Archive for Шілде, 2009

Islamic Greeting Card

Islamic Greeting Cards by Alhabib

Going to jungle

Қазір Малайзияда “Араб маусымы” болып жатыр. Бұл екі-үш айға созылады. Дәл осы уақыт аралығында Араб елдерінен келіп демалушылар саны күрт артатындықтан жергілікті халық осы уақытты “arab season” деп атайды. Мұсылман елдерінен туристердің көп келуінің басты себебі, бұл уақытта олардың елдері өте ыстық болады екен, әрі осы уақытта мектептерді оқушыларға демалыс бергендіктен, күллі отбасымен Малайзияда қыдырады-мыс,

Көбейейік

  Таңертеңгі ұйқымды қалтафонға жеткен хат оятты. “Сүйінші! Інілі болдың!” деген ағамның қуанышы екен. Қазақстанда шамасы қазір сағат сегіз болар деп шамаладым. Қасиетті айлардың бірінде дүниеге келген екен. “Есімін кім деп қояды?” деп төсектен еріне тұрдым…  “Дінмұхаммед, Сағидолла” деп қоймас. Бәлкім, атасы мен әжесі еркелетуге ыңғайлы болатындай есімінің соңына -контай, –кош жұрнағын жалғайтын бір ат [...]

Біздің ауылда кісі қайтыс болғанын естісе: “иманды болсын!”, яки “Арты қайырлы болсын!” дейтін. Нұрғисаға деген сенімім зор болған күннің өзінде соңғы жазбасының дереккөзі болмаған соң, секем алып отыр едім. Жаңа ғана Интерфакстан (орысшасы) хабар жетті. Әріптес болған, жүзтаныс Руслан Бөлебай көлік апатының салдарынан ауруханаға жеткізіліпті (Алматы ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының мәліметі бойынша) … [...]

Былтыр Жомарт, Жандос үшеуміз Оразаға байланысты арнайы блог жүргізген едік. Мақсатымыз Рамазан айына қатысты қолда бар деректерді бір ресурс айналысында топтастырып, іздеген адамға ыңғайлы жағдай тудыру еді. Әрі үш адам бір жобаны қолға алған кезде бір-бірімізден үйренеріміз де көп болатыны сөзсіз. Сосын бұл жобаны аз ғана уақытты қажет ететін. Биыл да осы ісімізді жалғастырмақ едік. [...]

Эстафетаны Баяннан қабыл алдық. Сонымен: Виртуалды өмірім пайда болды “Клаваға” қарамай әріп теруді үйрендім Дүниенің түкпір-түкпірінен достар таптым Біреудің күліп тұрғанын көрсем, смайликтің қайсысын қолдануға болатынын ойлаймын Теледидарды аз көріп, газет-журналды қолға аз ұстайтын болдым Эстафетаны салтанатты түрде Нұрғисаға табыстаймын!  

Сезімсіз сөйлейтін адамды көрдің бе? Мен көрдім. Аузынан сөз шығып, көзі күлімдегенімен… жылу жоқ. Ызғар да жоқ. Сондай адамдармен неге ғана араласады екенмін???? Мәжбүрмін. ***

ELS-те сабақ берген америкалық Эрик есімді оқытушым (төмендегі суретте): “Алдағы айда Қазақстаннан он беске жуық оқушы келмекші. Асхат, олармен қалай қарым-қатынас жасауым керек?” демесі бар ма. Бұған дейін қазақ балалармен жұмыс істеп көрмеген Эриктің қаупін түсіну оңай. Себебі біздің өзіміз мындағы араб, қытай, жапон, т.б. студенттерден айырмашылықтарымыз бар. Сөйтіп, мен оған “оқушылар тым қатты сынап, [...]





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers