Archive for Тамыз, 2009

Біздің үйдің күзетшісі өткенде үйдің ауласына ту қадап қойды. Әдемі желбіреп тұр. Малайзияның тәуелсіздігіне біздің үй де осылай құрмет көрсетті. Көшенің барлығы тумен безендірілген. Сондай ақ қалалық таксилердің бәрі де төбелерінде кішкентай ту желп-желп етеді. Рамазан айы болғандықтан Тәуелсіздік күнін дүркіретіп думандатпайды екен. Есесіне Хари Раяға (Ораза айтқа) дайындық күшті. Малайзияның ең алғашқы астанасы – [...]

Турист болсаң қаланы жаяу аралағаннан артығы жоқ екен. Осы мешітті іздегенде соны ұқтым. Картадан, интернеттен қарасам тым қашықта тәрізді көрінген. Сөйтсем, мен тұрған жерден бар болғаны екі станцияда ғана екен. Мешіт орналасқан станция да Masjid Jamek деп аталады. Өткенде осы бір мешітті арнайы іздеп барғанмын. Куала Лумпурдағы ең көне мешіт екен. Биылғы жылы бұл мешітке [...]

“Күн ыстық шығар. Оразаны қалай ұстап жүрсің?” деп, достарым сұрап қояды. Куала Лумпурда күн ыстығы, ыстық. Бірақ оразаны дұрыс реттей білген соң, қиындығы еш білінбейді. Малайзияда күн ыстық болғанымен, Қазақстанда күн ұзағырақ. Сондықтан елде жүрген бауырларыма Аллаһ Тағала сабыр берсін деймін.   Кеше қызық болды. Ауыз ашатын бір кафені таптық. Иесі  араб екен. Отбасылық бизнес [...]

Islamic Greeting Cards by Alhabib

Қасымызға палестиналық Мұса есімді бала келіп орналасты. Осы пәтерде өзгелерден ең ұзақ тұрып келе жатқан “ақсақал” болғандықтан, үйдің ішкі ережелерін таныстырумен қатар, қаланың кейбір тұстарын да көрсететін әдетім бар. Мәселен, арзан тамақ қайда бар, қай станциядан түсіп, қайда бару керек деген тәрізді. Мұсаны Ұлттық мешітке ертіп апарғанмын. Бұлар Ұлттық мешітті “Нигара масджид” деп атайды. Туристер [...]

Ашық кеңістікте жалғыз қалудан қорқатын жандар бар. Бірақ мен ондайлардан емеспін. Мешіт ішіндегі кеңістікті, мүлгіген тыныштықты жақсы көремін. Малайзиядағы ең үлкен мешіттің бірі Путраджаядағысы деп ойлап жүргенмін, кеше көрші түрік Ешреф: “Көк мешітке баралық!” дейді. Интернеттен көріпті. Шаһ Аламда деген соң: “Барсақ, баралық” деп, бүгін таңертең сол жаққа жиналдық.

RU OK? – Are you OK? – Қалайсың? Y NY? – Yes and you? – Шүкір. Өзің? OK CU2DAY? – OK. See you today? – Біз де. Бүгін кездесеміз бе? NO 2MORO WER? – No. Tomorrow. Where? – Жоқ, ертең. Бірақ қай жерде?

Малайзияға келіп, тамағына үйренісе алмай жүргенде осы бір тамақты жеп, жан сақтағаным бар. Сорпасы кәдімгі еттен кейінгі сорпадан кем емес болып шықты. Әрі салаты мен сорпасы тегін беріледі екен. Тамақтың аты Бериани Ләмб (Қозының еті берияни атты күріштің түрімен бірге беріледі). Ет баяу отқа баптап қайнатылады, ал беряни күрішінің түсінде, әрі дәмінде ерекшелігі бар. Аспазшылар [...]

Genting  Highland салқын деп ескерткен еді. 25 градус деген кезде, ойланбастан: “минус па?” деппін Сөйтсем, “+” екен. Ауасы шынымен де жақсы. Куала Лумпурдағыдай ылғал емес. Кісі қарасы көп. Ең үлкен төбенің үстіне әдімілеп тұрып, қонақ үйлер, ойынханалар мен аттракциондарды салған екен. Skydiving-де өзге қазақ балалар ұшырасты. Кешке дейін солармен бірге болдым. Алматының Көктөбесіндегідей арқан жолмен [...]





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers