмыстағы қарбалас арасында Ақзере қоңырау соқты. “Жиналып жатырмыз. Келіңіз” деді.
Бұл уақытта көшедегі көлік кептелесін ескеріп, жаяулап тарттым. Жол бойы
“Егер Русланның өзі телефон шалмаған болса, бір себебі болған-ау, бәлкім, ол терминаторлардың бірі болар”
деген ой келді.
Көшенің қалтарыс, бұлтарыстарымен жүріп, Неке сарайында да жақындадым. Соған қарсы тұрған Тереза деген сөзі бар әдемі мейманхана екен. Бұрышта үшеуі отыр. Мен кем дегенде он шақты блогшылар жиналап, гу-гулетіп жатқан болар деп ойлағанмын.
Руслан күлді. Ақзере мен Балдырған орындарынан тұрды. Біртүрлі ұялып кеттім. (Жасұлан, қолдарынан ұстаған жоқпын
) Руслан әңгіме тиегін ағытып отыр екен. Борандатып келген мен, салған беттен өзімнің баяғы бір қызықсыз концепияға толы тақырыптарымен шайды суытып жібердім ғой деймін.
Құдай сәтін салып, кешікпей Асқар да келді. Гаста ше. Иә, оны да көретін көзім бар екен. Дәл қасында отырдым. Сосын Рауан келді. Маған басында Оралдан келеді дегенге. Бұл кім болды екен деп ойласам. Біздің блогтарды RSS қосып қойған бірақ көп пікір қалдырмайтын, менімен бірге Бішкекке барған Рауан екен. Общым, пиццалы кездесу болды. Айтпақшы, Русланннан үлгі алу керек дейтінім. Ол өзгелерге үлкен өнеге, тіпті, бір игі дәстүрдің шетін шығарып, Алматыға Ақтаудан келіп, кездесудің жолын салып кетті. Нұреке, біз заң туралы көп сөйлескен жоқпыз. Құдай ақы! Интернетті арамдау ешкімнің ойына да келіп шыққан жоқ.





Қараша 4, 2009 at 10:55
термитор деген не а?
Қараша 4, 2009 at 11:23
терминатор деп жөндеп қойдым. Ерлан Оспан бір сөзінде IT саласының мамандарын солай айтып еді. Себебі олардың терминмен сөйлегендерін түсінудің өзі мұң. Көңіліме қонған сөздердің бірі болған соң қолдандым
Қараша 4, 2009 at 11:07
http://quessir.yvision.kz/ – барып қарадым. жазулары ұнады. жиі кіретіндерімнің тізіміне қосып қойдым. рахмет.
Қараша 4, 2009 at 11:34
Рауан қуанып қалатын боды ғой, Елеке. Мен әлі оның қандай үлкен жобалар жасап жатқанын айтпадым ғо. Қазнеттің жарқырап келе жатқан жұлдызы!
Қараша 4, 2009 at 15:53
Завязывайтешейш))
Қараша 4, 2009 at 15:54
Рахмет, Эльвира. Өте қуаныштымын.
Қараша 4, 2009 at 17:08
Айтпақшы, Елеке! Әңгіме арасында бірінші болып, сіздің блогыңызды есімізге салған осы Рауан болатын. Сіздің блогты бір кісідей оқып тұрады екен.
Қараша 11, 2009 at 23:55
Men de! rasinda – jaksi jazasiz. jiirek jazip turiniz.
Қараша 4, 2009 at 11:17
Біз де осы сіздің алдыңғы жазбаңызды оқып, дистанция сақтауды жөн көрдік..
Кездесуге келгеніңізге рахмет! Бірақ әдеттегідей сіздің блогосфера жайындағы үлкен жобаларыңызды ести алмай қалдық ))
Қараша 4, 2009 at 11:27
Бәлендей жоба да жоқ. Жай ойларым ғой. Мені түсінетін өздерің ғой. Сондықтан осындай кездесулерді күтіп жүремін. Сондай кезде бөліспесем, ойларым көбелектей ұшып кететін сияқты.
Қараша 4, 2009 at 11:41
айтпа…
Азды-көпті жаңалық естіп қалдыық. Бөліскеніңізге, шақырғаныңызға рахмееет!
Қараша 4, 2009 at 11:52
Сізге рахмет! Бал қосылған шайыңыздың дәмі әлі де таңдайымнан кетер емес
Қараша 4, 2009 at 13:58
Kandai kuwtiiiiii! kezdesip turasyndar!!!
))
))
iwimnen kyzganyp otyrmyn
keremet eken!!!
Қараша 4, 2009 at 17:09
Айжан, Астанада да ұйымдастырып көрсеңдерші. Нұрғиса ағаң бар дегендей, бәрің жабылып, бір кездесу жасап көрмедіңдер ме?
Қараша 5, 2009 at 17:19
Жақсы қарсы алдыңдар. Рахмет.
Қараша 5, 2009 at 17:28
Саған рахмет, Руслан. Жиі-жиі келіп, қуантып тұрыңдар!
Қараша 9, 2009 at 09:52
Гастарбайтер ұялшақ бала шығар я? Бірақ, мен білсем, ешкімге сөз бермей, тек өзі сөйлеген болуы керек… Анау солай де форумында бәрі оны ақылды, көп білетін, көп сөйлейтін білгір адам ретінде танитын сияқты еді… Неужели Гастаның дәл қасына қонып отырдың, ә?!?! Асқар мен Салтанат салтанат сарайының қасында ақыры танысуында үлкен бір гәп бар десем, аты аталғандардың жыны шыға ма, жоқ па? Әліптің артын бағайық…
Қараша 9, 2009 at 12:42
Gastany uyalshak bala dep oilamaim:) skoree vsego kop soileitin shygar:)))))
Қараша 9, 2009 at 13:38
Гаста жақсы бала. Нүкте!
Желтоқсан 3, 2009 at 17:08
Нұреке, САлтанатпен салтанат сарайына емес, Арбатта танысқан едім содан жарты жыл бұрын.
Әліптің артын бағам деп, әркімнің артын бағып кетпе:))))
Қараша 12, 2009 at 13:07
Нүкте емес, леп белгісі болғанға қарағанда…
Желтоқсан 3, 2009 at 17:03
Нұрғисаның блогына сол үшін күніне 5 рет кірем… Себебі, жазған пікіріңді жауапсыз қалдырмай, әп-әдемі пікірталаса біледі. Сенікі дұрыс, деп келісе беретіндерден сақтасын құдайым.
Айтпақшы, таз таранам дегенше той тарқайды демекші, мен отырыстың аяғында келген едім, Асхаттың мейірімділігіне риза болдым, қап веб камерам болмай тұр, әттең әдемілеп пародия жасар едім Өрімталға.))))
Өзіңе мүлде ұқсамайтын адаммен тіл табысу қиын деп кім айтты?????
Желтоқсан 3, 2009 at 18:27
Хэ, хэ кешігіп болса да, пікіріңді білдіргеніңе рахмет!