Archive for Қараша, 2009

Атыраудан келдім. Трениг өтті. Он беске жуық қатысушылар жиналды. Құрбан айт екеніне, демалыс екеніне қарамастан, осы тақырыпқа қызуғышылық танытқандарға рахмет. Атырау ұнады. Тап-таза. Әдемі екен. Күн райы да жақсы болып тұрды. Атыраулықтар: “Сіз жаңбырлы кезде келмегеніңіз жақсы болған екен” деп жатты. Жаңбыр жауса, ми батпақ болады екен. Мешітті көрдім. Исатай мен Махамбеттің ескертіші де сол [...]

Isatay men Makhambet!

Training otken jer

Training otken jer

Шүкіршілік, көпшілік блог ашты. Пошта тіркеді. Жұрт құрбан айт тойлап, айт шай ішіп жүрсе, біз мында жаңа медияның қыр-сырына қанығудамыз.

Qurban ait mubarak!

Qurban ait mubarak!

Jezqazgan meshiti!

Jezqazgan meshiti!

Сонау Германиядан жеткен қуанышпен бөліскелі отырмын. Рахмет, Сағын!

Сауалнама. Аралайық қазнетті баяу ғана, Сауалнама. Сіз бен біздің санымыз жазыла ма? Кезекті жазбаны өлеңдетіп бастауымның себебі «Қазақ блогосферасының тынысын бағамдауға арналған» сауалнамаға жұрттың назарын аудару еді. Бұл қаншалықты сәтті шыққанын білмеймін. Бірақ сауалнаманың нәтижесі шынымен де қызық, әрі бұл бір қолға алып отырған маңызды істердің бірі екенін айтқым келеді.

… Өмір заңы солай ғой. Бәрі де қонақ. Әкешім де қонақ болды. Аллаһ тағала өзі берген жанды өткен аптаның бейсенбісінен жұмаға қараған түні қайтарып алды. Жұмыста едім. Көкем хабарласты “Әкеңнен айырылып қалдық-ау…!” деді. Билетті қалай алғаным, пойызбен Жезқазғанға қалай жеткенім қазір есімде де жоқ. Пойыздан түсе салысымен туғандар қаумалап алды. Бірден мешітке келдік. Жаназасын шығаруға дайындық жүріп [...]

Әдетте басымызға бір ауыртпалық түссе, сабырсыздық танытып, өмірде жолымыз болмайтынын, ешкім де бізді түсінбейтінін айтып, налып жатамыз. Мына бір бейнеклипті көрген соң, өрендердің сөзін тыңдаған соң, Аллаһ жаратқан осы бір болмысымызға ренжу – үлкен айып деп ойлап жүрмін. Жұма күнгі дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers