Archive for Маусым, 2009
“Қазақстан Бүгін” агенттігі төмендегідей ақпарат таратты: Президент бір мезгілде 5000 адам мінәжат ете алатын мешіттің макеттерімен танысты. Рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген мемлекет басшысы мешіт құрылысын Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен "Қазақ Елі" монументінің жанынан салу жөніндегі шешімнің кездейсоқ еместігін атап өтті. Өйткені, бұл рухани байлықты, елдің ұлы тарихы мен халықтар бірлігін айқындайтын Астананың [...]
Өткенде мен оқып жүрген корпуста бір бала H1N1 вирусын жұқтырғаны анықталды. Сол күнгі студенттердің көңіл-күйін бақылау қызық болды. Сабақта біреу түшкіріп қалса, бәрі есікке қарай қаша жөнеледі. Онымен ешкім амандаспауға тырысады. Бәрі сырттай күлімсірегенмен іштей қашқақтап тұрады.
Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): “Ережеп (Раджаб) айының бірінші күнінде ораза ұстау үш жылдық, екінші күні ораза ұстау екі жылдық және үшінші күні ораза ұстау бір жылдық кіші күнәларға кешірім болады. Одан кейінгі әр күн бір айлық кіші күнәларға кешірім болады.” (Жәмиу-с сағир) Бүгін Ережеп айының 1-ші жұлдызы.
Оразаға да аз уақыт қалды. Дайындалу керек.
ЖЖ-дағы блогшылар Астанада 5 мың адамға арналған осындай мешіт салынады депті. Суретті қараған сәтте-ақ Малайзиядағы мешіттер есіме оралды. Меніңше, біздерге мешіт салғанда әр елдің стилін көшіргенше (татар, иран, араб, түрік, малай) өзіміздің стилді қалыптастырған дұрыс сияқты. Пы.Сы. Бір жерде осы мешіт қарапайым болуы керек деген хадис бар ғой деймін. Біліп жатсаң, есіме түсіріп жіберші.
Көңілдің бұздым қамалын, Қапаның таппай амалын… Сағындым туған өлкемнің Еркелей ескен самалын!!! (өрімтал)
Бұған дейін қалтафоннан блог жүргізу жайлы айтып өткен болатынмын. WP бұл істі одан да оңайлатыпты.[eng] Өз кезегінде біреуге пайдалы болар деген оймен, қалтафоннан блогқа аралда жүрсеңіз де, суретті қалай жолдауға болатынымен бөліскім келіп отыр. Бірден айтайын бір суреттің құны қай елдің операторы болса да 15-20 теңге айналасында болуы тиіс. (Active, DG сондай кететінін білемін). Десе [...]
Панкор аралындағы әдемілікті тілмен айтып жеткізу қиын. Екі түн, үш күн қас қағым сәттей өте шыққандай. Теңіздің тұзды суы, алтындай сусыған құмдары мен мүлгіген жасыл тыныштығына астасқан көк аспан астындағы алаңсыз күндер де өмірімде болады екен. Әлһамдулиллаһ! Суреттер өзі-ақ сөйлесін… Ко Тың Зи: “Досымның анасының турфирмасы бар, бізге арзан бағамен аралға тур ұйымдастыра алады” дегенде [...]
Greeting from Pangkor Island! Pangkor araly… 3 kun demalys!
VideoPress.com видеопорталы ашылды: WordPress.com өзінің Videopress деген видеопорталын іске қосты. E-mail арқылы пікір келгенін хабарлау жетілдірілді: Байқаған боларсыздар, қазір блогқа пікір қалдырғанда оның жауаптарын пошта арқылы бақылап отыруға болады. Әрі жекелеген пікірқалдырушылармен жеке пікірлесу мүмкіндігі бар. Пікірлерді іздеу: Wordpres.com блогтарына әрбір секунд сайын пікір қалдырылады екен. Блогтұғырды әзірлегендердің бірі April Wrap-Up-та 8.6 млн. пікір қалдырылғанын [...]








