“Қазақстан Бүгін” агенттігі төмендегідей ақпарат таратты:
Президент бір мезгілде 5000 адам мінәжат ете алатын мешіттің макеттерімен танысты.
Рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы мешіт құрылысын Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен "Қазақ Елі" монументінің жанынан салу жөніндегі шешімнің кездейсоқ еместігін атап өтті. Өйткені, бұл рухани байлықты, елдің ұлы тарихы мен халықтар бірлігін айқындайтын Астананың айшықты әрі сәулетті ғимараттарының бірі болмақ.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша жаңа мешітті "Хазрет Сұлтан" деп атау ұйғарылды. Оны ұзындығы 91 метр болатын төрт мұнара айналдырып тұрады. Ғимаратта дәрет алу және неке қию жораларына арналған орынжайлар, Құран оқитын бөлмелер мен оқу-ағартушылық топтарға арналған залдар орналасады. Осы орасан зор ғимарат барлық қазіргі заман талаптарына сай келеді. Мешіт құрылысы таяу арада басталмақ.





Маусым 30, 2009 at 19:42
“Хазрет Сұлтан” ne degen magyna beredi?
Маусым 30, 2009 at 19:48
Маусым 30, 2009 at 21:24
Сұлтан Бейбарыстың атына шығар
әлде НҰР астана, хазрет СҰЛТАН ба ?
Маусым 30, 2009 at 22:19
Сұлтан деген де Хазіреті деген де адамның дәрежесін білдірмей ме?
Сұлтан Бейбарыс болса, онда Бейбарыс дегенін тастауға болмайды. Есімі ғой ол.
Маусым 30, 2009 at 22:26
Әрине, бұл атауды қоюды кім ұйғарғаны әзір маған белгісіз. Десе де еш қарсылығым жоқ.
Мешіт қалаға көрік беру мақсатында емес, Астананың иманын күшейту үшін қызмет етіп тұрса деген тілек бар. Мешітке белгілі бір есім беру кейбір жерлерде дұрыс емес деп жатады. Менің білетінім, ел аузында жүрген танымал мешіттерге есімді тарихтың өзі қойып кеткен. Ешкім ұйғарып, шешім шығармаған.
Астанада НұрАстана мешіті бар, ендігісі ХазіретСұлтан болып жатса, таңқалудың еш қажеті жоқ сияқты…
Маусым 30, 2009 at 22:40
менің де қарсылығым жоқ
өте әдемі ат
Маусым 30, 2009 at 22:43
Айтпақшы, бағана бір сайттан макетінің суретін көріп едім, сонша ұсқынсыз емес тәрізді. ЖЖ-дағы блогшылар өткенде қасақана жақыннан түсірген бір суретті жариялап жіберген болар деген ой келіп отыр. Макетінің суретін тауып жатсаң, салып жібересің бе?
Маусым 30, 2009 at 23:24
көрген суретіңіз мынандай ма?
http://www.bnews.kz/main/economics/glava-gosudarstva-zalozhil-pamyatnuyu-kapsulu-na-meste-stroitelstva-sobornoj-mecheti-astany/
көзге үйреншікті емес кішкене… )
Маусым 30, 2009 at 23:29
Иә, осы макет бірақ басқа қырынан түсірілген еді. Кім салатыны, дизайның авторы кім екені әзір белгісіз тәрізді. Әлде ТВ-дан айтып жатыр ма? Оразаға қарай енді айтылып қалатын болар.
Маусым 30, 2009 at 23:34
Қалдықыз әпкеміздің айтуы бойынша КАЗГОР салатын болу керек:
http://massagan.com/forum.php?mod=viewtopic&topicid=1322&postid=54826#54799
Шілде 1, 2009 at 01:00
Қалдықыз әпкемізге үлкен рахмет!
Шілде 1, 2009 at 01:33
КазГОР жобалау жұмыстарын ұтып алған екен. Ал құрылысты жүргізушілер кімдер болмақ? Меніңше, улкен мешіт болса, отындық құрылыс компаниялары сала қомас. Бірақ, мешітке қарағанда басқаға көп ұқсаса, салуы ғажап емес.
Малай елінде қалай мешіт құрылысын жүргізу жағы?
Шілде 1, 2009 at 09:06
Post kenestik elderde ozinin musylman ekenin ar jerde aityp jurgen jalgyz bashshy Nursultan-au deimin.
Шілде 2, 2009 at 16:08
Өзбектер мен қателеспесем, түрікмендерде де айтулы ғибадат орындары бар сияқты. Бұл қалыпты жоба. Елден ерек болу емес, Асеке, өзің демекші, иманның күшеюіне оң ықпал етсе мақұл. Солай болмақ та, инш.
Шілде 2, 2009 at 21:33
Солай болса екен деп тілеймін, Нұреке! Үнсіз қалмағаныңа рахмет!
Қазан 18, 2009 at 10:14
Астананың қақ төрінде мешіт….жастар әр кун некесін сонда қыйдырып жатыр….Орталық алаңға барғандар еріксіз көзіңе мешітке тұседі ….иә біз мұсылман елміз!оо тәуба?