Қазақ блогшыларының суреттері газетте жарияланды!
Жолай екі газет сатып алдым. Алғашқы бетінде Астананың қоқысына лақтырылған Керей мен Жәнібек ескерткіші тұратын болар деп ойлағанмын. Қателесіппін. Бірі Тоқаевтың сапарын, екіншісі президенті жазыпты.
Бізде қазақ баспасөзінде ұлттық мәселені айғайламай, ұрандамай, нәзік жолмен жеткізу деген жазылмаған ереже бар тәрізді. Бұл әрине дұрыс қой. Бірақ қазір ақпараттың дені бір құрылтайшыға қараған соң, әуенге де солар тапсырыс береді.
Жалпы, газетті сатып алуыма “Айқын” газетінің бүгінгі санындағы Кәмшаттың “Қазақ блогосферасы: Тілді сақтаймын десең, Интернет тілін қазақша сөйлет!” мақаласы түрткі болды. Бекжан, Нұрғиса үшеуіміздің пікіріміз беріліпті. Бұл мақала күні кеше Астана Ассамблеясындағы қазақ тіліндегі интернетке қатысты жиын өтпесе, шықпай да қалар ма еді. Мақала ішінде Ерлан, Аршат есімді блогшылардың есімдері де аталады
Бір қынжылатыным, әлі күнге дейін блогосфераны, интернетті белгілі бір адамдар ғана дамыту керек деген түсінік қалыптасып келеді. Күні ертең бір нәрсе дұрыс болмаса, сосын солардан көрмекші. Үндемей жүре берген де жөн шығар…
Кәмшат, қазақ тілді блогосфераның насихатына қосып жүрген үлесің үшін шексіз алғысымды білдіремін!
P.S. Газетке шығу мүмкіндігі болған соң, wordpress блогтары соңғы кездері ашылмай қалатын бір ауруға ұшырағанын айтамын деп тұрып, тілімді тістей тұруға тура келді. Әуелі дамып алайық. Проблемамызды сол кезде, бәлкім айтармыз.
Сурет СС рұқсаты негізінде iamperegrino есімді Flickr қолданушының мұрағатынан алынды









Қазан 29, 2009 at 11:21
Жарайсыздар! Құттықтаймын!
Қазан 29, 2009 at 12:41
Әп, бәрекелді-і-і!!!
Қазан 29, 2009 at 12:56
қайдан оқуға болады мақаланы? газетті сатып ал демеші только. рахмет.
Қазан 29, 2009 at 13:30
мен ештеңе демейін онда, Эльвира!
Қазан 29, 2009 at 14:39
Эля, aikyn.kz деген сайтқа кір, АДАМ ЖӘНЕ АҚПАРАТ деген мақала көресің. Асхат, Нұрғиса, Бекжанның суретін көресің. соның астында “Подробнее…” дегенге бас
Қазан 29, 2009 at 14:47
Рахмет, Аршат! Қашан жаңартар екен деп отыр едім. Сілтемесін қосып қойдым. Ішінде Элекеңнің де аты аталады ғо
Қазан 29, 2009 at 14:50
Аршат айтқан сілтемеден оқып алдым
Блогтағы мәдениеттілік турасындағы айтылған тұстарын дәл айтыпсың.
Жарайсыңдар!
Қазан 29, 2009 at 14:51
Қандай жылдамсың, Баян! Дайын жүріңдер. Бір күні сендерден де журналистер пікір алып, қалуы бек мүмкін!
Қазан 29, 2009 at 14:50
дұрыс. аты аталатындардың атын атап жүру керек әрдайым. қазақ аудандық газетке де аты шыға қалса қиып алып қояды ғой. кеттім киоскіге, Айқын алам. қиып алам. алып қоям
Қазан 29, 2009 at 21:02
Қазан 30, 2009 at 15:52
не понял. “wordpress ғана блогтұғыр ғана қазақ әріптерін қолдайды” дегенің қалай, Асхат? блогспот ше? әжептеуір қазақша әріптері бар емес пе оның да
Нұрғиса өте политкорректно жазыпты.
Бекжан тамырын дөп басып.
жарайсыңдар. ал негізінде қазақ блогшылар туралы емес, қазақ сайттар туралы сөз қозғау керек еді Кәмшатқа. Сонда массағанды мақтана айтуға болар еді. Мысалға ішіндегі онлайн 3 тілді сөздікті.
Қазан 30, 2009 at 16:17
Келісемін, негізі қазақтілді сайттар мәселесін де көтеру керек. Кәмшат алдағы уақытта massagan тәрізді үлгілі сайттарға жеке тоқталар деген үміттемін. Қазір “Айқынның” “Дидар” қосымшасын жүргізіп жүр ғой
Wordpress-ке екпін бере айтқандағы мақсатым, оның қазақ әріптерін қолдайтыны әрі интерфейсінің қазақшаланғандығы еді. Соңғы шығып жатқан интернет браузерлер барлық қазақ әріптерін көрсетеді дегенімізбен, блогспотта қазақ әріптері ішкі интерфейсте әзірге бәрінде бірдей көрінбейді. Келісемін, wordpress-пен бірге, blogspot-ты, yvision-ды қоса айтқанымда қатып кетер ме еді. Келесі жолғы пікірді өзіңізден алсын деп айтайын, Элеке!
Қазан 30, 2009 at 16:48
Құдай сақтасын..
аааа! өзіңше ақылды болып айтқанымды айамысың? жооқ, біз сіздердің айтқандарыңызды бақылап/оқып жүре берейік(ші). қанағат жарықтық. гыгыгыгы.