Келгенде жаз еді. Төрт ай болды. Әлі де жапырақтар жап-жасыл. Көшеде жүрген сайын “Осылар қашан сарғайып, күз келіп, қыс түсіп, көктем келеді екен” деп ойлайтын болдым. Өткенде Ко Тың Зиға “Өмірімде алғаш рет көктемімді жоғалтып алдым” деп едім, аузы ашылып қалды.
Қалың қардың астынан иіліп шыққан бәйшешекті, ағаштың бүр жарып, айналаны жұпар иіске бөлегенін, қырдың сұлу қызғалдақтарының құлпырғанын көрмеген малайлық досыма көктемде табиғатпен бірге қыз бен жігіттердің де бойында сезімдер бүршік жара бастайтынын түсіндіре алмай-ақ қойдым…
Қазір қасыма либиялық Мұхаммед көшіп келді. Жасы отызға жақындап қалды. Либияның бір ауылдық жерінен. Әкесі түске дейін мектепте математикадан сабақ береді, түстен кейін мешіттің азаншысы. Мемлекеті Мұхаммедті ұмытпай, ай сайын 1200 АҚШ доллары көлемінде стипендия жіберіп тұрады. Сол ақшаға барып, елінде жоқ бургерді жеп, кинотеатрға барады. Оның әңгімесін тыңдаған сайын: “Олләәәә!” демеске лажым жоқ. Осы жасқа дейін ешқашан басы ашық әйелдердің арасында болып көрмепті. Тек теледидардан орамалсыз жүрген қыздарды көргенін айтады. Компьютерден ағамның тойындағы суреттерді көрсетіп едім (ағам мен жеңгемнің мешітте неке қиып жатқаны, той үстіндегі суреттер т.с.с ): “харам, харам, харам!” деп күбірлеп отыр. Оның суреттерінен тек үйлерді, даланы, сосын мешіт ішінде әңгімелесіп отырған, құран оқып отырған еркектерді ғана көресің…
Мен табиғатымыз ғана әртүрлі деп ойлайтынмын. Әртүрліміз. Қызық. Бізді әртүрлі етіп жаратқан Аллаһ тағала қандай шебер десеңші!
Айтпақшы, өткен жолы біздің корпуста оқитын бір бала H1N1 вирусын жұқтырды деп едім ғой. Баланікі жай тұмау болып шықты. Дәрігерлер осы аптада ғана анықтапты





Шілде 2, 2009 at 18:45
Ол көктем оралады, Асхат
Мұхаммед “харам, харам,харам” деп біздің қазақтардан шошынған екен ғой…
Шілде 2, 2009 at 21:17
Қазақтардан емес, суреттегі әдемі қыздардан “легкий шок” алды ғой деймін
Бір анек: Мұсылман елдерінен келген кейбір достарым фейсбуктағы достарымның суреттерін көріп: “Мұнша сұлу қыздармен қайдан танысып жүрсің” деп сұрап жүргенін жасыра алмаймын, Баян
Шілде 2, 2009 at 22:31
Асхат, сіздің фейсбуктағы таныс қыздарыңыз мына сөздеріңізді комплимент деп қабылдап, Мұхамедтің “харам, харам” дегенін құлақтарына ілмей кететін шығар
Шілде 2, 2009 at 22:44
Әбден мүмкін, Баян!
Бір анек айтайын: Куала-Лумпурға Ресейде туып-өскен қазақ қыз ағылшын тілін үйрену үшін келгенде әужейда оны ұстап қалыпты. Әңгімелесу барысында одан: “Мұсылмансың ба?” деп сұрапты. Қыз:”Иә” десе, “Үстіндегі киімің не?” деген екен…
Шілде 2, 2009 at 22:51
Қатты мән береді ия сонда киімге …(: Енді, ол құрбымыз сонша қатты ашық-шашық киінбеген шығар…тек олардың өлшемімен “харам” көрінген болуы да мүмкін ғой…
Шілде 2, 2009 at 21:27
“харам, харам, харам!”
1200 АҚШ доллары көлемінде стипендия жіберіп тұрады. Сол ақшаға барып, елінде жоқ бургерді жеп, кинотеатрға барады.
Kinoteatrlarda da bar goi ondailar. Älde, Halal kino bar ma eken kazir?
Шілде 2, 2009 at 21:35
Сауд Арабияда кинотеатр жоқ дегенге сену қиын екенін білемін, Ансар
Біреу болыпты, оны ашылғаннан кейін, келесі күні жауып тастаған.
Мұхаммед Либияның түпкі бір ауылынан… Ауылдың баласы!
Шілде 2, 2009 at 22:20
urimtal,әр елдің салты басқа деген осы да….
Ал көктем келмеді деп налыма,көктем жүректе болса болды…
Шілде 2, 2009 at 22:29
Оныңыз рас, bahtgul65!
Шілде 3, 2009 at 08:44
Менің бір таныс қызымда көктемді аңсайды, басқаларын менсінбейтіндей, мен айтам, қыс деген керемет қой, қыс болмаса көктем қайдан деп) көктемің келед асықпа, әлі талай көктеми келеді)
Ко Тың Зиға ауылда мал бақтырып қойса мүмкін бәрін түсініер меді)))) булда анек!
Шілде 3, 2009 at 12:39
… Ақыры, Фейсбугыңда небір сұлулар бар екен… “көктемде табиғатпен бірге қыз бен жігіттердің де бойында сезімдер бүршік жара бастайтынын” біледі екенсің ақыры… Сен бізді жаңсақ түйсіктерге ұрындырма. Әйтеуір сол көктем бір сұлу. Фейсбугыңда көп сұлу… Айналаңдағы жай сұлу.. Еліңде күткен Айсұлу… Өмірлер өрнектеледі. Өр оюларын…
Шілде 3, 2009 at 12:49
Шілде 3, 2009 at 15:55
бәрінен де тұмау мәселесі шешілгені жақсы болды
Шілде 3, 2009 at 16:41
Ко Тын неғып түсінгісі келмейді, әлде қыз бен жігіттің арасындағы махаббатқа сенімі аз ба?
Шілде 3, 2009 at 19:35
Ол көктемді ешқашан көрмеген.
Шілде 4, 2009 at 00:59
Еһ, Ко Тын, Ко Тын…
Шілде 7, 2009 at 13:29
Алматыда ағаштардың жапырақтары ақырындап сарғая бастады. Күз келе жатыр. Күз көктемді шақыру үшін келеді. Сіз келгенше дала гүлдеп, қар еріп, бар сұлулық жарқырай түседі, ИНШАЛЛАХ!
…
Шілде 10, 2009 at 10:28
Сізді қайдам көрдім десем, FAcebook екен ғой!
“Жас қазақ” газеті азаматтықтарға алғысын білдіреді деген арнайы форумды ашқансыз!
Негізі Алматыда да биыл көктем ерекше жаңбырлы болды!