Archive for Мамыр, 2009

Алдағы аптада көптеген достарым елдеріне қайтпақшы. Екі-үш айдың ішінде бір үйдің баласындай болып, бәріміз бір-бірімізге бауыр басып қалыппыз. Алғашқы күндердегі стереотиптер жойылған. Қоштасу кешімізде алғаш рет біздің әңгімеміз “Біздің елде мынандай, мынау біздің дәстүріміз, біз мына сөзді былай айтамыз, Малайзиядағы маған мына нәрсе ұнады, менің тілімде мен сені жақсы көремін деген сөз былай айтылады” деген [...]

Былтыр Аршаттың қолынан шыққан (Нұрғиса оны мазмұнмен байытқан) блог ең үздік атанғаны естеріңде болар.  Биыл да Аршат керемет дүние жасап шығарды. Қазнеттегі сайттардың мінез-құлқын анықтауға болады. Қазинет деп аталатын арнайы бағдарлама сайт, блогтың оқырмандарының санын көрсетеді (Блогымның оң жақ бағанында тұрған төртбұрышты жасыл түйме). Тек, әзірге санын ғана. Алдағы уақытта қай қаладан, сағат нешеде, қай [...]

Іздегіш өзіне ат іздеп жүр. Көргенің бар ма? Көзіңе шалынып жатса, төмендегі поштаға хабарласарсың. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті KazNet сегментін дамыту шеңберінде ұлттық іздеу жүйесін құруды жоспарлайтынын хабарлады. Іздегіш қоғамға бағдарланған. Осыған байланысты Интернет-қауымдастықтан оның атауын таңдауда жәрдемдесуін сұраймыз. Ұсыныстарды bazhaeva_n@aic.gov.kz Адресі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз Былтыр Yandex-пен бірлесіп, іздеу жүйесін [...]

Біріншіден, Еркін Нұржанға рахмет! Сол бір өлеңі бар. “Иіскейін, тиіспейін” деген. Ішінде: “Иіскетші жұртымның топырағын” деген сөздері ерекше ұнайды. Қазір де соны тыңдап отырмын. Кеше ұяттан өртенердей болдым.Фейсбукқа белорус досымнан хат келіп еді. Ішін ашсам, “мына бір сайтты тексеріп көр” деген екен. Сілтемесін ашып, мәліметтерді енгізіп едім, сайт әрі қарай ашылмады. Содан жаба салған едім. [...]

“Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры” деген тақырыпта тренинг жүргізгенде мен оның блогын мысалға келтіргенді ұнататынмын. Әлемдегі ең қарт блогшы – испниялық Мария Амелия Лопезға баласы, блогты туған күніне (27.12.2006) ашып берген еді. Содан бері қарт ананың блогына кіріп, кеңес сұраушы жасөспірімдер көбейіп кеткен. Монитордың ар жағында отырған Марияның шашына ақ кіріп, жүзін әжім шалған олар [...]

Бірнеше айға созылған дайындық кезеңінен соң, abai.kz ақпараттық порталы өз жұмысын бастады. Сайтты ашқан бетте ішіндегі ақпараттың молдығы көзді арбайды. “Мынаны оқу керек, мынаны да уақыт болғанда оқу керек” екен деп бірнеше мақаланы түртіп қойдым. Сайттың сол жақ бағанында екі азаматтың есімі аталған. Соған қарағанда сайт жұмысын белгілі журналист Дәурен Қуат пен саясаткер Айдос Сарым [...]

Eurovision ән байқауын қадағалап отырмын деген ескертуді Facebook-тағы ой-жолаққа (жаңа сөздерді аударғанды сұмдық жақсы көретін болып жүрмін) жазып қойып едім, сәлден соң: “Кімге дауыс бересің?” деген пікір келіп түсті. Ригада Перлдің үйі деген қонақүйге тоқтаған едік. Солар екен. (Негізі, ойда жоқта Ригаға барып, тоқтайтын арзандау жер іздесең, сол жерге баруға кеңес беремін. Иелері қайырымды жандар). [...]

Жұма келді

Үреймен арпалыс құшағында ояндым. Тағы да найзағай күркіреп жатыр. Петронастың ар жағы жарқ-жұрқ етіп, қара аспанды әлдекім суретке түсіріп жатқандай. Жаңбырлы маусым аяқталып, ыстық кез басталады деп еді. Қайдам. Әлі де сол жылы нөсер толастамай тұр. Қазір таң атты. Күліп ояна алмадым. Жұма келді.

Ақзере өзінің соңғы жазбаларының бірінде “Ағылшын тілін қалай үйренсем болады?” деп сауал тастаған екен. Аталған жазбаға бей-жай қарамай пікір білдіргендер саны да жетерлік. Осыған қарап-ақ ағылшын тілі мәселесі қай қайсымызды болса да айналып өтпегенін, алдымыздан кесе көлденең шыққанын көрсетіп отыр. Қазіргі нарық тұсында бір ғана біліммен қанағаттанып, кәсіби біліктілікті жетілдіру мүмкін еместігін түйсінгендер шетелде оқудың [...]

Досым екеуміз кафеде тамақтанып отыр едік. Терезенің сыртынан көшенің қақ ортасымен бір топ жүргіншілер кетіп бара жатқанын байқадық. Дені қытайлар екен. Жұма күні қытайлық оқытушымыз қара түсті киім киіп келген. Ол бұнысын билікке қарсы шығу күнімен байланыстырған. Көшедегі бір топ қауымды көріп “мүмкін бейбіт шеру болар” деген ой келді. Бірақ анықтап қарасам, кейбіреулер қолдарына шырақ [...]





Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

Join 1,103 other followers