Алдағы аптада көптеген достарым елдеріне қайтпақшы. Екі-үш айдың ішінде бір үйдің баласындай болып, бәріміз бір-бірімізге бауыр басып қалыппыз. Алғашқы күндердегі стереотиптер жойылған. Қоштасу кешімізде алғаш рет біздің әңгімеміз “Біздің елде мынандай, мынау біздің дәстүріміз, біз мына сөзді былай айтамыз, Малайзиядағы маған мына нәрсе ұнады, менің тілімде мен сені жақсы көремін деген сөз былай айтылады” деген тақырыптар төңірегінде өрбімеді.

Не айтқаным есімде жоқ, достарым Гавай биін билегелі жатыр

Кеше бір-бірімізбен қазақ, қытай, араб, иран, индонезиялық, судандық, либиялық т.с.с деп емес, ең адал достар ретінде сырластық. Себебі соңғы сәтте сағыныш пен арман, белгісіз болашақтың қиындықтары деген нәрсе ұлтқа бөлінбейтінін, әрқайсымызға да тым жақын екенін бәрі еді анық ұқты.

Тинго, Шейда, Анжела, Иуан, Нина, Біләл, Рашат, Моатасим, Зияд

Әрі бұдан соң енді қашан көресетініміз бір Аллаһқа ғана аян. Әлемнің бір шетінде саясаткерлер соғыс ашып, бір-бірімен түсінісе алмай жатқанда Малайзияның бір кафесінде әртүрлі ұлттың жастары асқақ армандарының орындалуына тілекші болып, кіршіксіз алғыстарын білдіріп жатты.

Бір аяғымызды көтеріп тұрсақ, шеңбер ішіне бәріміз де сиямыз


  1. ansarphotos

    Сіз де елге келесіз бе,әлде, ары қарай жалғастырасыз ба?

  2. ainameken

    Қоштасу қашанда қиын ғой… Қоштасу, сағыну, жақсы көру сынды сезімдерді жақсы түсінемін (деп ойлаймын). Ең бастысы – сол достарға АЛЛА амандық беріп, жүректеріне мөр баспасын деп тілейік!

  3. Жалғастырмақпын.

  4. ааа, енді не мереке екенін түсіндім. интернациональный мереке екен ;)

  5. Мен де жаңа түсіндім. :)
    Билеп жатқан суреттер ұнады маған…

  6. akzere

    Суреттерден сондай жылулық беріліп тұр… :-) Адамның күні – адаммен деген осы ғой…

  7. Ақбөкен

    Іштеріндегі ең сұлуы біздің ағамыз екен:-)

  8. 12aikon1986

    Иә жақсы дос болып кетіпсіздер. Қызығып кеттім.

  9. Ішіндегі ең аппағы біздің Асхатжан екен :) ең бірінші сүгіретте… Біреуге зекіп ұрсып, жұдырық сермеп тұр ма екен дейін десем, оным қате боп шығарын біліп отырмын. Екіншіде бәрі текенің мүйізін айқастырыпты. Үшіншіде де… Текелер… Аяқ айқастырған.
    Теке жақсы мал.

  10. Әзіл ғой, сөге көрмеңіздер. Асхатқа зор бап пен мықты зейін тілейік!

  11. Фейсбукта суреттердің толық нұсқасы бар. Толық фоторепортаж дегенім ғой.
    Шынымен де пешенемен дүниенің әртүкпірінде туған жандармен бірге араласу жазылады деп кім ойлаған. Бұған дейін әлемнің жиырма шақты елінде танысым бар еді, енді бұл тізім одан да ұзарған тәрізді. Дүние кішірейіп бара жатыр деп кім айтып еді… рас айтқан екен!

  12. Асхатжан! шынымды айтсам, со жақта бір сұлуға өте ғашық болып, ауылға келін алып келеді деп ойлаған едім. сүт қатқан шәй беретін.

  13. Айко

    сіздің жолды бізге берсін :)
    сз сондай сұлу бов тұрсз :)

  14. Мен келін деген бір нәрсені естігендей боп қалдым ба? …

  15. Сәкеннің сөзінен соң періштелер Аршаттың баласының есімін айтқан болса, әжем мені үйден қуып шығатын шығар :)

  16. Anar

    Ashat, keremet!! Men de dal sondai sezimdi bastan keshirgendei bolip otirmin…




Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s



Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,201 other followers