Archive for Қазан, 2009

Жеті жарымда отырған автобустан сегіз жарымда түсіп, күзгі ызғар кеудеңді толтырғанда өз-өзіңнен бойыңды қуаныш кернейді екен. “Автобустағы “сұмдықтан” құтылуыңмен!” деп көшедегі тал-теректер де бас изейді. Бүгінгі көңіл-күйімді ешкімге де бұзғызғым келмейді. Мерекелеріңмен, бауырлар! Кеше ғана биылғы жылдың соңына дейін 3G қызметі іске қосылатыны белгілі болды. Бірақ бұл жиіліктің енгізілуі әскери саламен де тығыз байланыста. Қалтафоныңыз [...]

Жолай екі газет сатып алдым. Алғашқы бетінде Астананың қоқысына лақтырылған Керей мен Жәнібек ескерткіші тұратын болар деп ойлағанмын. Қателесіппін. Бірі Тоқаевтың сапарын, екіншісі президенті жазыпты. Бізде қазақ баспасөзінде ұлттық мәселені айғайламай, ұрандамай, нәзік жолмен жеткізу деген жазылмаған ереже бар тәрізді. Бұл әрине дұрыс қой. Бірақ қазір ақпараттың дені бір құрылтайшыға қараған соң, әуенге де солар [...]

Twitter-дегі ең алғашқы ізшіңізді тапқыңыз келсе, мынаны түртіңіз. О, Тоба! Мені бірінші күннен бері Арсик аңдып жүр екен Рахмет, Арсенал!!!

Beeline USB модем қызметін ұсынғаны күні кеше еді, “Қазақтелеком” да енді флэшка арқылы кез келген жерден әлемторға қосылу қызметін жарнамалауда. Beeline-да бұл қызмет, яғни USB модем 10 000 теңге тұрса, Қазақтелекомда бұл 15 000 теңге тұрады.

Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): “Аллаһ тағалаға шынайы тәуекел еткендеріңде, Ол сендерді құстарды ризықтандырғандай ризықтандырар еді. Құстар таңертең ұяларынан аш кетiп, кешке ұяларына тоқ болып оралады.” (Тирмизи, Зүһд, 33) P.S. Жұма күнгі құлшылықтарыңыз қабыл болсын!

Яndex.kz келді. “Салам” деді. Біздің нарыққа да сынамалап еніп жатыр. Енді mail.ru да келетін шығар. Бірақ ол баяғыда келіп қойды ғой. WordPress.com блогтары не себепті Алматы қаласындағы кейбір мекемелерде ашылмайтынын түсінбей жүрмін. Бірте-бірте өшірмекші ме, әлде басқа ойлары бар ма? Google.kz қазақша сөздерді іздегенде балама ұсынатын болыпты. Дэвидтің бір семинарына қатыстым. Қатты ауырып қалыпты. Түрі [...]

Find a mistake – 17

Find a mistake – 17

Өткенде бір сөзінде Әлия “Матрица” бағдарламасы келіп, сюжет түсіріп кетті деп еді. Әлгінде сол сюжетті де көрудің сәті түсті. Жарайсың, Әлия!

Таңертең ұйықтап қалмайын деп, сақ жатқанмын. Сағат онда тренинг басталатынын білемін ғой. Сегіздер шамасында Мұхтар хабарласты. Атып тұрдым. “Осылай да, осылай, тренеріміз ауырып қалды. Елшілік атынан бәрінен кешірім сұрап, хабарласып жатырмыз” деді. “Хайырлысы!” дедім. Басқа не дейміз?! Нәсіп етсе, басқа бір жолы кездесіп те қалармыз.

…лаймыз!

…лаймыз!





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers