Көбейейік

Төменде не бар екен, ә?

Апай, қашан келед? Қарным ашты... 

Қанекей, ұлдар оң қолымды, қыздар сол қолымды ұстаңдар!

Таңертеңгі ұйқымды қалтафонға жеткен хат оятты. “Сүйінші! Інілі болдың!” деген ағамның қуанышы екен. Қазақстанда шамасы қазір сағат сегіз болар деп шамаладым. Қасиетті айлардың бірінде дүниеге келген екен. “Есімін кім деп қояды?” деп төсектен еріне тұрдым…  “Дінмұхаммед, Сағидолла” деп қоймас. Бәлкім, атасы мен әжесі еркелетуге ыңғайлы болатындай есімінің соңына -контай, –кош жұрнағын жалғайтын бір ат қояр. Хмм, інілі болдым. Дұрысы, көке боларлық жауапкершілігім еселей түсті деген сөз. Әлгі бір банктің жарнамасы қалай еді. “Көбейіп келеміз” бе еді. Солай ғой деймін. Қос қолын екі жаққа керіп, зауыттың ішінде жүретін әртіс бар еді ғой.

Басқа жақта қалай екенін білмеймін, бірақ біздің ауылға барғанда бір байқайтыным бір үйде шай ішіп болған соң біздікілер: “Ал кеттік!” демейді. Әкем үнемі: “Көбейейік!” дейді. Әжем де солай. Бұрын бұған мән бермедім бе, алғаш естігенде күлкім келіп кетті. Кейін мәнісін ұққандай болдым. Ағам да ұққан тәрізді.

Пы.Сы. Дүкенге барып, ініме тағы бір сыйлық алып қою керек.


  1. Bauy berik bolsyN! Kazaktyn kara domalaktary kobeie bersin!

  2. Рахмет, Бәке! Сендерге де “көбейейік” деп айта ма? :)

  3. Kөбейейік!

    Kutty bolsyn! Bauy berik bolsyn! Sende “көбейейік”-ke ulesingdi kossangshy!

  4. Бауы берік болсын)
    Өскенде жақсы серік болсын))

  5. Оһо, мұнша көп құттықтау ағылады деп ойламадым. Рахмет, достар!!!

  6. құттықтайм. менің де апам (әпкем)) кеше балалы болды

  7. Асхат, інілеріңе көрсетер сенде ағалық ізет болса, оларда да құрмет көрсетерлік сана болсын! Қайда жүрсең түгел жүр, сау бас бол!

  8. Бауы берік болсын!

    суреттер күшті екен! Бір фотоблог ашпайсың ба…

    қай мектептің балалары?

  9. 12aikon1986

    ООО бауы берик болсын ! Үлкен азамат болсын!!!

  10. Бауы берік болсын!

  11. Арғын қыз

    Үлкееен азамат болсын! (Қандай атқа ие болғанын жазуды ұмытпа)

  12. ainameken

    АЛЛАның сүйікті құлы, Қазақтың сүйікті ұлы болсын!

  13. zhanbolat

    інілеріңіз көбейе берсін =)

  14. Ағайын, інімнің есімін Елжас деп қойыпты :)

  15. Konil Ashar

    ініңнің бауы берік болсын!
    суреттеп сүйкімді екен:)

  16. Anar

    surette kishkene kizdar suikimdi:)
    Ininnin baui berik bolsin!




Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s



Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,201 other followers