Сіздерде де солай ма? Апта сайын той. Жатақханада бір бөлмеде бірге тұрған достарым тойларына шақырды. Қуаныштарына ортақтасу міндетім. Жаркенттетіп кеттім. Алдағы аптада Шуда бір той бар. Шулатармыз
Одан кейін тағысын тағы.
Жаркентте бірнеше үйде болдым. Ауылдағы құрдастарымның құндылықтары басқа. Көбіне отбасы, туған-туысқан төңірегіне топтасады. Жөн-ақ. Былтырлары үйленгендердің бөпелері тәй-тәй басып, қылықтарымен қуаныш сыйлап жүр.
Тойдың арақсыз өтуіне басында қарсы болған. Қазір бәрі түсіністікпен қарайды.
Достарымның әке-шешелері елден ұят дегеннен бұрын, балаларының бақытын алдыңғы орынға қоя білетіндері ұнайды.
Көптен тілек айтпаған соң, жаттауымды да ойдағыдай айтпадым. Басы былай басталатын. Бұрындары бір досымның шығарған өлеңі еді.
Тағат тауып, сезімді сан ұрлаған,
Толқындай тербеледі тамырда қан.
Ақ тілек ақтарайық ғашықтарға
Қаздай қалқып, аққудай мамырлаған.
Өте жақсы демеймін. Алайда, тілекті осылай өлеңдетіп бастағанның әсері күшті тәрізді.
Пы.Сы. Бұрындары Жаркент жақта пост болатын. Яғни, арнайы шақырту болмаса, қалаға кіргізбейтін. Кейін бұны алып тастаған. Бірақ біз барған күндері екі жерде құжаттырымызды тексерді. Себебі маған құпия. Жергілікті адамдардан сұрасам, “ұлтаралық мәселе тағы да бой көтере бастады. Соны шешудің амалы” дейді. Бірақ бұл жолмен қалай шешпек? Бірісі, қытайдан біреулер өтіп кетіпті. Соларға қарсы ұйымдастырылған шара десе, енді бірі Елбасы осы өңірге келеді екен. Соған дайындық дегенді айтты. Жұрт білмейді. Бір білгенім, Жаркент жаққа жолың түсетін болса, куәлікті жан қалтаңнан тастамау керек екен.





Қазан 6, 2009 at 11:35
Асхат, осылай тойларға барып жүре бересің бе? Бір рет жұрт саған барсын да? Айналаны қойшы, блогосфераның өзінде қаншама тамаша қыздар толып жатыр. Обал емес пе?
Қазан 6, 2009 at 11:52
araksyz toi degen keremet dunie… jalpy paidasyz susynsyz ak otkizip jatkan dostarymnyn aituynwa ondai toilar keremet otedi eken… ewkim uryspaidy, tobelespeidi, toidyn sonynda maz konilderimen tarkasady eken…
Wanyraktary biik bolsyn jastardyn
Қазан 6, 2009 at 11:57
Сондай тойға сынау үшін келетіндер бар. Ертесіне “тойда арақ болмады” деп бұрқылдап отырады
Қазан 6, 2009 at 12:06
Кейде тойға тойып баратындар да болады екен.
Қазан 6, 2009 at 11:54
Өлтірдің, Аршат!
Қазан 6, 2009 at 11:55
Аршат ұзын әңгіменің қысқасын келтіріпті. Мен болсам астарлап жеткізгелі отырсам
Тойлардың арақсыз өткені жақсы ғой. Сонда тойға барғанын ұмытпайды адамдар. А то …
Қазан 6, 2009 at 11:59
Дұрыс қой. Жанашырлықпен айтылып жатыр не де болса.
Қазан 7, 2009 at 15:35
Қызым саған айтам, келінім сен тыңда деген сөз бар сияқты еді Аңсар?..
Қазан 6, 2009 at 12:16
АЛЛА бақыттарын ұзағынан сүйіндірсін!!! Биыл расында да той көп, шүкір АЛЛАға! Қарашаның аяғында екеуі күтіп тұр, ИНШАЛЛАХ! Үйлену жылы болса керек
Қазан 6, 2009 at 13:05
Иә, той көп болсын
негізі ораза деп кейінге ысырғандардың тойлары осылай жиналып қалады ғой
Қазан 12, 2009 at 12:18
Бізде де сол, тойдан – тойға шапқылап жүрген… ))
Қазан 13, 2009 at 12:58
Біріне бармай қалсаң, екіншісі өкпелейді. Десе де жөні түзу тілек жаттай алмай, әлек болып жүрмін.