кездесуЕкеуміз Сейфуллин мен Бөгенбайдың қиылысында кездесеміз деп келістік. Поштамдағы чатыма: “Он бес минуттан соң боламын. Құстай ұшып барамын” деп хат қалдырды. Уақыт болды-ау дегенде уәделі жерге шықтым. Көрінбейді. Телефоным шыр етті. Қабанбай мен Бөгенбай көшелерін шатастырып алыпты. “Көлігіңмен төмен қарай түс” дедім. Бес минуттай уақыт өтті. Телефоным тағы да белгі берді. Айналама қарасам, көшенің арғы бетінде тұр. Үстіндегі пальтосы өзіне сондай қонымды. Мені көріп, қуанғаны алыстан ақ байқалып тұр. Құшағын ашып, маған қарай жүгіріп келеді. Келді де, құшақтамаққа ұмтылды… Аң-таңмын. Эмоциясын жасыра алмайтынын бұрыннан білетін едім. Өткендегі бір аударма үшін қағаздарын көрсетті. Қол қойдым. Рахметін жаудырып, өз шаруасымен кетті.

Жұмысқа келген соң, бірінші кезекте оған хат жаздым.

“Кешір, Света! Менің дінім, қыз балалармен құшақтасып та, сүйісіп те амандасуға рұқсат етпейді. Достарыма алдын ала ескертуші едім, саған айтуды ұмытыппын :)

Кешке қарай Светадан хат келді: “Құдай-ау, ертерек айтпадың ба? Сені көптен көрмеген соң, қуанып кеткенім ғой. Әлі эмоциямды жасыра алмайтынымды білесің ғой. Келесі жолы ескеремін” дейді. Достарымыз көп. Алайда мұсылман екенмін деп, өзге сенімдегілермен араласпай тұйықталу маған жат. Ойланып отырсам, мен оларға өз дініме қатысты жайтты ескерткеніммен, олардың да сенімінде не істеуге болып, болмайтынын білмейді екенмін ғой…

Жалпы, мұсылман емес достарыма арнап, ортақ бір “Ереже” жазып қоюым керек қой деймін :)

  1. Көріскен  кезде, бетімнен сүйіп, амандасушы болма. :)
  2. Ораза уақытында қонаққа шақырсаң, кешке шақыр
  3. Жұма күні намаз уақытында мені іздеме т.с.с.

Сурет СС рұқсаты негізінде worldeconomicforum есімді Flickr қолданушысының мұрағатынан алынды


  1. Баян

    Қол алысып амандасуға болады ма?

    Шынымен ескеретін жағдайлар екен.

  2. Хммм, :) Малайзияда оқушылар мұғалімдерімен амандасқанда қолдарынан сүйеді екен. Мектепте мұғалім болған бір танысым, сондай бір қызық айтып берген. Сабақ басталмас бұрын қолымды күніне жиырмадан аса оқушы сүйіп шығады деп :)

  3. hehe, kyzyk bolgan eken. Malaziayny aitam da!

    kol alyp ta amandasyga bolmaidy goi ia?

  4. Баян

    Асхат, амандасудың түрлерін әңгіме еттік ғой, жалпы, мұсылман қыздары ер адамның көзіне тіке қарауға болмайды деп жатады ғой, бірақ бұл қағиданы ұстану қазір мүмкін емес секілді. Қалай ойлайсың ?

  5. Оһо, енді бірнәрсе десем, “аузымнан авария болатын” сияқтымын ғо :)

  6. Германияда әйел адамдармен сәлемдескенде қол алыспай 1,5 жыл бойы жүріппін. Кейін Қазастанға барғанда, әйел адамдармен қол алысып сәлемдескенде ыңғайсызданып қалдым. :) Қолыңды созғың келмейді.

  7. Меніңше, бұның басқа діндегі әйел адамға ғана қатысы жоқ секілді.

  8. АРБ! Бауырлар
    Шындығында Исламда әйелмен амандасу блай тұрсын бетіне қарауға болмайды. Егер өз әйелің болмаса әрине.
    Өз әйелің болмаса деп қоямын ау Асекең бойдақ екен ғой.
    Бірақ Асеке сізге де қарауға болмайды. как поняли прием.

  9. Garfield

    ммм.. да. көрген кезде, қолмен де бетпен де, амандаспай, әшин қалайсың? деп күліп қарай салу керек десеңішші

  10. naqirus

    Дәреті бар адаммен, дәреті жоқ адам амандасса, қайсысының дәреті бұзылады?




Leave a Comment